Мамандандырылған тамақ өнімдері:
• балалардың тамақтануына;
• спортшылардың тамақтануына;
• диеталық профилактикалық немесе диеталық емдік тамақтануға;
• тұтынушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, басқа да санаттағыларға
арналуы мүмкін.
Тағам өнімдері адам ағзасында мынадай функцияларды атқарады:
• энергияға;
• қорек көзіне;
• биологиялық белсенді заттарға қажеттілігін қанағаттандырады;
• иммунитетті қалыптастыруға қатысады;
• зат алмасуды реттейді.
Көрсетілген функциялар адам ағзасында энергия көздері, организм мен ұлпалар
құру, өсіру және жаңарту, тіршілік ету процестерін реттеуге қатысатын физиологиялық
белсенді заттардың пайда болуы үшін субстраттардың көздері немесе алғызаты ретінде
пайдаланылатын тамақ өнімдерінің құрамдас бөліктері болып табылатын әртүрлі
нутриенттермен (тамақ заттармен) жүзеге асырылады.
|