2.Сармат- алан тайпалық одағы.
Сармат атауы біздің заманымыздан бұрын III ғасырдан бастап кездесе бастады. Жазба деректерге сүйенсек, сарматтар б.з.б. ІІ ғасырда қазіргі Батыс Қазақстан мен Қара теңіздің солтүстік аймағын мекен еткен. Алайда, жазба деректерде сарматтар туралы дерек өте аз кездеседі.
Сарматтар алғашындa, яғни б. з. б. VIII ғacырда «сауроматтap» деп аталған екен. Олар біздің заманымыздан бұрын екінші ғасырдан бастап Оңтүстік Орaл мен Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумaғына қоныстанады. Бірақ, б. з-дың IV ғасырында ғұндардан жеңіліп, батысқа қарай қоныс аударып кетеді.
Сол заманда өмір сүрген барлық тайпа сияқты сарматтар да ержүрек жауынгер болған. Сондай-ақ, сармат тайпасы дай (дах) – мaссагет, исседондармен тyыстас болып келген және роқсоландаp мен алаңдaр және аорстар, cирақтар т. б. тайпaлар сарматтардың құрамында болған.
Сармат тайпасы туралы грек, рим тарихшылары, соның ішінде Диодор, Геродот, Үлкен Плиний мен Полибий өз еңбектерінде жазып кеткен. Мәселен, Диодордың еңбегінде сарматтар сақтардың жерін басып алып, жер-суын иемденіп, халқын қырғынға ұшыратқан делінген. Ал, Герадот сармат тайпасын әйелдер басқарған дейді. Сондай-ақ, сарматтарда әйелдердің үстемдік еткенін қазба жұмыстары кезінде табылған ескерткіштер де растайды.
Диодор Сицилийский сарматтар Мидийден сақтар мекендеген Танаис өзеніне қоныс аударған деп жазады. Плиний сондай-ақ, сармат тайпасының мидиялықтармен туыстық байланыста болғанын хабарлады. Ал, Геродоттың айтуынша, сарматтар скифтердің ұлдарына тұрмысқа шыққан амазонкалар. Сөйтіп, амазонкаларға үйленген скифтер Танаис өзенінің бойына қоныс аударған делінеді.
Алайда, Герадот скифтердің шығу тегі туралы айтқанда, олардың Азияны мекендеген көшпелі скифтер деп көрсетеді. Кейіннен оларды массагеттер ығыстырып, скифтер Аракс өзені арқылы өтіп, Киммерия жеріне кеткен дейді. Геродот сонымен қатар «савраматтардың» тілі скиф тілі деп жазды. Бірақ олар бұл тілде бұрыннан қате сөйлеген. І Дарий скифтерге басып кірген кезде сарматтар скифтерді қолдап, сақ патшаларының әскерлерінің құрамына кірді.
Б.з.б. V-IV ғасырларда Сарматтар скифтермен көрші тұрып, бейбіт өмір кешті. Скиф сатушылары шығыс елдеріне шығатын кезде сарматтардың жерінен еркін өте алған. Перстермен соғыс кезінде сармарттар скифтердің сенімді одақтастасы болды. Сондай-ақ, Атей кезеңінде де одақтастық қатынастар сақталды және сармат жасағы скиф патшасының сарайында әскери қызметте болды. Ал сарматтардың жеке топтары еуропалық скифтердің аумағында қоныстанды. Бірақ, III ғасырда бұл достық қарым-қатынастың соңы сарматтардың скифтерге қарсы басшыншылық шабуыл жасауымен аяқталды.
Сарматтар жауынгерлігімен ерекшеленеді. Олар көрші скифтерге қарағанда Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказ бен Парфияға сәтті басқыншылық жорықтар жасап, үстемдік еткен. Мәселен, сарматтардың құрамында болған роксоландар Понтия патшасы Митридатпен соғысып, скифтерді жақтайды. Бірақ, кейін кезінде өздері соғысқан Митридатпен одақтасып, Римге қарсы басқыншылық жорық жүргізеді. Алайда, соғыс барысында сармат тайпалар одағының бірі аорстар Рим әскеріне көмектесіп, сирактарды талқандауға қатысады. Ал сирактар ол кезде Боспор патшалығының одақтасы болатын.
Алан тайпалары халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде ғұндарға қосылып, Испанияға дейін барды. Кейіннен ғұндар Батыс Қазақстанға қоныстана бастаған кезде сарматтар олармен етене араласып, біріге бастады.
Аландар, Яньцай — көшпелі тайпалар бірлестігі. Б.з.б. 1 мыңжылдықтың соңы мен б.з. 1 мыңжылдықтың басында Батыс Қазақстан мен Солтүстік Кавказ даласын мекендеген.
Аландар этногенезінің алғашқы кезеңі Орта Азия мен Қазақстанның ішкі аудандарымен байланысты. Аландар тайпаларының топтасуы туралы алғашқы дерек қытай (“Ши цзи”) жазбаларында көрсетілген.
Бұл дерек бойынша б.з.б. 1 ғ. Каспий мен Арал теңіздерінен Орал жоталарына дейінгі кең алқапты көшпелі Яньцай мекендеп, 100000-ға жуық әскер шығара алған. “Кіші Хань династиясы хроникаларында” (“Хоу Хань Шу”) б.з. 1 ғ-дың соңы мен 2 ғ. басында Яньцай аты Алания болып өзгертілгені жазылады. 1-мыңжылдықтың басында Аландардың бір бөлігі батысқа қоныс аударады да, басым бөлігі Арал мен Каспий теңіздері аралығындағы байтақ далада өмір сүре береді. Мұны сол өңірдегі этнотопонимдер растай түседі. Мысалы, Маңғыстау мен Үстірттегі қамалдар — Қоңыралан, Сүмбетеміралан, Алаңқала т.б. Аландар мәдениеті (“кейінгі сарматтар”) Арал-Каспий теңіздерінің солтүстігіндегі қорған ескерткіштері бойынша зерттелген. Одан Аландардың қой, жылқы өсіргендігін айғақтайтын заттар табылған. Солтүстік Кавказ Аландарының (осетиндердің ата-бабалары) көшпелі мал шаруашылығынан егіншілікке ойысқаны байқалады
Негізінен, сарматтар иран тілді ел болған. Бірақ, сарматтар мекендеген жерге ғұндардың келуіне байланысты, олар түркі тілінің ықпалына көшеді. Сарматтар жайлы жазба деректерге қарағанда жан-жақты, көлемді мәліметтерді негізінен археологиялық ескерткіштер береді.
Достарыңызбен бөлісу: |