Лекция тақырыбы: Атқа міну мәдениетінің генезисі Лекцияның оқыту нәтижелері



бет5/8
Дата02.04.2024
өлшемі42.6 Kb.
#497312
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
2 lecture

Археологиялық ескерткіштері. Үйсіндердің обалары салынған уақытына қарай 3 топқа бөлінеді:
*Ерте қорымдар: Қапшағай, Өтеген, Қызылеспе, Қызылауыз, Қызылқайнар. Ерекшелігі: солтүстіктен оңтүстікке қарайтізбектеліп салынған, әр тізбекте 5-6 оба бар.
*Орта кезең қорымдары: Өтеген-Қарлақ, Қаратума, Тайғақ, Алтынемел, Талғар, Ақтас. Ерекшелігі: жүйесіз, 3 обадан тізбектеліп салынған.
*Соңғы кезең қорымдары: Қапшағай, Шолақжиде, Үңгірқора,
Қалқан. Ерекшелігі: тізбексіз және жүйесіз салынып, қабірлер лаққаталып қазылған.
Үйсіндердің шаруашылығына келетін болсақ мал шаруашылығы егіншілікпен бірге жүргізілді. Жоғарыда айтқандай байларының жылқылары 4-5 мыңнан асқан. Ол малдардың ішінде жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлген. Үйсіндер көбнесе тары мен арпа еккен. Отырықшы үйсіндер сонымен қатар мыс, қорғасын, қалайы, алтын кен орындарын да пайдаланған. Отырықшы үйсіндердің баспанасы кірпіштен және тастан салынған үйлер. Көшпелі үйсіндер киіз үйлерде тұрды.
Жерлеу дәстүрі. Үйсіндердің жерлеу дәстүріне келетін болсақ, олар мәйіттің қолын қапталына созып, басын батысқа қарай жатқазған. Олар өлген адамды тіріледі деп сенген.Адамды жерлегенде тұтынған заттарымен бірге көмген.
«Усун» терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр. Ол қытайдың иероглифтік жазбаларынан ғана мәлім, оның қазіргі айтылуы қазақ этнонимдерінің бірі — Ұлы жүз қазақтарының басты этникалық компоненті болып табылатын тайпаның өзін атайтынындай «үйсін» сөзіне сәйкес келеді. Біркатар зерттеушілер бұл транскрипцияны Орта Азия тарихынан мәлім асиан этнонимі деп білуге бейім. Алайда соңғы зерттеулерде асиан термині ятии этнонимінің диалектілік нүсқалары-ның бірі болуы мүмкін деген басқаша түсініктеме айтылады, ал оның транскрипциясының дәстүрлі ертедегі қытайша түрі қазіргі қытай тілінде айтылатын (юечжи) иероглифтері болған.
Усун терминінің транскрипциясын түсіндірудің тағы бір нұсқасы бар. Қазір у-сун деп айтылатын екі иероглиф ертедегі кытай тілінде а-сман, яғни асман, «аспан» делініп айтылған деп жорамалданады. Бүл айтылғандарды усун гуньмосына күйеуге берілген қытай ханшасының хатындағы: «Менің үйім мені... Аспан Еліне... күйеуге берді» деген сөздер растауы мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда, «көк тіреген таулар» дегенді білдіретін тянь-шань деген сөздің өзі де жергілікті атаудың аудармасы сияқты екенін атап өту маңызды.
Ежелгі усун қоғамында құлдық бола тұрса да, құл еңбегі өндіріс негізгі болған жоқ. Сол кездегі дүние жүзінің көптеген халықтарындағыдай, усундерде де құлдықтың негізгі көздерінің бірі соғыс тұтқындары болады. Мысалы, жазбаша деректемелерде мынадай оқиға келтірілген: б.з.б. І ғасырда усун гуньмосы Вэн Гуйми (Фейван) ғұндарға тұтқиылдан шабуыл жасап, 40 мың адамды тұтқынға алады да, қайтқанда өзімен бірге алып кетеді. Құлдардың шығуының борышқорларды, кейбір жағдайларда өзінің туысқандарын құлға айналдыру сияақты көздері де болуы мүмкін. Бірақ бұл көздердің тым шектелуі болғаны анық, өйткені патриархаттық-рулық қалдықтар күшті болған қоғамда еркін ұсақ өндірушіні құлға айналдыру өте сирек кездесетін еді. Әдетте, мырзаны, оның отбасы мүшелерін күтетін малай ретінде құлдар пайдаланады. Бірақ, сірә, қолөнерші-құлдар, малшы-құлдар немесе егінші-құлдар да болса керек.
Жазбаша деректемелер мен археологиялық материал усун қоғамындағы әлеуметтік теңсіздік фактісін анықтауға ғана емес, сонымен қатар оны ең басты әлеметтік топтарға шартты түрде бөлуге де мүмкіндік береді. Бұл мәселенің археологиялық негіздемесін келтіре кетейік. Жетісу аумағындағы усун заманынан қалған мыңдаған обалар үш тұрпатқа бөлінеді. Олардың біріншісі – диаметрі 50 – 80 м және биіктігі 8 – 1 0 – 12 м үлкен жер обалар. Үйінді астында, әдетте еркектер мен әйелдер жерленген бір-екі мола шығады.
Теңлік обасында (Шығыс Жетісу) бір молаға атақты әйел жерленген. Оның киімі мәнерлі үлкенді-кішілі алтын қаптырмалармен сәнделген, құлақтарында – бедерленген алтын сырғалар бар, шашына немесе бас киімі не алтынмен шебер қапталған ауыр түйреуіш түйрелген. Мұнда оның қасына сәндік заттар (қола айна және алтын жапырақша жолақтарымен өрнектел- ген ағаш қобдиша) қойылыпты.
Батыс Жетісуда үлкен обалардың (Қаракөл мен Буранин обалары) астындағы қабірлер бай, олардан да мүсінді алтын қаптырмалар, Грек-Бактриядан шыққан тігіп орнататын қаптырмалар, лак бұйымдарының қалдық-тары, аң стиліндегі әшекей бұйымдары, қару, қыш және ағаш ыдысатар шық-ты.
Екінші үлгідегі обалардың мөлшері (Шарын өзеніндегі Қаратұма қорымы үлгісіндегі) диаметрі 15 – 20 м шамасында, биіктігі 1 метрге дейін бола- ды. Үйінді астында – бір-екі мола, кейде бір молда – екі қаңқа жатты. Құрал-сайман: үш-төрт қыш және ағаш ыдыстар, ұсақ қола, кейде алтын әшекейлер (сырға, жүзік, түйреуіш,білезіктер), «скифтік» өнер стилінде жасалған қола аспалы белдіктер, қару – темір қанжарлар мен семсерлер, жебенің үш қырлы және қалақ бас ұштары. Мұндай обалар жүзге тарта үйінділері бар қорымдарда топталады.
Және, ақырында, диаметрі 5 – 10 м және биіктігі 30 – 50 см шағын үйінділер түріндегі обалардың үшінші түрі өте көп. Көмілген заттары біркелкі және аз: бір-екі ыдыс, темір пышақтар мен түйреуіштер, отқа-тек- те қола сырғалар мен моншақтар кездеседі, оларда қару болмайды.
Үлкен обаларда атақты адамдар – ірі меншік иелері мен олардың әйелдері немесе көңілдес әйелдері қойылған деп айтуға әбден болады. Орташа обаларда өз алдына бөлек шаруашылық жүргізетін, халықтың көпшілігін құрайтын ерікті, қатардағы қауым адамдары, ал ұсақ обаларда – тәуелді ұсақ өндірушілер мен құлдар жерленген.
Үйсіндер – ежелден келе жатқан түркі тайпаларының бірі. Бүгінде Ұлы жүз құрамындағы ру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет