Лекция тақырыбы: Атқа міну мәдениетінің генезисі Лекцияның оқыту нәтижелері


Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері



бет4/8
Дата02.04.2024
өлшемі42.6 Kb.
#497312
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
2 lecture

4.Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері.
Үйсiндер шамамен б.э.д. 160 ж Жетiсу өлкесiнде мекендедi. Олар сақ тайпаларының үстемдiгiн әлсiретiп, олардың жоғарғы князь билеушiлерi -гуньмолар өздерiнiң үстемдiгiн орнатты. Тайпа көсемдері мен рубасылары - бектер. Үйсiндер негiзiнен Iле өңiрiнде қоныстанып өмiр сүрген, ал батыс жағында Талас, Шу алқабында мекендеген қаңлылармен шекаралас қоныстанса, шығысында ғұндармен, оңтүстiгiнде Ферғанамен көршiлес қоныстанып өмiр сүрген. Үйсiндердiң астанасы Чичуген (Қызыл Аңғар қаласы) Ыстықкөл мен Iле өзенiнiң оңтүстiк жағалауы аралығында орналасты. Үйсін мемлекеті үш бөлікке бөлінді : батыс, орталық және шығыс болып. Үйсiндердiң шаруашылығы кешендi түрде мал шаруашылығы және жер шаруашылығы жағдайында дамыды. Жартылай көшпелi мал шаруашылығы үйсiндер шаруашылығының негiзгi түрi болды. Бұл шаруашылық экономикасының дамуында жетекшi роль атқарып отырды. Жер шаруашылығын жүргiзу және жайылымдық жерлердi пайдалану жүйесi үнемi жетiлдiрiлiп отырды. Қытай мемлекетімен туыстық және кең дипломатиялық қатынаста болды. Жоғары дәрежедегi ауқатты байлар, орта дәрежедегi және қарапайым адамдар өмiр сүрген үкiмет билiгi ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған.
Қазақстан жеріндегі ертеде құрылған (б.д.д. ІІ ғ.) Кангюй, Яньцай, Үйсін мемлекеттері туралы қытай деректерінің «Шицзи» жылнамасында олар мал үшін бір орыннан екінші орынға көшіп жүре беретін көшпенді халық. Жайшылықта хундармен араласады. Үйсіндердің жаужүрек бірнеше мыңдаған әскері болды. Олардың бір кездері Іле өңіріне келіп қоныстанғаннан кейінгі уақытта аса күшті тайпалық мемлекет ретінде тарих сахнасынан шығып, өз тұсында едәуір ықпалды болғанын айтады.
Қытай тарихшысы Сыма Цян мен Бан Гудың «Ханнамасы» мен «Жылнамасында» мынандай деректер бар: «Үйсін мемлекетінің жері... ұлан байтақ кең, әрі жазық, жауын шашыны көп, ауа райы суық, тауларда қалың қарағай өседі. Егіншілікпен шұғылданбайды. Әдет ғұрпы хундарға ұқсайды. Бұл елде жылқы көп, байларында 4-5 мың жылқы болады. Халқы қайсар батыр келеді. Бұрын хундарға бағынышты болған кейін күшейді де оларға бағынбайтын болған. Шығыс жағы хундармен, Солтүстігі қаңлымен, батыс жағы Ферғанамен, Оңтүстігі қалалық мемлекеттермен шектеседі.... ».
Үйсін құрған мемлекетке 120 мың түтін қараған, жан саны 630 мың болып, 188 мың 800 сайлаулы әскер ұстаған. Ең үлкен билеушілерін Күнби (Гуньмо) деп атаған. Қытайлықтар қандас тайпалардың арасынан іріткі салу үшін қыздарын үйсіндерге ұзатып, ондағы ел билеген атқамінерлер мен елеулі адамдарды тарту таралғымен өздеріне тартқан. Бұл жөнінде қытай жазбаларындағы «Хань хандығының тарихы»атты кітаптың «Үйсіндер» атты тарауында нақты жазылған.
Үйсіндердің негізгі орналасқан жері – Іле даласы. Территориясы Шу мен Талас өзендері Қаратау- Тянь Шань тауы- Балқаш көлі- Ыстықкөл. Басты байлық мал мен жер.
Б.з.б. І ғасырда ежелгі үйсін қоғамында жерге жеке меншікке иелену басталды. Жеке меншіктің болғанының тағы бір белгісі жеке адамдарға тиеселі мүліктің ерекше таңбалармен белгіленуі. Таңбалар үй мүліктерімен жануарларға салынды.
Әскер басшылары мен лауазымды адамдар алтыннан, мыстан жасалған мөрлері болды. Лауазымы төмен үйсіндер тас және қыш саздан жасалған мөр ұстаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет