5.Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы. Б.з.б. ІІ ғ. «халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталатын оқиға нәтижесінде Орталық Азияда бірнеше жаңа мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Соның бірі – Қаңлы мемлекеті. Оның Шығыс шекарасы Талас өзенінің бойымен өтті де, кейіннен б.з. ІІІ ғасырда Жетісудың оңтүстік-батысына дейін жетті. Мемлекеттің аумағы Ташкент жазирасын, сондай-ақ Сырдарияның төменгі және орта ағысын, Жаңадария, Қуандария өзендерінің аңғарларын, Арыс өзенін, Қаратау бөктерлерін қоса, Оңтүстік Қазақстанның байтақ кеңістігін алып жатты. Астанасы Битянь қаласы болды. Халқы 120 мың отбасы, 600 мың адамды, әскер саны 120 мың адамды құраған.
Қазақстан жерінде тарихта елеулі із қалдырған ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі - Қаңлы мемлекеті.Қаңлы тайпалары ІІІ ғ. Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген. Қаңлы мемлекетiнiң халықтары негiзiнен жер, мал шаруашылығы, қолөнер және сауда-сатықпен айналысты. Қаңлылар Қытаймен, Парфиямен, Риммен және Кушан империясымен саяси-экономикалық және мәдени байланыстар жасады.
Қаңлы мемлекетi туралы алғаш рет бiздiң дәуiрге дейiнгi ғасырдағы жазба деректерде айтылады. Сол деректердiң қортындыларына сүйенсек бұл мемлекеттiң орталығы орта Сырдариядағы Битянь қаласы болған. Жапон ғалымы Сиратори ол қаланы қазіргі Түркістан қаласының маңы деп есептейді. Кейбiр мәлiметтер, зерттеулер бойынша қаңлылардың мемлекетiн патша басқарған. Олардың патшалары ябгу деп аталған. Сондай-ақ мемлекеттiк аппарат құрамында патшаның орынбасары және үш кеңесшiсi болды. Қаңлы мемлекетінің заңы бойынша ұрлық жасаған үшін қолы кесілді. Тарихи аңыздар мен рауаяттарда «қаңлы» деген аттың шығу тегін Оғыз ханмен байланыстырылады.
Қазақстан археологы Қ.Ақышев бастаған экспедицияның анықтауы бойынша қаңлылардың І ғ. саяси орталығы Отырар (Фараб) яғни Орхон ескерткішіндегі Қаңғу Тарбан болып есептеледі. Отырар қаласы тарихи деректерде «Тұрар», «Тұрар банд», «Тарбан», «Тарбанд» деп аталып кеткен. Қаңлы халқының этникалық құрамы жайлы деректер әлi күнге дейiн толық зерттелiп шешiмiн таппаған мәселе болып табылады. Қаңлылардың кең зерттелген ірі елді мекені - Көк-мардан, ал қорымдардың ішінде атап кететін – Мардан-күйік. Қаңлы мемлекетінің теңгелері шығарылған негізгі аймақ – Ташкент болды.
Кангюйлер мекендеген археологиялық ескерткіштері
1) қауыншы, 2) отырар-қаратау, 3) жетіасар археологиялық мәдениеттеріне жатқызылады. 1) Ташкент; 2) Сырдарияның орта ағысындағы Қаратау беткейлерінен Таласқа дейінгі аудандарға, 3) Қуандария мен Жаңадария аңғарына таралған.
Кангюй дәуіріндегі Орталық Азия аймақтарына салыстырмалы сипаттама берген кезде Сырдария сағасынан Ферганаға дейінгі біртұтас мәдени–шаруашылық өңір айқындалады. Ол өңірге отырықшы егіншілік-малшылық экономика, іргелі архитектурасы мен қорғаныс құбылыстары, қоныстанудың жетекші үлгісі ретінде аздап бекініс жасалған қоныстар, қолөнердің нашар дамуы, ақша айналысының шектелулілігі және басқа да белгілер тән болған.
1) Қауыншы мәдениеті Ташкент маңындағы кенттерінен алынған материалдарға байланысты, оның бірі Қауыншы кентінің атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи тұрғындарының өмір кешкен мерзімі б.з.б. ІІІ ғ. мен б.з. І ғ. арасы. Қазақстандық ғалымдар бұл мәдениетке Ташкент аймағына жақын жатқан Шардара су қоймасының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады.
Шардараға жақын жердегі Ақтөбе қонысы қауыншы мәдениетінің ең жақсы зерттелген ескерткіші болып табылады. Ол Сырдария сол жақ жағалауына орналасқан. Қала орны үш жағынан дуалмен, ал Сырдария жағынан қазылған ормен қоршалған. Қала орнының орталығында орналасқан биіктігі 20м. жуық дөңгелек төбе (оба) ерекше көрінеді.
2) Отырар-Қаратау мәдениеті ескерткіштері шоғырланған орталықтардың бірі Отырар алқабы болды. Мұнда, Арыстың сол жақ жағалауында, 100 шақырым шаршы болатын 20 шақты томпақ төбелердің қалдықтары жатыр: Пұшық-Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, шөлтөбе, т.б. Олардың ең ірісі: Көк-Мардан. Көлемі мен орналасуына қарағанда Көк-Мардан қала орталығы болған.
Үйлер, әдетте, екі бөлмелі болған, екі бөлмелі сирек, оның үстіне екінші бөлмесі қойма болып келеді. Үйдің ортасына жақын жерде тікбұрышты жерошақ болан. Бөлмеде қабырғаларда жағалата адам жататын аласа сәкілер орнатылған. Бұрыштарына су мен азық-түлікке арналған ыдыстар қойылған. Ыдыстар қабырғалардың жанында тұр.
3) Б.з.б. І мыңжылдықтың орта шенінен б.з. І мыңжылдықтың ортасына дейін шығыс Арал өңірінде өзіндік ерекшелігі бар жетіасар мәдениеті өркендеген. Жетіасар мәдениетінің өзіне тән бір ерекшелігі тұрақты мекен-жай салуда, қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қарағанда, құрылыс жүйелерінің күрделі әрі сапалы салынуы бірден байқалады. Бұл мәдениеттің жүз елуден (150) астам бекіністі қала орындарынан, жүздеген обалы қорымдардан тұратын ескерткіштері Сырдарияның ең солтүстіктегі ежелгі тармақтары Қуандария бойында шоғырланған. Барлық қалалар күшті және дамыған қорғаныс құрылыстарының жүйесімен бекітіліп, ішінде түгелдей секция-үйлер салынған.
Кангюйлер заманының қоныстары қасында үлкен зираттар орналасқан. Кангюйлер тән ең сипаттысы үңгіп, лақыт жасап және жай шұңқырларға жерлеп, үстіне оба үю, сағана салу болып табылады.
Кангюй мемлекеті алып жатқан жер табиғи-климаттық және ландшафтық-географиялық көрсеткіштері жөнінен мейлінше әр түрлі болған. Нақты шағын аймақтардың әрқайсысындағы тұрғындардың шаруашылық қызметінің негізгі бағытын да географиялық орта анықтады. Көшпелі (жартылай көшпелі) мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналысқан тұрғындар мемлекеттік құрылым шеңберінде жарасымды біріктірілді.
Тұрғын үйлер жанында малды қоршауда ұстауға арналғаны анық орындар кездеседі. Малдың негізгі бөлігі, сірә қоныстан тыс жерде ұжымдық табында ұсталса керек.
Үйрек, қаз сияқты суда жүзетін құстар аулаған. Балық аулау дамыған, оны балық сүйектері мен қабыршақтарының табылуы дәлелдейді. Тәутеке, арқар, киік, марал, қабан сияқты жабайы жануарлардың сүйектерінен бұйымдар жасаған.
Кангюйлердің қалалары мен қоныстары жергілікті қолөнер орталықтарына айналды. Қоныстар мен қорымдарды қазғанда түрлі керамика табылды (металл ыдыс, керамика ыдыс). Темір ұсталығы, қола құю, зергерлік істің дамығаны көрінеді. Сүйекпен пышақтың, қанжар, семсердің саптары істелген. Жүн өңдеу-жылы киім тоқылды, қой жүнінен киіз басылды. Ши тоқылған.
Б.з. ІІ-Vғ кангюйлер шаруашылығының сипаты туралы жинақталған деректер тұрғындарды барлық қажетті өнімдермен, шикізатпен және қолөнер бұйымдармен өзін-өзі толық қамтамасыз етті. Ең дамыған аймақтарда ертедегі қалалы орталық қалыптасып, қолөнер мен сауда орталықтарына айналды.
“Хань үйінің тарихы” кітабында, “Батыс өңірі туралы мәліметте” Кангюйлер туралы нақтырақ айтылады.
Онда “Кангюй билеушісі Лоюени елінде Битянь қаласында орныққан. Люеннен 7 күндік жерде оның жазғы ордасы болған. Халқының саны 120000 шаңырақ, 6000000 жан. 120000 әскері бар”. Осы деректерден Кангюйдің сыртқы саясатының кейбір көріністері белгілі болып отыр. Б.з.д. 45—36ж. олар солтүстік Ғұндарды қолдап, сөйтіп, оларға қарсы үйсін және Қытаймен бірігіп қарсы шыққан. 85ж. Кангюй Қашқардағы Қытай наместнигі Бань Чаоға қарсы болған фергандықтардың көтерілісін қолдады. Сонымен қатар мынадай мәліметтер бар: “Кангюй... такаппар да асау, үлкендер алдында бас июге ешқашан келіспейді. Наместниктерден жіберген чиновниктерді үйсін елшілерінен төмен отырғызады. Тамақты алдымен князьдар мен старшиналарға береді, тек содан соң, ғана наместниктің адамдарына береді”.
Кангюй саясатының жалпы бағыты Ұлы жібек жолының Ферғанадан Аралға дейінгі Сырдарьямен өтетін бөлігін өз бақылауында сақтап қалуға тырысу болды. Бұл оларға сәтті болды. Ұлы жібек жолының Сырдарья арқылы солтүстік батысқа, Кавказға, Қаратеңізге, сонымен қатар Иранның оңтүстігі мен таяу Шығыс пен Индияға қатынағаны туралы қаңлылардың және Яньцай-Аланья тұрғындарының қалалары мен некропольдарын, тұрақтарын қазған кезде табылған бұйымдар дәлелдейді, солардың ішінде: Қытай монеталырымен айналары, Индиядан келген коралл моншақтары, Европадан келген қола қапсырмалар, Ираннан әртүрлі тастар бар.
Кангюй халқының этникалық сипаты әлі де болса күрделі сұрақ, толық зерттелмеген. Қангюйлер қай тілде сөйлеген туралы әлі де тұтас пікір жоқ. А.М.Бернштамның пікірінше, Кангюйлер түркі тілдес болған. Басқа зерттеушілер оларды солтүстік иран малшы тайпалары, б.з. Іғ. ортасында ғана Сыр өңіріне түркі тайпаларының келуіне байланысты ғана өзінің этникалық түрі мен тілін өзгерткен дейді. Б.А.Литвинскийдің пікірінше, кангюйлер иран тілдес сақтардың тұқымы. Оның ойынша, Кангюй атауы сақ тайпалары бірінің атауы болуы мүмкін, оны аударғанда — “тері киімді адамдар” (немесе сауат).
Қаңлы елі өз ішінен бес иелікке бөлінген. Әр иеліктің кіші хандары болған.
Сусе иелігі. Орталығы Сусе қаласы.
Фуһу иелігі. Орталығы Фуһу қаласы.
Ионе иелігі. Орталығы Ионе қаласы.
Жи иелігі. Орталығы Жи қаласы.
Иоган иелігі. Орталығы Иоган қаласы.
Дәл қай жерде орналасуы белгісіз.
Қаңлылардың билеуші титулы хан болды. Бүкіл елді басқару ісін 3 үәзірі атқарған. Лауазымдық қызмет мұрагерлік жолмен берілді Қаңлылар туралы мәліметтерді Хань әулетінің «Цянь Ханьшудың» жерге орналасуды суреттеу» деген бөлімінде айтылады. Қаңлылар туралы зерттеулерде өздерінің елеулі үлес қосқан ғалымдар бұл А.Н.Бернштам, С.Г.Кляшторный, Л.Левина, Ю.Ф.Буряков.
Достарыңызбен бөлісу: |