8. 20 ғ. тіл білімі қалай өркендеп, дамыды?
9. Кеңестік тіл білімі қай дәрежеде дамыды?
10. Түркі тілдерінің дамуына үлес қосқан қандай ғалымдар болды?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмасы:
Қажетті әдебиеттер:
42. Қордабаев Т., Қалиев Ғ., Жалпы тіл білімі, А.,2004. 3-27-б
43. Қалиұлы Б., Жалпы тіл білімі, А.,2005, 39-44-б
44. Қордабаев Т.Р., Жалпы тіл білімі, А.,1975
45. Аханов К.,
Тіл білімінің негіздері, А.,2002
46. Соссюр Ф.де. Курс общей лингвистики // Труды по языкознанию М.,1977
47. Общее языкознание. М.,1970, 1972, 1973.
№12 Лекция тақырыбы: Ежелгі заман тіл білімі.
Лекция жоспары:
4. 19 ғ. Тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдар.
5. 20 ғ. Лингвистика. Оның жас грамматикалық бағытқа қарсы айтыста туып
дамығаны. Көрнекті қайраткерлер.
Лекция мазмұны:
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді
дамып, өзгеріп отыратын
тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас,
төркіндес
болады деп біліп,
сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті
қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жайт 19
ғасырдың алғашқы он жылдығында орныға бастайды. Әрине, жаңа әдістің қалыптасуы –
ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі.
18 ғасырдың соңғы жартысы мен 19 ғасырдың алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму
қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушылар
деп аталатын ғалымдар
қатарына неміс ғалымы Франц Бопптың және Расмус Кристиан Раск,
Якоб Гриммнің
еңбектерін атауға тұрарлық.
Достарыңызбен бөлісу: