Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам да болмайды деген қағида қазіргі заман тіл білімінде берік
көзқарасқа қарама-қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті.
Өз дәуірі
тұрғысынан қарағанда бұл үлкен жетістік болғанымен, қойылып отырған мәселені ғылыми
шешкендік емес. Адам қоғамы тарихының осы қиын да күрделі
проблемасына байланысты
айтылған бірден-бір ғылыми дұрыс болжамды ф.Энгельстің "Маймылдың адамға айналуы
процесіндегі еңбектің рөлі", "Табиғат диалектикасы" атты зерттеулерінен табуға болады.
Тілдердің бөліну, бірігу процестері. Адамдардың қоғамдық бірліктері сияқты олардың
тілдері де бір-бірінен ажырап бөлшектену, қосылып бірігу жолынан өткен. Тілдің қай-қайсысы да
осы күнгі дәрежесінде пайда бола қалмаған.
Тілдердің ыдырап бөлшектенуі немесе бірігіп күрделенуі қоғам дамуының барлық дәуірінде
бірдей дәрежеде болып отырмайды. Қоғам дамуының белгілі
бір тарихи кезеңінде тілдің
бөлшектенуіне, бір-біріне жақын, туыстас диалектілердің, тілдердің пайда болуына қолайлы жағдай
жасалса, екінші бір дәуір, оған қарама-қарсы, тілдердің бірігуіне, диалектілік ерекшеліктердің бірте-
бірте жойылуына қолайлы жағдай жасайды.
Тіл дамуында болатын
дифференциациялық процесс басқа қоғамдардан гөрі ру қоғамында
молырақ болады. Өйткені адамдардың жеке-жеке ұсақ қауым болып өмір сүруі —
алғашқы
қауымдық бірліктің негізгі белгілерінің бірі.
Интеграция — дифференциацияға тура қарама-қарсы процесс. Интеграция — өзіндік тілдік
ерекшеліктері бар қауымдардың бір-бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі.
Бір-бірімен жақындасып бірігетіндер, араласып тоғысатындар
белгілі бір тілдің жеке
диалектілері болуы да, туыстас, тіпті ешқандай жақындық қатынасы жоқ тілдер болуы да мүмкін.
Екіншіден, интеграциялық процесс тілдердің бір-бірімен достық ынтымағы негізінде немесе бірін
екіншісі күштеу, ассимиляциялау негізінде жүруі де мүмкін.
Интеграцияның күшке, теңсіздікке негізделген түрі — жеңіп алған, күшпен бағындырғандар мен
жеңілген, бағынышты болғандардың тілдері арасында болады. Билеуші үстем қауымның тілі де
үстемдік етеді. Ол қатынас жасаудың, пікір алысудың негізгі құралы есептеледі де, бағынышты
қауым оны білуге, үйренуге міндетті болды. Ресей мен оның отары болған түркі
халықтары,
солардың бірі қазақ халқы арасындағы жағдай осы айтқандардай болды.
Көп ұлтты мемлекеттерде әр түрлі ұлт өкілдері бір-бірімен қатынас жасау үшін, өзінің ана
тілінен басқа тілді де, өзімен аралас-құралас халық тілін де білу қажеттігі туады. Сөйтіп, өздерінің
күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдана береді. Осыдан барып
екітілділік немесе көптілділік пайда болады. Ол — тіл білімінде
билингвизм деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: