Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет37/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46
Лекция жинағы

Сипаттама немесе синхрондық әдіс. Сипаттама әдіс — лингвистикалық әдістер 
ішіндегі ең көнесі. Тілге байланысты алғашқы зерттеулердің барлығы дерлік осы сипаттама 
әдіс бойынша жүргізілген. Сипаттама әдіс зерттеліп отырған объектінің өткендегі күйін, 
тарихи даму жолдарын ескермейді, тек оның белгілі бір дәуірдегі қалпын синхрондық күйін 
сипаттаумен шұғылданады. Сипаттама әдіс бойынша жазылған еңбектер осы әдістың 
атымен сипаттама грамматика, сипаттама фонетика, сипаттама лексика деп те 
аталады. Оқу құралы ретінде жарияланып жүрген қазіргі тілдер грамматикалары немесе 
фонетикасы мен лексикологиялары сипаттама әдіс бойынша жазылған. Тілдің белгілі бір 
дәуірдегі кұрылым жүйесін айқындауда сипаттама әдіс бойынша жүргізілетін зерттеудің 
мәні ерекше. 
Сипаттамалы әдістің кемшілігі – бұл әдісте тіл тарихы мен басқа тілдердің 
тілдік материалдары зерттеуден тыс қалады. 
Сипаттама әдіс зерттеудің көне замандардан келе жатқан тәсілі болғанымен, ол — 
ескірген, қолданудан қалған тәсіл емес, қазіргі заман тіл білімінде де үздіксіз қолданылып 
келе жатқан жасампаз тәсіл.
Таксономиялық әдісі - тілдегі ұқсас құбылыстарды салыстыра зерттейді. 
Салыстырмалы әдіс. Лингвистикалық зерттеулердің алғашқы ғылыми әдістерінің бірі 
– салыстырмалы-тарихи әдіс болды. Ол әдістің негізін ХІХ ғасырдың басында Ф. Бопп, Р. 
Раск, Я. Гримм қалады. Бірақ та бұл зерттеулер атомарлы түрде, яғни жүйесіз түрде 
жүргізілді. Бұл танымдық зерттеулердің әдісі зерттеудің мақсат-міндеттерімен тығыз 
байланысты болады. Сондықтан танымның әдіс-тәсілдерін зерттеу мақсаттарынан тыс 
қарастыру мүмкін емес. 
Жоғарыда айтылғандай тілдерді салыстыра зерттеу нәтижесінде тілдердегі ерекшеліктер 
мен ұқсастықтарды анықтауға болады. Салыстыру барысында кейбір дәл нәтижелерге 
келуге болады: Біріншіден, салыстырғанда бір тектес заттарды салыстыруға болады. Ал 
тілдерде әр деңгейдегі бірліктерді, олардың әр тілдердегі қызметін, лексикалық, 
грамматикалық категорияларды, сөйлем модельдері және олардың сөйлемде қолдану 
тәсілдерін салыстыруға болады. Екіншіден, әр тілдегі құбылыстардың ең маңызды және 
қажетті белгілерін, одан кейін барып қана қосалқы белгілерін зерттеу қажет. Салыстыру 
әдісінің негізгі мақсаты барлық тілдік деңгейлерге қатысты тілдік құрылымдардың 
айырмашылықтарын емес, оларға ортақ қасиеттерін табу. Басқаша айтсақ, тілдердің 
әмбебап қасеиттерін айқындау. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет