Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет35/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46
Лекция жинағы

Түркі тілдері туралы ғылым. Түркі республикалары басқа да көптеген мәселеде Ресей 
ауқымында болғаны сияқты, тілдері туралы ғылымда да оны жетекші, көш басшымыз деп 
санады, соған жалтақтап келді. Одақтық ғылым академиясы жанындағы «Түркология» 
секторын өздерінің ғылыми бас штабымыз деп санады, соның айналасына топтасты. 
Бақылау сұрақтары: 
11. Тіл білімі тарихын дәуірлерге бөлу қай уақыттан басталды? 
12. Ежелгі заман тіл білімінің көрнекті өкілдері кімдер болды және қай мемлекетте 
дамыды? 
13. Ежелгі қытай, ежелгі үнді, ежелгі грек және араб тіл білімі қалай дамыды? 
14. Қайта өркендеу дәуірі қай ғасырда болды? 
15. Салыстырмалы тарихи тіл білімі қай ғасырда пайда болды? 
16. 19 ғ. тіл білімінде қандай бағыттар мен мектептер болды? 
17. Құрылымдық тіл білімі қай ғасырда дүниеге келді? 
18. 20 ғ. тіл білімі қалай өркендеп, дамыды? 
19. Кеңестік тіл білімі қай дәрежеде дамыды? 
20. Түркі тілдерінің дамуына үлес қосқан қандай ғалымдар болды? 
 
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмасы: 
 
Қажетті әдебиеттер: 


48. Қордабаев Т., Қалиев Ғ., Жалпы тіл білімі, А.,2004. 3-27-б 
49. Қалиұлы Б., Жалпы тіл білімі, А.,2005, 39-44-б 
50. Қордабаев Т.Р., Жалпы тіл білімі, А.,1975 
51. Аханов К., Тіл білімінің негіздері, А.,2002 
52. Соссюр Ф.де. Курс общей лингвистики // Труды по языкознанию М.,1977 
53. Общее языкознание. М.,1970, 1972, 1973.
 
№13 лекция. Ежелгі заман тіл білімі 
 
Сабақ жоспары: 
1. 
Лингвистикалық талдау әдістемесі. 
2. Жалпы лингвистикалық және арнайы әдістер. 
3. Салыстырмалы – тарихи әдіс, құрылымдық әдіс, сипаттама әдіс. 
4. Тілідік эксперимент жасау әдістемесі. 
5.Таксономиялық әдісі, оның мәні. 
Лекция мазмұны:
Ғылымның алға қоятын мақсаты — өз объектісін жан-жақты танып 
білу, оның белгісіз сырларын, заңдылықтарын ашып айқындау. Ғылымды қызықтыратын 
нәрсе — әлі шешілмеген, белгілі болмаған, сыры ашылмаған жайттар, проблемалар. 
Сондықтан ғылыми зерттеу — белгісізді белгілі ету, ашылмағанды ашу, шешілмегенді 
шешу процесі. 
Ғылыми зерттеудің барлық түрінде де объектіні танып-білу үшін өзара байланысты үш 
түрлі әрекет іске асырылады. Олар а) қажетті материалдар, фактілер жинау, ә) жиналған 
материалдарды, фактілерді сұрыптап, талдау, б) фактілер негізінде теориялық 
тұжырымдар, болжамдар жасау. Бұлар ғылым атаулылардың қай-қайсысында болса да, 
қайталанып отырылатын зерттеу процестері, зерттеу кезеңдері. Құбылысты, объектіні 
ғылыми танып-білу процесінде іске асырылатын бұл әрекеттер басқа да ғылымдардағы 
сияқты тіл білімі үшін де іс жүргізудің негізгі баспалдақты кезеңдері болып есептеледі.
Алға қойған мақсатты орындап шығу үшін, зерттеуде әр түрлі амал-тәсілдер қолданылады. 
Ондай әдіс-амалдар қатарына методология, метод (әдіс), методика (әдістеме) жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет