Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет7/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46
Лекция жинағы

Тілдің құрылымы мен функциясы. Бұл екеуі өзара байланысты, бірақ бір емес. Тіл 
жалпыхалықтық дегенде, оның құрылымының жалпыхалықтығы ескеріледі, өйткені бұл жағынан 
әр халық, әр ұлт тілі – бір бүтін. Ал, қызметі жағынан алғанда, тілде айырмашылық, өзгешелік 
кездесе береді. Істейтін кәсіптеріне, мамандықтарына, білім дәрежесіне, жас мөлшеріне, жынысына 
қарай әр түрлі әлеуметтік топтардың өз сөйлеу мәнерлері, өзіндік лексикондары болатыны даусыз. 
Бір кездерде «тіл таптық құбылыс» деушілер оның осы ерекшеліктеріне сүйенді, сөйтіп олар тілдің 
қызметтік жағын оның құрылымдық жағымен шатыстырды. 
Қоғамның әлеуметтік құрылысының тілге тигізетін әсері, ең алдымен, тілдің қызметінен анық 
көрінеді. Өйткені тілді қолданушы әлеуметтік топтар, таптар оған немқұрайды қарамайды. Оны өз 
талап-тілектеріне, өздерінің әлеуметтік жағдайларына сәйкес қолдануға тырысады. Мұндай талап 
тілдің құрылымдық негізін өзгертпегенімен, оны функциялық құбылыстарға, өзгешеліктерге, әр 
түрлі жіктерге бөлшектемей қоймайды. Ондай жіктелулердің ең елеулілеріне қоныс ыңғайынан 
туатын ерекшелікті (яғни жергілікті диалекті), тіл қызметінің қандай жолмен іске асуынан туатын 
ерекшелікті (жазу тілі, ауызекі тіл), қоғам мүшелерінің таптық, кәсіптік ыңғайларынан, 
бірліктерінен туатын ерекшелікті, қоғам мүшелерінің жас мөлшері, мәдени өзгешеліктерінен 
туатын ерекшеліктерді жатқызуға болады. Бұлардың басым көпшілігі функционалдық стиль 
өзгешеліктері болып келеді. Тіл ғылымындағы әдебиеттерде бұл тәрізді өзгешеліктер 
жалпыхалықтық тілдің функционалдық нұсқалары деп те аталады. Функционалдық нұсқалар 
қауымның тілге тигізетін әр түрлі әсерінен болады. Тіл білімінің бір саласы – социологиялық тіл 
ғылымының (экстралингвистиканың) міндеті – қоғамның әлеуметтік таптарының тілге тигізетін 
әсерлерін зерттеу болмақ. 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет