емес,
тілді адам баласы өмірден, өзін қоршаған қауымнан үйреніп отырады. Мәселен, жас бала
қандай нәсілге, қай халыққа жататындығына қарамастан өзін қоршаған қауым қай тілде сөйлесе,
сол тілде тілі шығып, сөйлеп кететіндігін өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондай-ақ тіл жеке
адамның рухани қасиетіне тән психикалық құбылыста емес. Олай болса әр адамның тілі әр басқа
болар еді, халықтық, ұлттық тіл деген болмас еді.
Сонымен тіл биологиялық та, психикалық та құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс. Тілдің
шығуы туралы ХVII-XVIII ғасырларда ежелгі Грецияда өмір сүрген ғалымдар тілдің қоғам өмірімен
байланыстылығы, қоғамдағы орны туралы пікір айтып, тілдің әлеуметтік сипатын мойындады. 19 ғ.
Өмір сүрген көрнекті тіл ғылымдарының көпшілігі және Я.Гримм, В.Гумбольдт еңбектері
кейініректе туған лингвистикалық мектептердің тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берулеріне
септігін тигізді. Н. Марр мектебі ғалымдары да тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берді. Тіл
қоғам қажетін өтейтін, қоғамға қызмет ететін қоғамдық құбылыстар қатарына жатады. Пікір алысу,
сөйлесу қоғамдас көп адамдар бар жерде ғана болады, адам жоқ жерде тіл де жоқ. Адам қоғамы
қашан туған болса, тіл де осы кезеңде пайда болған.
Тілдің қоғамдық қызметінің өрісі өте кең. Бұл жағынан ол басқа
қоғамдық құбылыстардың
бәрінен, өндірістен, техникадан, ғылымнан, ойлаудан, базис пен қондырмадан да ерекше.
Басқа
қоғамдық құбылыс қоғамға қызмет еткенде, тек белгілі бір салада, бір бағытта ғана қызмет етеді, ал
тіл адамдардың қатынас құралы ретінде қоғам өмірінің барлық саласымен де, қоғам мүшелерінің
барлық ісімен де тікелей байланысты. Ол қоғамдық тіршіліктің барлық саласында бірлесіп жұмыс
істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді. Мысалы, базис қоғамға экономика
тұрғысынан, қондырма қоғамға саяси, заңдылық, эстетикалық және басқа идеялар арқылы қызмет
етеді, ал, тіл адамдардың қатынас құралы ретінде қоғам өмірінің барлық саласымен де, қоғам
мүшелерінің барлық ісімен де тікелей байланысты. Ол қоғамдық тіршіліктің барлық саласында
бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал.
Бұл тілдің өзіндік мәні, басқа қоғамдық
құбылыстардан елеулі өзгешелігі. Соның нәтижесінде тіл қоғамдық қондырмаға да жатпайды,
қоғамдағы белгілі бір тапқа тәуелді де емес, соның идеологиясы да бола алмайды.
Тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі тағы бір белгісі – қоғамдық саналы білдіретіндігінде. Тіл
қоғамға қызмет ететін болғандықтан, қоғам өмірінде болған өзгерістер мен түрлі құбылыстар
белгілі дәрежеде
тілге өз әсерін тигізеді, онда өзінің ізін қалдырады. Тіл өзінің объективті заңы
бойынша дамиды, бірақ оның дамуы қоғамның дамуымен, өзін қолданушы қауымның өмірімен
тығыз байланысты, көп жағдайда соған тәуелді болады. Тіл алдыңғы қоғамға да, оның орнына
келген жаңа қоғамдық құрылысқа да бірдей қызмет етеді. Оның себебі тіл базис пен қондырма
сияқты таптық болмайды, оны белгілі бір тап жасамайды, ол адамдардың бүкіл
даму тарихы
бойында, сол тілде сөйлейтін барлық ұрпақтың күшімен жасалып, бірте-бірте жетіліп отырады. Бұл
– тілдің басқа қоғамдық құбылыстардан тағы бір өзгешелігі.
Достарыңызбен бөлісу: