сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқаулық және әдістемелік материалдармен жұмыс жасауды
жиі қолданады. Техникалық құралдар мен компьютерлендірудің
нәтижесінде материал
жинау, оны өңдеудің мерзімі едәір қысқарады.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі мекеме басшысының міндеті – мекемешілік
ақпараттық басқару технологиясын жасап енгізу. Ол технологияны басшымен бірге
білімгерлер пайдалана алуы тиіс.
Педагогикалық жүйені басқаруда кез келген ақпарат маңызды, әсіресе жүйенің
оңтайлы жұмыс жүргізу үшін қажетті басқару ақпаратының төмендегідей топтастыруға
болады:
√
уақыты бойынша – күнделкті, айлық, тоқсандық, жылдық;
√
басқару қызметіне қарай–талдамалық,баға берушілік, конструктивті, ұйымдық;
√
жиналған мәліметтердің көзіне қарай–мектепшілік,ведомствалық, ведомстан
тыс;
√
мақсатты пайдалану бойынша–директивалық, таныстырушылық, кепілдемелік
және т.б.
Ақпараттық банк қалыптастыру, оны шұғыл қолдану, еңбектң басқару мен ғылыми
ұйымдастырудың деңгейін арттырады.
Педагогикалық ақпаратты басқару нысаны туралы әрқилы
мәліметтерден шектеуді
жүзеге асырады. Бұл шектеулердің өз шекаралары бар. Олар:
√ ақпарат ұзақ мерзімді (жылдық, жарты жылдық) перспективті жоспарлаудың
негізін құру тиіс;
√ ақпарат оқытушыға жекеленген білімгерлерлермен, топ ұжымымен жұмыс
жүргізудің міндеттерін реттеуге мүмкіндік тудыруы қажет;
√ ақпарат білімгерлермен жүргізілетін жұмыс мазмұның сұрыптаудың негізін салуға
лайық болуы шарт;
√ ақпарат оқытушыны іс - әрекеттің қандай түрін
білімгерлермен ұйымдастыру
керектігіне және ол іс - әрекет білімгерлерді неге үйрететінін түсінуге жетелуі тиіс;
√ ақпарат әрбір білімгерді нақты іс - әрекетке үйретуге, нақтылауға қызмет етуі
керек.
Жоғарыдағы талаптар сақталса ғана ақпарат басқару нысаны мен қоршаған әлем
туралы дұрыс мағлұмат береді, соның негізінде оңтайлы басқару шешімдерін өңдеуге
мүмкіндік туады. Оқытушыға ақпараттың 3 түрі аса қажет:
Достарыңызбен бөлісу: