8. -аған (-еген) жұрнағы кейбір салт және сабақты етістіктерге жалғанып, олардан мазмұнына сәйкес, белгілі бір іс-әрекетке бейімділікті білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: тебеген, қабаған, сүзеген, қашаған, береген, алаған, безеген, көреген т. б.
9. -ын (-ін, -н) жұрнағы кейбір етістіктен және кейбір көне негіздерден туынды сын есім жасайтын өнімсіз қосымшаның бірі. -ын (-ін, -н) қосымшасы өзінің жалғанатын сөзінің лексикалық мағынасына қатыстық сын есімге тән мағына жамайды. Мысалы: ортан, бүтін, еркін, ұзын, жайын т, б
Шырай түрлері және жасалуы
Җалпы зат атаулылардың белгілері басқа-басқа болулары былай тұрсын, бір түрлі белгінің өзінде (мысалы, түсінде, сапасында, көлемінде, салмағында және басқа қасиетінде) әр алуан рең болатынын, ол реңдердің өздері әр қилы дәрежеде болатынын айқындағаннан кейін, сын есімнің шырайы деген не, тілімізде қандай-қандай шырайлар бар және олар қандай тәсілдер (формалар) арқылы жасалады деген мәселелерді де анықтау қажет болады. Мысалы, Жоғарғы Советтің мәжіліс залы кең де, биік те, жарық та, салтанатты да, сәулетті де екен деген сөйлемде бір залдың өзінде бес түрлі белгі аталып тұр. Бұдан көптеген затардың алуан түрлі белгілерін салыстырудан да, бір жеке заттың әр түрлі белгілерін салыстырудан да басқа-басқа белгілер анықталғанымен, әлденеше заттың бір түрлі я біркелкі белгісінің айырмашылықтары айқындалмайды. Солай болса, салыстырудың бәрі бірдей бір түрлі сындық белгінің әрқилы дәрежесін аша алмайды.
Сын есімнің шырайы деп аталатын категорияның мазмұны да, формасы да әлденеше заттың (әр түрлі я біркелкі белгілерін емес) бір түрлі я біркелкі белгілерінің өз ара айырма-шылықтарын, демек, сол біркелкі белгілердің бір-бірінен я артық, я кем екендігін анықтау арқылы туады. Екінші сөзбен айтқанда, біреуі ақ, біреуі қызыл, біреуі қара, біреуі сары, біреуі қоңыр, біреуі көк түсті нәрселерді немесе біреуі үлкен, біреуі кіші, біреуі тік, біреуі сопақ, біреуі текше нәрселерді салыстырудан шырай категориясы тумайды.
Сонымен тіліміздегі сын есімнің мынадай төрт түрлі шырайы бар:
1) Җай шырай, 2) салыстырмалы шырай, 3) күшейтпелі шырай, 4) асырмалы шырай.
1) Жай (негізгі) шырай заттың белгісін, түсін (түрін), сапасын, көлемін, салмағын, аумағын, тағы басқа сондай негізгі сын-сипаттарын білдіретін сапалық сын есім жай шырай болып есептеледі. Мысалы: биік
тау, үлкен үй, жақсы қағаз, қызыл сия. Җай шырай формасы шырайлардың басқа түрлерін мағына жағынан да, форма жағынан да салыстыратын негізгі форма болып саналады.
2) Салыстырмалы шырай бір заттың сынын екінші заттың сынына салыстырып, сол салыстырылатын белгілердің бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді. Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар (формалар) мыналар:
a)
Достарыңызбен бөлісу: |