Лекция тақырыбы: «Сын есім. Сын есімнің лексика-семантикалық сипаты»


екіншіден, оларға сындық белгіні күшейте я өсіре түсу үшін қолданылатын үстеме буындар жамалады; үшіншіден



бет3/11
Дата04.05.2024
өлшемі2.58 Mb.
#500507
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1301-63 оқу тобы

екіншіден, оларға сындық белгіні күшейте я өсіре түсу үшін қолданылатын үстеме буындар жамалады;
үшіншіден, олар аттрибуттық семантикалық ерекшелігіне қарай (жақсы оқушы), адвербиалдық (жақсы оқиды) қызмет атқарады.
Міне, осы аталған негізгі үш белгі сапалық сын есімдердің әрі қатыстық сындардан ерекшелінетін, әрі жалпы сын есім атаулыға тән категориялық белгілері болып есептеледі.
Сөйтіп, сапалық сын есімдерге -рақ (-рек, -ырақ, -ірек), -лау, (-леу, -дау, -деу, -тау, -теу) жұрнақтары талғамай, жалғана беруімен (сарырақ, сарылау, жақсырақ, жақсылау, үлкенірек, үлкендеу т. б.)
қатар, белгінің жетімсіздігін я бәсеңдігін білдіретін -ғыш (-қыш, -гіш, -кіш), -шыл, (-шіл), -ша (-ше), -ң (-аң, -ең) тәрізді жұрнақтар да бірен-сарандап (сарғыш, ақшыл, сұрша, қуаң т. б.) жалғанады; сондай-ақ, сапалық сындарға күшейткіш үстеме буын да іркілмей (ап-анық, түп-түзу, күп-күрең т. б.) үстеле береді.
Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз. Осы ерекшелігіне қарай, қатыстық сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа
есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал) дегендегі балалы, баласыз деген туындысын есімдер үйдің баласы барлығы мен жоқтығына қатысты белгілерді білдіреді. Сол сияқты, Шоқпардай кекілі бар (Абай); Бұл - жазғы жайлы қоныс (М. Әуезов); Көтеріңкі күлкінің шыққан жеріне жұрт топырлай бастады (F. Сланов); Өткір пышақ қол кесер (мақал) деген сөйлемдердегі шоқпардай, жазғы, жайлы, көтеріңкі, өткір деген туынды сын есімдер шоқпар, жаз, жай деген есімдерге, көтер, өт деген етістіктерге қатысты сындық белгілерді білдіреді. Ал, осы қатыстық сындардың сыртқы грамматикалық көрсеткіштері - -дай, -ғы, -лы, -іңкі, -кір жұрнақтары.
Сөйтіп, қатыстық сындар зат есім, үстеу, етістік сияқты басқа сөз таптарынан болатындықтан, олардың (қатыстық сындардың) нақтылы мағыналары да өздерінің жасалуына негіз болған сөздерімен байланысты. Осы себептен қатыстық сындардың мағыналары өздерінің төркіндес (жасалған) сөздерінің синонимі сияқты болып келеді. Мысалы: аталық борыш - атаның борышы; ауылдағы адам - ауылда тұратын адам; ауыспалы қызыл ту - ауыстырылып отырылатын қызыл ту. Өздерінің бастапқы төркіндерінен алшақтап кеткен ұзақ (әңгіме), тұнық (су), ашық (сөз) сияқты негізі сын есім делініп саналатын, бастапқы ұза (ды), тұн (тұнды), аш (ашты) деген етістіктерден жасалған я туған сындарды
алсақ, олардың мағыналары да қаншалықты алыстады дегенімізбен де, өздерінің бастапқы төркіндерімен мағыналас (синонимдес) келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет