Лекция тақырыбы: «Сын есім. Сын есімнің лексика-семантикалық сипаты»



бет7/11
Дата04.05.2024
өлшемі2.58 Mb.
#500507
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1301-63 оқу тобы

1. -қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек.
1) Өзі жалғанаты салт және сабақты етістіктің лексикалық мағынасына тікелей байланысты түрлі сындық ұғымдардың атауларын жасайды. Мысалы: ашық, тұнық, суық, толық, жабық, жарық, бұзық, корқақ, қанық, қашық, жасық, шірік, ілік, жатық, бітік, құрғақ, ширақ, озық, кесек, дөңгелек т. б.
2) Еліктеу сөздерге жалғанып, олардан әр қилы қатыстық сын есімдер тудырады. Мысалы: бұлтақ, жал-
тақ еңкек, жалпақ, бұрқақ, адырақ т. б.
3) Кейбір зат есімдерге жалғанып, олардың лексикалық мағыналарына сәйкес туынды сын есім жасайды.
Мысалы: жолақ, жорғақ, қысырақ, ортақ, ирек т. т.
4. -уық (-уік) формасы етістіктен белгілі бір іс-әрекетке бейімділікті білдіретін туынды сын есімдер жа-
сайды. Мысалы: жылауық, сөйлеуік, сұрауық, сыбырлауық т. б.
2. -ыңқы, -ңқы, -іңкі, -іңкі жұрнақтары етістіктерге жалғанып, олардан сол сөздердің негізгі лексикалық
мағыналарымен байланысты туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: жатыңқы, салбыраңқы, шығыңқы, көтеріңкі, басыңқы, қамығыңқы, шашыраңқы, кебіңкі, бытыраңқы т. б.
3. -ынды, -інді, -нды, -нді. Бастапқы -ын, (-ін, -н) формасы мен -ды (-ді) формасынан құралған бұл күрделі жұрнақтар етістіктерге жалғанып, белгілі бір іс-әрекеттің нәтижесінен туған сындық ұғымның атауын
білдіреді. Мысалы: асыранды, құранды, серпінді, түйінді, туынды, жаттанды, жырынды, ағынды, шұбырынды, жасырынды т. б.
4. -малы (-мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі).
Бұлма және -лы аффикстерінен жасалған құранды форма етістіктерге жалғанып, олардың негізгі мағыналарына байланысты туған сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: ауыспалы, көшпелі, жылжымалы, бүрмелі, таңдамалы, құбылмалы, серіппелі, жинамалы, салыстырмалы, аспалы, аумалы-төкпелі, үйелмелі-сүйелмелі т. б.
5. -қыш, -кіш, -ғыш, -гіш қосымшалары етістіктерге жалғанып, олардан лексикалық мағынасына қатысты әр түрлі сындық атаулар жасайды. Мысалы: білгіш, оңғыш, күлдіргіш, тапқыш, сенгіш, болжағыш, сөйлегіш, сезгіш, ренжігіш, байқағыш, ашуланғыш т. б.
6. -шақ (-шек) жұрнағы өздік етіс формаларына жалғанып, олардың мағыналарына қатысты іс-әрекетті
істеушінің (іс иесінің) сындық қасиетін білдіреді. Мысалы: аяншақ, мақтаншақ, ұрыншақ, жасқаншақ, еріншек, тартыншақ, қызғаншақ, қорғаншақ, ашуланшақ т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет