Лекция тезистері 1-Тақырып. Спорттың мәні мен әлеуметтік қызметі. Спорттық жарыстар жүйесі


-Тақырып. Спортшыны дайындау жүйесіндегі есепке алу және бақылау түрлері



бет15/15
Дата05.10.2022
өлшемі148.5 Kb.
#462012
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
866467047058 7 Лекция тезистер

10-Тақырып. Спортшыны дайындау жүйесіндегі есепке алу және бақылау түрлері
Дәріс мақсаты: Спортшыны дайындау жүйесіндегі бақылау үшін қолданылатын әдістер мен негізгі амалдарды түсіндіру.
Тақырып сұрақтары

  1. Спорт мектептеріндегі есепке алу құжаттары

  2. Спортшының дайындық деңгейін бақылау үшін қолданылатын әдістер мен амалдар.

Дәрістің қысқаша мазмұны (тезисі)


Спорт мектептеріндегі негізгі есепке алу құжаты – жаттықтыру тобының журналы. Журналда жаттықтыру уақытының кестесі, жылдық жоспар кесте, әрбір айға құрастырылған айлық жоспар, спортшылардың жаттықтыруға қатысуларын күнделікті белгілеу кестесі (44 кесте), жаттықтырулардың әрсабақ жазулары (45 кесте), спортшылар туралы мәліметтер, олардың спорттық көрсеткіштері көрсетіледі.


44-кесте – Жаттықтыруға қатысуларды есепке алу ______________200__ж.




р/с

Тегі, аты, әкесінің аты



Ай күндері

1

3

4

5

6

8

10

11

12

13

15

17

18

1

Асаубаев Болат








































2

Семенов Илья








































3

Щербакова Аня








































45-кесте – Жаттықтырулардың әрсабақ жазулары





Күні

Жатты-у
нөмірі

Қысқаша мазмұны

Сағат саны

Бапкердің қолы

01.09.06

1

Жүгіру, бейнелеу, лақтыру жат-ы

5




03.09.06

2

Лақтыру, штанга, гимнаст жат-р

5




04.09.06

3










Жаттықтыру үрдісі барысында қолданылған әдістер мен амалдардың нәтижелік деңгейін анықтау үшін бақылау мен бағалауды қолдану қажет. Бақылау сапалы болуы үшін спортшының жаттықтыру мен жарыс жүктемелерін, амалдарды тізімдеп, қағазға түсіріп отыруы керек. Бақылау спортшы дайындығының өсу деңгейін білу үшін ғана емес, артық жаттығып болдыру деңгейіне дейін жібермеу үшін де керек.


Спортшының дайындығын бақылау міндеттеріне байланысты жедел, ағымдық және кезеңдік деп бөлінеді.
Жедел бақылау спортшының жаттығуға, бір жаттығуды орындау келісіне т.с.с. жағдайларға спортшының дайындық деңгейін анықтауына бағытталады. Бұл бақылау түрі спортшы ағзасының жаттықтыру және жарыс жүктемесіне әсерін бағлайды.
Ағымдық бақылау – микроциклдегі спортшы дайындығының негізгі белгілерін, параметрлерін бағалауға арналған.
Кезеңдік бақылау – спортшының жарыс және жаттықтыру кезіндегі әртүрлі көрсеткіштері, жүктеме қозғалысы, спорттық нәтижелерінің кезең аяғында өлшенуі, бағалануы бақылауға алынады.
Жарыс әрекетін бақылау екі бағытта орындалады: дайындық циклдері кезінде жарыс жаттығуларының нәтижелерін бақылау, бағалау және жарыс кезінде жарыс әрекетінің тиімділігін өлшеу, бағалау.
Жаттықтыру әрекетін бақылау: жаттықтыру кезінде орындалған жаттығулардың сипатын жүйелі тіркеу түрінде орындалады.
Спортшының дайындық күйін бақылау: оның арнайы, техникалық, тактикалық дайындықтарын бағалау түрінде орындалады.
Сыртқы ортаның факторлары бақылау: жарыс өткізілетін жердің ауа-райын, жарыс өткізілетін жер мен ондағы спорт жабдықтардың жағдайын, спорт құралдарының сапасын, жарыс кезіндегі көрермендердің әрекеттерін, төрешілердің дұрыс төрешілік етуін, жол жүру ұзақтығын, қонақ үйдің, тамақтанатын, демалатын жердің жағдайын бақылау, бағалау түрінде орындалады.
Спортшының дайындық күйі әртүрлі сынақ, тест жаттығулары арқылы бағаланады. Тестер үш топқа бөлінеді
- тыныштық күйде алынатын тестер (бойын, салмағын, кеуде көлемін, өкпенің тіршілік көлемін және т.б. өлшеу);
- стандарттық тестер (барлық спортшыларға бірдей жаттығулар, тапсырмалар беру);
- орындау кезінде жоғары қозғалыс нәтижесін көрсетуді керек ететін тестер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет