6-Тақырып. Спортшыны дайындаудың негізгі бөлімдері (жақтары)
Дәріс мақсаты: Студенттерді спортшыны дайындау жүйесінің негізгі бөлімдерімен таныстыру
Тақырып сұрақтары
Спорт жаттықтыруының негізгі жақтары. Дене қуаты дайындығы.
Техникалық және тактикалық дайындық
Психологиялық және теориялық дайындық
Спорт жаттықтырулары дене қуаты дайындығы, техникалық, тактикалық, психологиялық және теориялық дайындықтар деген спортшы дайындығының жақтарынан құралады.
Дене қуаты дайындығы. Спорттық жаттықтырудағы дене қуаты дайындығы спортшының ағзасының мүшелері мен жүйелерін нығайтуға, олардың қызметтік мүмкіншіліктерін жоғарылатуға, дене қуаты қасиеттерін дамытуға бағытталған. Дене қуаты дайындығы жалпы және арнайы деп бөлінеді. Арнайы дене қуаты дайындығы алдыңғы және негізгі арнайы дайындық деген екі бөлімге бөлінеді. Алдыңғы арнайы дайындық бөлімі негізгі бөлімге фундамент ретінде қаланса, негізгі бөлімі спорт түріне бағытталған қимыл дайындығын кең мөлшерде қамтамасыз етуге қолданылады. Дене қуаты дайындығы дене қуаты қасиеттерін дамыту арқылы орындалады.
Техникалық дайындық. Техникалық дайындық деп жарыс жаттығуларын орындауды жоғары деңгейде меңгеру үрдісін айтамыз. Оның негізгі міндеті – спорт түріндегі негізгі қозғалысты шеберлікпен меңгеру, дағдылану.
Әрбір спорт түрлерінде жаттығу техникасы әртүрлі болып келеді. Мысалы, гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау спорт түрлерінде жақсы техника қозғалыс әдемілігі және нақтылығымен бағаланады. Төзімділікті керек ететін спорт түрлерінде техниканы жетілдіру қимыл-қозғалысты тиімді экономиялы түрде орындауға байланысты. Мысалы, жүгіру техникасын дұрыс, экономиялы орындау. Зерттеулер нәтижесінде спортшының жүгіру қарқыны, адым ұзындығы және физиологиялық көрсеткіш - оттегі қолдану мүмкіншілігі араларында өте мәнді байланыс бар екені анықталған. Марафонды қашықтықтарға жүгірушінің дұрыс оттегі қолдануы жүгіру қарқыны 16 км/сағат, адым ұзындығы 150 см. болғанда ғана тиімді болатыны ғылыми түрде дәлелденген. Осындай байланыс суға жүзу, конькимен, шаңғымен жүгіру спорттарында да кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |