Тактикалық дайындық Тактикалық дайындық дегеніміз - жарыс кезіндегі жеңіске жету үшін пайдаланылатын әдіс - амалдарды, айла-тәсілдерді қолдана білу өнері. Тактикалық дайындық екі кезеңнен тұрады:
- спорттық күресті жүргізу жолдарын өз мүмкіншілігіне, қарсыластарының ерекшеліктеріне, жарыс жағдайларына байланысты жоспарлау;
- осы жоспарды спортшының жарыстағы мүмкіншілігіне байланысты амалдар мен жолдар арқылы іске асыру. Тактикалық дайындықты дұрыс іске асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындау керек;
- қазіргі кездегі өзі айналысып спорт түрінің тактикалық тәсілдер негізін оқу, үйрену, тиімді пайдалана білу;
- мықты спотртшылардың тактикалық тәжірибесімен танысу;
- өтетін жарыстың ережелерін, шарттарын, қарсыластарының мүмкіншіліктерін зерттеу (уақыты, жарыс өткізілетін орын т.б.).
- жарыстың тактикалық жоспарын жасау.
- тактикалық тәсілдерді, оларды орындау жолдарын тәжірибе жүзінде меңгеру;
- қарсыласына психологиялық басымдылық көрсете алу шеберлігін қалыптастыру, оны ыңғайсыз жағдайда жарысуға мәжбүр ету.
- өткен жарысты талдау, тиімді тактикалық әрекеттерді жетілдіру.
Тактикалық дайындық кезінде мынадай әр түрлі жолдар қолданылады: алдын ала жасалған тактикалық жоспарды жаттықтыру сабақтарында, жарыс жағдайына ұқсас жағдайларда қайталау; арнайы кітаптар оқу, әңгіме өткізу; бейне жазумен түсірілген жарыстарды көру, оны жан-жақты талдау.
Психологиялық дайындық. Спортшыға жарыс кезінде, жарыс жаттығуларын орындау кезінде кездесетін психологиялық қиындықтарды жеңуге тәрбиелейтін педагогикалық үрдісті психологиялық дайындық дейміз.
Психологиялық дайындық процесі екі бөлімнен тұрады:
1 Жалпы психологиялық дайындық. Ол спортшыны спортпен жүйелу түрде айналысуға, қиыншылықтарды жеңуге, еңбек сүйгіш азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған.
2 Арнайы психологиялық дайындық. Жарысқа қатысуға дайындайтын бұл арнайы дайындық – жарыс болар алдындағы кезеңде спортшының спорттық күреске психикалық дайын күйге түсуіне бағытталған. Психикалық дайындыққа батылдық, қайсарлық, ынталылық, табандылық, тәуекелшілік, ұстамдылық секілді жігер-қайрат дайындығы кіреді. Психологиялық дайындық әр түрлі әдістермен іске асады:
Достарыңызбен бөлісу: |