Лекция тезистері 1-Тақырып. Спорттың мәні мен әлеуметтік қызметі. Спорттық жарыстар жүйесі



бет10/15
Дата05.10.2022
өлшемі148.5 Kb.
#462012
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
866467047058 7 Лекция тезистер

Теориялық дайындық Теориялық дайындық кезінде спортшыларға дайындық жақтарының заңдылықтарын, олардың әдістемелерін үйретеміз. Теориялық дайындықсыз дайындықтың басқа жақтарын іске асыру мүмкін емес. Спортшы арнайы дәрістерді тындап, спорт туралы жазылған ғылыми әдістемелік, көркем, тарихи әдебиеттерді оқып, кинофильмдер көріп білімін дамытып отырғаны жөн. Спортшыны спорт түрінен дайындау жүйесінде теориялық дайындықтың маңызы ерекше. Спортшы теориялық ақпараттарды көп білген сайын спорттағы жетістіктер тезірек жоғарылайды. Теориялық білім спортшыға спорттық жетістіктерге жылдам жетуге ғана емес, күделікті өмірде де, маңайындағы адамдарды салауатты өмір салтына насихаттауда да қажет болады.


7-Тақырып. Спорттық жаттықтырулардың құрылымы
Дәріс мақсаты: Спорттық жаттықтырулардың құрылымымен таныстыру
Тақырып сұрақтары
1. Спорттық жаттықтырулардың құрылымы
2. Спорттық жаттықтырулардың кезеңдері
Дәрістің қысқаша мазмұны (тезисі)
Жаттықтыру үрдісінің ұзақтығына байланысты жоспарлаудың үлкен кезеңдік (болашақтық) және кіші кезеңдік (жедел) деген екі түрі болады. Үлкен кезеңдік жоспарлау төрт жылға немесе бір жылға арналып жасалады. Ал кіші кезеңдік жоспарлау, айлық (мезоцикл), апталық (микроцикл) және жеке жаттықтыру сабақтарына арналып жасалады. Микроциклге спортшы қатысатын жарыстардың түрі, уақыты, сол жарыстарда спортшының орындайтын міндеті, оның дайындығындағы айлық кіші міндеттер және жыл көлемінде орындалатын үлкен міндеттер сипаты, жүктеменің көлемі кіргізіледі. Әдістемелік нұсқаулар беріледі. Бақылау түрлерінің және дәрігерлік бақылаудың өткізілу уақыты белгілінеді.
Жаттықтыру үрдісі үш кезеңдерден құрастырылады. Олар: дайындық, жарыс және қалпына келу кезеңдері деп аталады.
Дайындық кезеңі Дайындық кезеңі жылдық циклде 4-5 айға, жарты жылдық циклде 2-3 айға созылады. Бұл кезеңнің міндеті организмнің мүмкіншілігін жоғары деңгейге жеткізу. Дайындық кезеңі 2 бөлімге бөлінеді.
1 Жалпы дайындық бөлімінде спортшы ағзасының жалпы қызметтік мүмкіндіктерінің деңгейін көтеру, қозғалыс қасиеті мен қозғалыс шеберлігін, дағдысын жетілдіру мәселелері шешіледі. Жалпы дайындық бөлімі екі түрлі тарту және негіздеу деген орта циклдерден турады.
Тарту циклінің мақсаты – жүктеме қарқындылығы мен көлемін жайлап өсіру. Негіздеу немесе базалық циклінің мақсаты негізгі жаттықтыру жүктемесінің көлемін орындау.
2 Арнайы дайындық бөлімінің міндеті – спортшының өзі айналысқан спорт түріне керек дене қуаты қасиеттерін, техникасын, тактикасын дамыту.
Бұл бөлімде арнайы дайындыққа 60-70 пайыз уақыт бөлінеді. Жарыс жаттығуларына ұқсас жаттығулар, бақылау, тексеру, жаттықтыру амалдары қолданылады. Бұл бөлім тексеру, дайындау, шындау циклдерінен тұрады. Тексеру, дайындау циклінде жаттықтыру жұмыстары бақылау жарыстарына қатысуымен араласа жүргізіледі. Шындау циклінде тексеру жарыстарынан кейін анықталған техника, тактика кемшіліктерін жою, айла-әдістерін шындау жаттығулары жүргізіледі. Жүктеме қарқындылығын арттыру, жаттықтыру көлемін азайту түрінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет