Лекция тезистері 1-Тақырып. Спорттың мәні мен әлеуметтік қызметі. Спорттық жарыстар жүйесі



бет14/15
Дата05.10.2022
өлшемі148.5 Kb.
#462012
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
866467047058 7 Лекция тезистер

Негізгі бөлімнің міндеті – техниканы, тактиканы жетілдіру және дене қуаты қасиеттерін дамыту болып келеді. Басында жаттығу техникасын үйрету, жетілдіру, сонан соң дене қуаты қасиетін дамыту міндеттері орындалады.
Жаттықтырудың қорытынды бөлімі жаттықтыруды қорытындылау, жүктемеден кейін спортшының ағзасын қалпына келтіру үрдісін тездету үшін өткізіледі. Денені босаңсыту жаттығулары, жеңіл жүгіру, спорттық және қозғалмалы ойындар қолданылады.
Жаттықтыру сабақтары жеке, топтық, фронтальдық, айналмалы жаттығуды орындау әдістері көмегімен өткізіледі. Әрбір жаттықтыру сабағына жоспар-конспекті жазылады. Жоспар-конспектіде жаттықтыру өткізу күні, ұзақтығы, міндеттері, жаттықтыру мазмұны, жаттығуларды орындау саны, әдістемелік нұсқаулар көрсетіледі. Үлгі түрі 43 кестеде берілген.

43-кесте – Спорт түрлерінен жаттықтыру сабағының жоспар – конспектісі





Жаттықтыру
бөлімі

Мазмұны


Мөлшері


Әдістемелік
нұсқау

Дайындық
15 – 20 минут

Жалпы бой қыздыру жаттығулары:
Жүру, жүгіру, ЖДҚЖ.

5 – 7 минут



Еркін дем алу, ағзаны жалпы қыздыру.

Арнайы бой қыздыру жаттығулары:
арнайы, ептілікке арналған акробатикалық, гимнастикалық және кеңістіктегі бейнелеу жаттығулары

10-15 минут



Бұлшық ет топтарын жақсылап қыздыру



Негізгі бөлім
50-60 минөт

Техникалық дайындық:
1.
2.
Тактикалық дайындық:
1.
2.

30-40 минут

20-30 минут



Жаттығуларды дұрыс, дәл орындау.
Жаттығуларды күрделендіре орындау

Қорытынды бөлім
5-10 минут

Терең дем алу, денені босаңсыту жаттығулары.
Жаттықтыруды қорытындылау

5-10 минут



Жаттығуларды еркін орындау

Өзін-өзі бағалау сұрақтары:



  1. Жаттықтыру үрдісінің кезеңдерін атаңыз?

  2. Дайындық және жарыс кезеңінің циклдерін атаңыз, оларға сипаттама беріңіз?

  3. Қалпына келу кезеңінің циклдерін атаңыз, оларға сипаттама беріңіз?

  4. Жоспарлау түрлері.

  5. Жоспарларды құрастыру технологиясы.

  6. Жылдық жаттықтыру кестесі қалай құрастырылады.

  7. Айлық жаттықтыру кестесі қалай құрастырылады.

  8. Жаттықтыру сабағының жоспар кестесін құрастыру технологиясы.

Әдебиет: негізгі (1,2)


қосымша (3,4,6,7,8,9, 10,11,12-17)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет