Лекция тезистері бакалавриаттың 5В012000 Кәсіптік оқыту мамандығы үшін Шымкент 2022 ф 08-19



бет4/28
Дата04.10.2022
өлшемі0.76 Mb.
#461895
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Лекция тезистері.Пед.маман.кір.

Пәнаралық байланыс: саясаттану, әлеуметтану, дүниетану.


Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, адам, индивид, білім беру, тәрбие, дүниетаным.

«Педагогикалық мамандыққа кіріспенің» ғылыми педагогикалық білімдер саласындағы рөлі мен орны. Жеке тұлға ұғымы және оның педагогикадағы сипаттамасы. Жеке тұлғаға бағытталған білім берудің концепциясы және педагогикалық іс-әрекетті компетенттілік (құзырлық) тұрғыдан қарау (арнайы, коммуникативтік, ақпараттық, әлеуметтік, тұлғалық, дербестік, жекелік, өзіндік, білімділік және т.б.) Студенттердің болашақ мамандығының маңыздылығын саналы түсінуі мен қызығушылығы негізінде жеке тұлғасының өсуі үшін мұғалімдік мамандықты таңдауы. Мұғалім тәрбие мен білім беру саласындағы тәжірибелік жұмысты жүргізуші тұлға ретінде (мектеп мұғалімі, мектепке дейінгі мекеменің немесе балалар үйінің тәрбиешісі, жоғары оқу орнының мұғалімі т.б.).


Жеке тұлға деп білімді, өмірлік тәжірибесі бар, қоғамға әртүрлі іс-әрекеттер арқылы пайда келтіретін адамды айтады. Жеке адам тек адамдар қоғамында өмір сүріп, дами алады.
Жеке тұлғаның дамуына ықпал ететін факторлар: биологиялық факторлар (тұқымқуалаушылық), орта (табиғи және әлеуметтік), тәрбие.
1. Биологиялық фактор – ұрпақтың ата-анамен биологиялық ұқсастығын елестету.
2. Орта- табиғи орта – бұл түрлі табиғат жағдайларының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы, әлеуметтік орта – жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас, адамдар, олардың көп қырлы іс-әрекеттері.
3. Тәрбие – баланың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен даму дәрежесіне байланысты іске асырылады. Тәрбие арқылы дамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін тәрбиенің құралдары мен әдістерін, формаларын пайдалану қажет.
Дүниетаным – адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Қазіргі қоғам жеке тұлғалардан маман ретінде төмендегі қасиеттерді талап етеді:

  • өз бетінше ойлай білу, талдау жасай білу, қорытындылай білу;

  • кез-келген әдебиетпен және жаңа технологиямен өз бетімен жұмыс істей білу;

  • өз ойын толық айта білу, ақпаратты қабылдай алу;

  • жақсы білім ала білу;

  • ұжыммен қарым-қатынас жасай білу, ұйымдастыра білу

Жеке тұлғаның дамуы үнемі жетіліп отыратын заңды процесс болғандықтан, оның әрбір саласы белгілі жағдайларға, іс-әрекетке, айнала қоршаған өмірге, адамдармен қарым-қатынасқа тікелей байланысыт болады. Адамның дамуы заңды процесс, ол:
а) іс-әрекет сферасында.
ә) санасы сыртқы дүниені қабылдауы, білм сферасында.
б) қоршаған ортамен және дамдармен қатынас жасау сферасында іске асады.


Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы (2007 ж.)

  2. Оконь В. Введение в общую дидактику.-М: Высшая школа, 1990

  3. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print - S, 2005. -364 б.

  4. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М., 2001.

  5. Подласый И.П. Педагогика. Минск, 2001 г

  6. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии.-М., 1998

  7. Педагогика. Дәріс курсы / Хмель Н.Д., Жанпеисова Қ.Қ. т.б. - Алматы, 2003.

  8. Харламов И.Ф. Педагогика. Минск, 2002 г.

  9. Хмель Н.Д. Жалпы бiлiм беретiн мектептегi педагогикалық процесс. -Алматы: Мектеп,1984 ж.

  10. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы, 2002 ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет