Әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Қазақстан 1998.-96 б.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы / Егемен Қазақстан. 2010.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан, 2010, 18 желтоқсан.
4. Қазақстан Республикасы жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Алматы, 2005ж.
5. Гершунский Б.С. Философия образования для ХХІ века. – Москва, 1998г.
6. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую профессую. Москва, 1999.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Білім жүйелілігін қалай түсінесіз?
2. Білім мазмұнының мәні неде?
3. Білімнің құндылық ретіндегі мәніне сипаттама беріңіз.
4. Білімнің процесс және қызмет ретіндегі мәнін ашыңыз.
5. Білім маман иесінің кәсіби біліктілігін қалыптастырудың нәтижесі ретіндегі мәніне түсініктеме беріңіз.
Лекция 8-тақырып. Педагогикалық білім беру жүйесі.
Лекцияның мақсаты: Педагогикалық білім беру жүйесі туралы түсінік беру және үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін түсіндіру
Жоспары:
1. Педагогикалық білім беру жүйесі туралы түсінік.
2.Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі.
3. Педагогикалық еңбекте мұғалімнің кәсіби өсуінің түрлері.
Негізгі ұғымдар: «ҚР білім беру туралы» Заңы. «Білім беру туралы» Заңда анықталған мұғалімдердің құқықтары мен міндеттері. ҚР жоғары кәсіптік білім беру Тұжырымдамасы. Мемлекеттік стандарттар. ҚР 2011-2020 жж. арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы.
Пәнаралық байланыс: мәдениеттану, философия, психология, әлеуметтану, саясаттану.
ҚР «Білім туралы» Заңы (2007, 2011 ж. өзерістер енгізілген) білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді., осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды; ҚР азаматтарының, сондай-ақ ҚР да тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етеді.
ҚР «Білім туралы» Заңы 12 тараудан турады: «жалпы ережелер», «білім беру жүйесін басқару», «білім беру жүйесі», «білім беру мазмұны», «білім беру қызметін ұйымдастыру», «білм беру қызметінің субъектілері», «педагог кызметкерлердің мәртебесі», «білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу», « білім беру жүйесін қаржылық қамтамасыз ету», «білім беру саасындағы халықаралық қызмет», ҚР білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық».
Заңда ҚР білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері айқындалған:
баршаның сапалы білім алуға құқытарының теңдігі;
білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
әрбір адамның зяиткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықытың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
білім берудің зайырлы, гуманистик және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
адамның құқытары мен бостандықтарын қрметтеу;
жеке дамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
білім беруді басқарудың демокраиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.
ҚР «Білім беру туралы» Заңына сәйкес білім беретін оқу бағдарламалары:
жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық);
кәсіптік (үлгілік, жұмыстық);
кәсіптік (үлгілік, жұмыстық);
қосымша бөліп бөлінеді.
Кәсіптік оқу бағдарламалары мазмұнына қарай:
техникалық және кәсіптік білім беретін;
орта білімнен кейінгі білім беретін;
жоғары білім беретін;
жоғары оқу орынынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларына бөлінеді.
Педагогикалық білім беру тұжырымдамасы болашақ мұғалімнің кәсіби даярлықтарының негізгі идеяларын оның іс-әоекет объектісін динамикалық түрде өзгеріп отыратын қоғамдық-экономикалық ситуацияның жағдайында қажетті болатын, оқушы тұлғасының қалыптасуы іске асатын тұтас педагогикалық процесс ерекшеліктеріне сүйене отырып негіздеу.
Тұжырымдама міндеттері:
1. Педагогикалық кадрлардың кәсіби даярлықтарына қажетті теориялық және тәжірибелік амалдарды жасап шығару.
2. Болашақ мұғалімдердің оқитын педагогикалық пәндер кешенін дайындау.
3. Жаңа теориялық ережелерді есепке ала егізгі педагогикалық пәндердің оқу бағдарламаларын даярлау.
Тұжырымдамада шығармашыл мұғалімнің кәсіби білімінің құрылымын реформалау мен мазмұнын жасаудағы бастау болатын мынадай ережелер айқындалған:
педагогикалық даярлықтың үздіксіздігі;
кәсіби іс-әрекет объектісі теориясының приоритеті;
теория мен тәжірибенің бірлігі;
бірінші курстан бітіруші курсқа дейін теориялық білімдерджі бірте бірте арттыру;
мұғалімнің теориялық білімдерін практикалық әрекетке ауыстыруға үйрету;
мұғалімнің стандартты емес кәсіби міндеттерін шешу амалдарына үйрету;
педагогикалық процестің жағдайларын және оқу-тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелерін зерттеу диагностикасына үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |