Лекция тезистері бакалавриаттың 5В012000 Кәсіптік оқыту мамандығы үшін Шымкент 2022 ф 08-19



бет8/28
Дата04.10.2022
өлшемі0.76 Mb.
#461895
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Лекция тезистері.Пед.маман.кір.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық іс-әрекет, педаггикалық іс-әрекеттің субъектілері, педагогикалық іс-әрекеттің объектілері, педагогикалық іс-әрекеттің қызметі, педагогикалық іс-әрекеттің құралдары, педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы.

Педагогикалық іс-әрекет – экономикалық, саяси, адамгершілік және эстетикалық мақсаттарға орай жас ұрпақты өмірге дайындауға саналы түрде бағытталған ересектер қоғамдық-пайдалы іс-әрекетінің ерекше түрі.


Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз – мұғалімнің оқу-әтрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы.
Педагогикалық іс-әрекеттер мынадай құрылымдардан тұрады:

  • іс-әрекет мақсаты;

  • іс-әрекет объектісі;

  • іс-әрекет субъектісі;

  • іс-әрекет құралы.

Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы. Педагогикалық процесс – мұғалім іс-әрекетінің объектісі. Педагогикалық процесті басқарудағы мұғалімнің қызметері. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы.
Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері: оқушыларға сүіспеншілік, педагогикалық процесті жүйелі жүргізу, бақылағыштық, педагогикалық құбылыстарға талдау жасай алуы, педагогикалық ойлаудың қалыптасуы, қарым-қатынас жасай алу, ұжымшылдық, шығармашылық және т.б.
Педагогикалық ерекшеліктер мен біліктер: конструктивтлік, ұйымдастырушылық, диагностикалық, дидактикалық, перцептивтік, экспрессивтік, қолданбалы.
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы.
Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық іс-әрекетті жоғарғы педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.
Педагогикалық іс-әрекеттер мынадай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мотивтері; іс-әрекет пәні; іс әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы.
Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен байланыстй комплексті жүзеге асырылып іс-әрекеттің компоненгтері да болды.
Осы аталған іс-әрекеттер компоненттері де болып табылатын іс-әрекет мақсаты, объектісі, субъектісі және іс-әреке құралдарын жеке-жеке алып қарайтын болсақ: Іс-әрекет мақсаты - жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді Жан-жақты тәрбиелеуді- квздейді. Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс жүзеге асыруды қажет етеді
Комплексті жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық экология, ақыл-ой тәрбиелерін тұтас бір-бірімен ұштастыра жүргізу болып табылады.
Тәрбие жұмысын комплексті жүргізу тәрбиеленушілердің санасына да, мінез-құлқына да, олардың тіршілік қызметше де бір мерзімде ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Жеке адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі: өндірістік, қоғамдық саяси, рухани адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.
Іс-әрекет объектісі - Адамдардың қалыптасуынын, объективтік негізін - қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдык. қатынастар, тұрмыс салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары сияқты адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды.
Адам жанасқан нәрселерінің бәрі - адамдар, заттар, табиғаттың және айнала қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары осының барлығы оның санасы мен мінез-құлқына, оның рухани әлпетіне ізін қалдырады. Адам коғамның белсеңді мүшесі ретінде қалыптасады. Сөйтіп, адам әркайсы қайталанбайтын дара ерекшеліктерімен көзге түседі.
Сондықтан адамға арналған педагогикалық іс-әрекетті шығармашылық негізінде ұйымдастыра білуді қажет етеді.
Баланың тәрбиесіне педагогтық іс-әрекеттің объективтік жағдайлары, қоршаған өмірде әсер етеді. Сондықтан тәрбие жұмысында өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын айналадағы объективті өмірмен байланысты үйлестіре жүрізген жөң.
Іс-әрекет субъектісі - Тәрбиеленуші және жас жеткіншектерге тәрбие жөнінен әсер етушілер: педагогтар, жанұя, педагогикалық коллектив және жұртшылықтар болып табылады
Мектеп ішінде балаларға тәрбие және оқу жұмысын ұйым-дастыратын негізгі тұлға мұғалімдер. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттері, оның білімі, білгірлігі, оқыту және тәрбие әдіс-тәсілдері үлкен әсер етеді. Нағыз балаларға лайықты, ұтымды, нәтижелі тәрбие беретін педагогтарды өзін-өзі жетілдірумен шұғылданатын, адамгершілік-ізгілік қасиеттері мол тәжірибелі шебер педагогтар деп айта аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет