Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының білім берудегі мемлекеттік саясаты.
2. Қазақстандағы білім беру жүйесін дамытудың тенденциялары.
3. Мұғалімнің кәсіби және тұлғалық қасиеттерінің үйлесімділігі.
4. Мұғалім – қоғам мен өскелең ұрпақ арасындағы сарапшы.
Лекция №23-24 Қарым-қатынас мұғалімнің кәсіби –шығармашылық іс-әрекеттің құрамды бөлігі
Лекцияның мақсаты: Педагогикалық зерттеулердің жетекші принциптері, ғылыми ізденістердің негізгі звенолары, олардың міндеттері, өзара байланысы және педагогикалық зерттеуді құрастыру логикасының жалпы негіздері жайлы түсінік қалыптастыру.
Жоспары:
1. Педагогика əдіснамасы жөнінде түсінік.
2. Педагогиканың философиялық негіздемесі.
3. Педагогиканың жалпы ғылымдық əдіснамасы.
Негізгі ұғымдар: өз бетімен білм алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу процесі, өз бетімен білім алудың әдістері, өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері, педагог тұлғасының дамуы.
Пәнаралық байланыстар: философия, психология, өзін-өзі тану, мәдениеттану.
Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-əрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің –нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі əрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика əдіснамасын педагогикалық таным жəне болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне байланысты əрқилы ғылымдар əдіснамасы сипатында көптеген философиялық бағыт-бағдарлар, теориялық көзқарастар бір қатар жасауда. Солардың ішінен бүгінгі педагогикада өз орнын тапқан келесі философиялық білімдерді ажыратуға болады: экзистенциализм, прагматизм, неотизм, неопозитивизм, диалектикалық материализм ж.т.б.
Жалпығылымдық əдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің жалпыланған байланысы жəне өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол əрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай-ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне бағдарлайды.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
- педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бəрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары жəне себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды əрі дамиды;
- құбылыстарды даму барысында зерттеу;
- бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
- зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген əдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
- зерттеу əдістері зерттелетін құбылыстың мəн-мағынасына сай келуі;
- даму процесін сол дамудың қозғаушы күші жəне даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс жəне өзіндік даму ретінде қарастыру;
- сынақталушыға, білім-тəрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік- инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
Достарыңызбен бөлісу: |