Лекция тезистері бакалавриаттың 5В012000 Кәсіптік оқыту мамандығы үшін Шымкент 2022 ф 08-19


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет10/28
Дата04.10.2022
өлшемі0.76 Mb.
#461895
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Лекция тезистері.Пед.маман.кір.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. «Педагогикалық іс-әрекеттің компоненттері» кестесін құру.
2. Педагогикалық іс-әрекеттің ерекшеліктерін тезисті түрде сипаттау.
3. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымдық және функционалдық компоненттерінің ара қатынастарын анықтау және оны сызба түрінде бейнелеу.
Лекция № 19-20 Болашақ мұғалімдерді даярлаудағы философияның мәні


Лекцияның мақсаты: Педагогтың кәсіби дайындығына қойылатын талаптарды ашып көрсету.
Лекцияның міндеттері:

  • «Кәсіби біліктілік ұғымы».

  • Педагогтың педагогикалық біліктілігінің құрылымы.

  • Педагогтың теориялық және практикалық даярлығының мазмұны.

  • Педагогтың кәсіптік біліктілігі мен шеберлігі.



Жоспары:

  1. Педагогтың кәсіби дайындығына қойылатын талаптар.

  2. Педагогикалық білім беру жүйесіндегі педагогтың жеке басының дамуы.

  3. Студенттің оқу еңбегінің мәдениеті.

  4. Болашақ педагог – студенттің кәсіби тұрғыдағы өзін-өзі тәрбиелеуі.

Мұғалімнің сақаққа дайындығы іштей өзара байланысты екі кезеңнен қалыптасады: тақырыптар бойынша сабақтар жүйесін жоспарлау және осы жоспарлауды әр сабаққа пайдалана отырып нақтыландыру, жекелеген сабақтардың жоспарларын құру және ойластыру.


Сабаққтың табысты өтуі және қойылған мақсаттарға қол жеткізу көбіне мұғалім мен оқушының бірлесіп істеген шығармашылықтарынан көрінеді, бұл өз кезеңінде олардың сабаққа дайындықтарына байланысты.
Тақырыптық жоспарлау сабақ жүйесінде оқу-тәрбие үрдісін және тақырып бойына сабақтан тыс немесе оқу бағдарламасының білім беру, даму және тәрбиелеу қызыметінің тиімді жолдарын анықтапжүзеге асыруға арналған. Тақырыптық жоспарлаудың табысты болуы мұғалімнің оқушылар нені түсініп, немен танысып, нені біліп, нені істеу керектігін және т.б.сезінуіне байланысты. Сондықтан тақырыпты жоспарлау мұғалімнің пән бойынша оқу бағдарламасын, оқу стандарттын, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту мақсатында тақырып бойынша дидактикалық есептердің шешімін дұрыс таңдауынан басталады. Тақырыптық жоспарда сабақтың жүйелілігі, негізгі тараулары және сабақта орындалатын жұмыс түрлері, пәнаралық байланыс және әр сабақты көрнекіліктермен қамтамасыз ету қажеттілігі көрсетіледі. Тақырыптық жоспардың ең тиімді, ғылыми дәлелденген кестесін белгілі дидакт М.И.Махмутов ұсынған. Бұл кестенің мазмұны төмендегідей:
Тақырыптық жоспарлаудың схемасы
Сабаққтардың рет саны:
1.Тақырыптың аты.
1) Сабақтың мақсаты.
2) Сабақтың түрі.
3) Оқытудың жалпы әдістері.
4) Жабдықтау және ақпараттың көзі.
5) Сабақтардың жүйесі бойынша бақылау жұмыстарының түрлері.
2. Өзектілік.
1) Тірек білімдері (түсініктеме және деректер) және қызымет тәсілдері.
2) Өзбетінше жұмыстың түрлері.
3.Жаңа ұғымдарды және іс-әрекеттер тәсілдерін қалыптастыру.
1) Жаңа ұғымдар және іс-әрекет тәсілдері.
2) Негізгі және екінші дәрежелі мәселелер және өз бетінше жұмыстың түрлері.
4.Практикалық (біліктілік дағдыны қалыптастыру).
1) Өз бетінше жұмыс түрлері.
2) Пәнаралық байланыс.
5.Үй тапсырмасы.
1) Қайталау (оқу материалының көлемі).
2) Өз бетінше жұмыс түрлері.
Тақырыптық жоспарлаудың берілген схемасы негізіне М.И.Махмутов сабақтың дидактикалық құрылымын сипаттайды.Білімнің элементтері және іә-әрекетің тәсілдері, өзіндік жұмысының үлгілері, яғни оқытудың мазмұны мен тәсілдері сияқты компоненттері бар. Бірақ тақырыптық жаспарлаудың берілген кестесі педагогикалық догма балып табылмайды, оның негізгі талаптарымен шығармашылық ізденістің әдістеріне және жүзеге асыру тәсілдеріне бағыт қана береді. Мұғалімнің сабаққа тікелей дайындығы-бұл сабақты жоспарлау, әр жеке алған сабаққа қолданатын тақырыптық жоспарлауды анықтау, жоспары ойламтырылады және жасалады. Ол тақырыптық жаспардың негізінде, бағдарламаның мазмұнына, мұғалімнің оқушыларды білуі, сондай-ақ олардың дайындығының деңгейінде жасалады. Сабақты жоспарлауда және оны жүргізудің техналогиясын әәзірлеуде екі өзара байланысты бөлімдер бөлінеді. а) сабақтың мақсатын әр қадамын ойлау; б) сабақ жоспарының әр түрін дәптерге жазу;
Бағдарлама материалының мазмұнына шыға отырып, мектептің материалдық базасынан және берілген оқу жағдайында ұйымдастыруға болатын оқушының оқу маткриалы мен іс-әрекетімен сипаттамасына сабақтың мақсаты анықталады. Сабақ дайындығының бұл бөлімінде мұғалім сабаққа болжау жасайды, оны оймен жүргізуі,өзінің іс-әрекеттерінің біршама сенарийін және оқушылардың бірлескен іс-әрекетін құрайды. Өзінің қызыметіндегі бағытының негізгі мазмұнынжәне оқушылардың сабақтағы қызыметін анықтағаннан кейін, мұғалім оқушылар меңгеру тиіс қажетті және жетткілікті материал дайындайды.Белгіленген түсініктермен жұмыс істегенде оқушылардың белсенділігін оятуға қажетті өте көлемді және көрнекті материалды материалды таңдайды, сұраққтарды талдап қорыту, қолданатын есептер түрінде бағытты белгілейді, алдағы жұмыстың деңгейінен шыға отырып, сабақтың құрылымын күні бұрын анықтайды. Оқушылардың және өзінің мүмкіндіктерін бағалайды және сабақта өзгеретін жағдайларға байланысты сабақтың мазмұнына қосымша ақпараттар енгізеді, сабақтардағы өзгерістерге байланысты өзін психологиялық зейіні күшейеді.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы, сонымен қатар оқу материалын дұрыс талдап, оны оқудың кезеңдеріне сәйкес құрылымдау ғана емес, қажатті сұрақтар да, жауаптар, осы материалмен жұмыс кезіндегі оқушының өзінің ой-пікірі-оның қабылдауы,ұғынуы және т.б. мұндай талдау қалай дұрыс өткізілсе, сабақ өткізу үрдісінде мүлде күтпеген жағдайларға кезігуі аз болады. Мұндай тыңғылықты талдаудан кейін сабақты мұғалім канспект-жоспардың жазуын жүзеге асырада. Мұндай сабақтың конспектісі,әсіресе, алғашқы мұғалім үшін анық, толық жазылады. Мұндай конспект оның жұмысында бір ғана сыныпта емес,бір параллельдегі барлық сыныпта тірек қызметін атқаруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет