Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі



Pdf көрінісі
бет18/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72
1.Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі. Қылмыстық заңда қылмыстық 
жауаптылықтың түсінігі берілмеген. Мұндай анықтама тек қылмыстық құқық 
ғылымында ғана айқындалған. Мемлекетіміз өз азаматтарынан, елімізге 


24 
сырттан келгендерден конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік 
талаптарды қатаң орындауды талап ете отыра, оны орындамаған ретте оларға 
заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік 
жүктеледі.Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық 
жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттік заң 
шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тиым салынған 
қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. 
Қылмыстық жауаптылық — бұл қылмыс жасаған адамның тек мемлекет 
алдында жауапты болуы ғана емес, сонымен катар, қылмыстык-құқықтық 
шараны қолдану нәтижесінен болған кінәлінің қиналуы, оның кейіп, өкінуінен 
тұратын және мемлекет алдында қылмысы үшін тәуелді түрде айыпты болуы.
 
2. 
Қылмыстық 
жауаптылықтың 
негіздері. 
Қылмыстық 
жауаптылықтың негіздері мәселесінің үлкен теориялық және тәжірибелік мәні 
бар. Өйткені бұл құқық қорғау қызметіндегі заңдылықтың сақталуымен, 
қоғамдық 
қатынастардың 
реттелуімен, 
адамның 
құқықтары 
мен 
бостандықтарының қорғалуымен, сот әділдігінің жүзеге асуымен тығыз 
байланысты.
Қылмыстық жауаптылықты талдай келе оның негізін былайша 
тұжырымдауға болады: «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау, яғни 
қылмыстық заңда көрініс тапқан қылмыс не қылмыстық теріс қылық 
құрамының барлық белгiлерi бар іс-әрекеттер қылмыстық жауаптылықтың 
бiрден-бiр негiзi болып табылады» (4-бап). Адамның қоғамға қауіпті іс-әрекеті 
заңмен карастырылған мән-жайларға байланысты қауіпті деп танылып, қылмыс 
кұрамының белгілері анықталса, сотпен кінәлі деп табылып қылмыстық 
құқықтық шара қолданылады.
Бiр жасаған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн ешкiмді де қылмыстық 
жауаптылыққа қайтадан тартуға болмайды. Қылмыстық заңды ұқсастығы 
бойынша қолдануға жол берiлмейдi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет