31
Кейбір жағдайларда қылмыстық іс-әрекет сөз жүзінде де жасалады.
Мысалы қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн
әдепсiз түрде кемсiту, жала жабу, яғни басқа
адамның ар-намысы мен қадiр-
қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған
мәлiметтер тарату немесе дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу
жалған хабарлау.
Әрекетсіздік әрине мінез құлықтың енжарлық нысаны болып
саналады. Әрекетсіздік қылмыстық құқықтық мағынаға ие болуы үшін
мынадай бірнеше белгілердің жиынтығына сәйкес келуі тиіс:
- Әрекетсіздіктің нақты көрінісі неде, яғни кінәлі адам өзіне жүктелген
нақты қандай міндеттерді істемеді?
- Әрекетсіздік жасаған адам осы нақты әрекеттерді істеуге міндетті ме?
- Осы әрекеттерді ондай адамның істеуге нақты мүмкіндіктері болды,
ма?
Кінәлінің өзіне жүктелген белгілі бір міндеттерді, талаптарды
орындамауы әр түрлі жолдармен белгіленеді:
-Заң талабынан. Мысалы заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша
көмек көрсетуге мiндеттi адамның дәлелдi
себептерсiз науқасқа көмек
көрсетпеуi, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы
зиян келтiруге әкеп соқса.
-Кәсіптік немесе қызмет талаптарынан, санитарлық-эпидемиологиялық
ережелермен.
-Келісім шарттан, контрактіден.
-Отбасылық,
туыстық қатынастардан, қамқоршы және қорғаушы
құқығынан.
-Адамгершілік нормасы мен мінез құлық ережелерінен. Мысалы,
өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi жағдайдағы және сәбилiгiне, қарттығына,
науқастығына немесе өзге де дәрменсiз күйiнiң салдарынан өзiн-өзi сақтап қалу
шараларын қабылдау мүмкiндiгiнен айырылған адамды көрiнеу көмексiз
қалдыру, кiнәлi кiсiнiң ол адамға көмек көрсету мүмкiндiгi
болған және ол
адамға қамқорлық жасауға мiндеттi болған не оны өмiрiне немесе
денсаулығына қауiптi күйде өзi қалдырған жағдайларда немесе көлiк құралын
жүргiзушi және жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн
бұзған адамның зардаптар болған жағдайда жол-көлiк оқиғасы болған жерден
кетiп қалуы.
Достарыңызбен бөлісу: