19
қоспағанда) білмеуі немесе дұрыс түсінбеуі заңнамалық актілерді не адамның
және азаматтың немесе тұлғалардың шексіз тобының құқықтары мен
бостандықтарын бұзуға алып келуі мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздер
болғанда, прокурор заңнамалық актінің мазмұнына түсіндірме береді.
Мұндай түсіндірме беру прокурорлық қадағалау актісі болып табылады
және "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес
енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне
ресми түсіндірме беруді Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен
бірлесіп жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік саясатты жүргізетін, белгілі бір салада (қызмет аясында)
реттеу мен басқаруды жүзеге асыратын немесе тиісті мәселелерді шешу өз
құзыретіне жатқызылған мемлекеттік органдар не өзге де мемлекеттік органдар
өздеріне берілген өкілеттіктерге сәйкес нақты субъектілерге қатысты немесе
нақты жағдайға қолдануға қатысты нормативтік құқықтық
актілерге өз құзыреті
шегінде түсiндiрме бере алады.
Мұндай түсіндірмелердің міндетті заңдық күші болмайды және олар
ұсынымдық сипатқа ие.
Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілерінің
құрылымы келесіден тұрады:
1. Нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісі кіріспе,
сипаттау және қарар бөліктерінен тұрады.
2. Нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісінің кіріспе
бөлігінде:
1) нормативтік құқықтық актінің нормасына түсіндірме
беруші уәкілетті
органның атауы;
2) түсіндірме берілетін норма қамтылған нормативтік құқықтық актінің
құрылымдық элементін, түсіндірме берілетін норманы қамтитын нормативтік
құқықтық актінің қабылданған күні мен нөмірін көрсете отырып,
ресми
түсіндірме беру актісінің атауы;
3) нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісінің
қабылданған жері мен күні;
4) нормативтік құқықтық актінің нормасына соның бастамасы бойынша
түсіндірме беріліп отырған органның не жеке немесе заңды тұлғаның атауы
көрсетіледі.
3. Нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісінің сипаттау
бөлігі түсіндірме берілетін норманың сипаттамасы мен мазмұнын талдауды
қамтуға тиіс.
4. Нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме
беру актісінің қарар
бөлігі нормативтік құқықтық акт нормасының мәні мен мазмұнын түсінікті
ететін уәкілетті органның қорытындысын қамтуға тиіс.
20
Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілерін
жариялау
Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілерін
жариялау нормативтік құқықтық актіде қамтылған нормаларға түсіндірме
берген уәкілетті органның (лауазымды адамның) интернет-ресурсында жүзеге
асырылады.
Соттық
түсіндірме деп — соттың нақты бір қылмыстық істі қараудағы
беретін түсіндірмесін айтамыз. Сот талқылауын жүзеге асыру Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының құзыретінде.
Нақты бір жағдайларға байланысты қылмыстық
істі қараудағы беретін
соттық түсіндірмені кездейсоқ (казуалдық) түсіндірме деп айтамыз.
Жоғарыда аталған барлық түсіндірулердің түрлерін ресми түсіндіру деп
атаймыз.
Түсіндірілудің ресми емес түріне мыналар жатады: (доктринальных)
ғылыми, кәсіби, күнделікті.
Достарыңызбен бөлісу: