Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған



Pdf көрінісі
бет15/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72
Доктриналдық/ғылыми түсіндіру — ғылыми мекемелердің, зангер-
ғалымдардың, 
оқулықтарда, 
монографияларда, 
ғылыми-тәжірибелік 
мақалаларда, баяндамаларда, дәрістерде заңды күшіндегі қылмыстық заңдарға 
түсініктеме беруі. 
Мұндай түсіндірудің міндеттік күші жоқ, бірақ ол заңды дұрыс түсінуге 
және қолдануға ықпал етеді. 
Осы қылмыстық заңды қолданудың әр түрлі аспектілері бойынша 
заңгерлердің, құқық қолдану және құқық қорғау қызметкерлерінің берген 
түсіндіру болып табылады. Мұндай түсіндірудің де міндетті күші жоқ және кез-
келген заңды салдарға әкеп соқпайды. Бұл да заңның мағынасын түсінуге 
көмектеседі. 
Жай түсіндіру - кез келген кәсіби емес құқықтық қатынастарға 
қатысушының тұрмыстық деңгейде жүргізілген түсіндіруі. 
Әдістеріне қарай түсіндіру, грамматикалық жүйелі және тарихи 
болып табылады
Грамматикалык, (филологиялык) түсіндіру — заңның мазмұнына 
грамматикалық анализ жасаумен қатар этимологиялық және синтаксистік 
ережелердің көмегі арқылы қылмыстық заңда қолданылатын жекелеген 
терминдердің, сөздердің және анықтамалардың мәні мен мағынасын ашып 
көрсетуден тұрады. Заңда қолданылатын терминдердің, ұғымдардын түсінігі, 
қылмыстық заң нормаларының өзінде де берілуі мүмкін. Мысалы, ҚР ҚК 3-
бабында Кодексте қамтылған кейбір ұғымдарға нақты түсіндірме берілген. 
Жүйелі түсіндіру — қылмыстық заңның мазмұнын, оның қылмыстық заң 
жүйесіндегі алатын орнын басқа қылмыстық зандармен және мазмұны жағынан 
ұксас қылмыстық-құқықтық нормалармен салыстыра отырып, ажыратуды 
белгілейді.
Тарихи түсіндіру — қылмыстық занды қабылдауға негіз болған 
әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайларды ескере отырып, заңның мәнін


21 
заң жобасының тарихын және заңның шығарылу себептерін анықтай отырып 
және бұрынғы қылмыстық заңмен салыстыра отырып түсіндіруден тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет