Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған



Pdf көрінісі
бет48/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   72
Бас бостандығын шектеу. Бас бостандығын шектеу - сотталған адамға 
бiр жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгілеуден 
тұрады. Бас бостандығын шектеу сотталған адамның тұрғылықты жері 
бойынша қоғамнан оқшауланбай өтеледі. Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқуда 
жоқ бас бостандығын шектеуге сотталғандар жергілікті атқарушы органдар 
айқындайтын орындарда, бірақ жылына екі жүз қырық сағаттан аспайтын 
мәжбүрлі еңбекке тартылуға жатады. 
Бас бостандығын шектеуге сотталған кәмелетке толмағандар, жүктi 
әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас 
балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол 
жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер
бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер мәжбүрлі еңбекке тартылмайды.
Өзге жазаны бас бостандығын шектеуге ауыстырған жағдайда, ол бір 
жылға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін, бұл ретте сотталған адам 
мәжбүрлі еңбекке тартылмайды. Мәжбүрлі еңбекке тарту күніне сегіз сағатқа 
дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан асырылмай өтеледi (ҚР ҚК-тің 44-
бабының 1 бөлігі).
Пробациялық бақылауды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады 
және сот шешімі бойынша сотталған адамның: сотталған адамның мінез-
құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, 
тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын ауыстырмау; белгілі бір 


64 
орындарға бармау; алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс 
жолдары арқылы берілетін аурулардан емделу курсынан өту; отбасын 
материалдық қолдауды жүзеге асыру мiндеттерiн; сотталған адамның түзелуіне 
және оның жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алуға 
ықпал ететін басқа да міндеттерді орындауды қамтиды. 
Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қаскөйлікпен 
жалтарған жағдайда, бас бостандығын шектеудiң өтелмеген мерзiмi дәл сол 
мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға ауыстырылады. Бұл ретте 
бас бостандығын шектеудi өтеу уақыты қылмыстық заңның 46-бабының 
ережелері ескеріле отырып, бас бостандығын шектеудiң бiр күнi үшiн бас 
бостандығынан айырудың бiр күнi есебiмен бас бостандығынан айыру 
мерзiмiне есептеледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет