65
бас бостандығынан айыру он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға,
әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге
тағайындалмайды. Кешірім жасау тәртібімен өмір
бойына бас бостандығынан
айыру белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.
Бас бостандығынан айыруды:
1) абайсызда жасаған қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға
сотталған, сондай-ақ қасақана қылмыс жасағаны үшiн бiр жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалған, алғаш рет сотталған
адамдарға – колония-қоныстарда;
2) қасақана онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар және
ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бiр жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан
айыруға алғаш рет сотталған
адамдарға және айыппұл, түзеу жұмыстары, бас
бостандығын шектеу бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға –
жалпы режимдегi түзеу колонияларында;
3) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға алғаш
рет сотталған адамдарға, сондай-ақ егер сотталған адам бұрын бас
бостандығынан айыруды өтеген болса, қылмыстардың қайталануы кезінде және
әйелдерге қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде – қатаң режимдегi түзеу
колонияларында;
4) қылмыстардың қауiптi қайталануы кезiнде, сондай-ақ өмiр бойына бас
бостандығынан айыруға сотталған адамдарға – ерекше режимдегi түзеу
колонияларында өтеу тағайындалады.
Аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бес
жылдан астам мерзiмге бас
бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауiптi
қайталануы кезiнде жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн, бiрақ бес жылдан аспайтын
мерзiмді түрмеде өтеу тағайындалуы мүмкiн.
Үкiммен тағайындалған түзеу мекемесiнiң түрін өзгертудi Қазақстан
Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес сот жүргiзедi.
Достарыңызбен бөлісу: