60
Қосымша жазалар — негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның
мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазаларды айтамыз.
Жазалардың бұл түрі негізгі жазаларды ғана қолдану жазаның мақсаттарын
қамтамасыз етпейтін жағдайда қолданылады.
2. Жазаның түрлерi. Қылмыстық заңның 40-бабына сай келесі жаза
түрлерi көрсетілген:
1. Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін
кінәлі деп танылған адамға
мынадай негiзгi жазалар:
1) айыппұл;
2) түзеу жұмыстары;
3) қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) қамаққа алу қолданылуы мүмкiн.
2. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негізгі
жазалар:
1) айыппұл;
2) түзеу жұмыстары;
3)
бас бостандығын шектеу;
4) бас бостандығынан айыру;
5) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.
3. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған
адамға негізгі жазамен қатар мынадай қосымша жазалар:
1) мүлкін тәркілеу;
2) арнаулы, әскери
немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен,
дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк
сыныбынан және мемлекеттiк
наградаларынан айыру;
3) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
құқығынан айыру;
4)
шетелдікті
немесе
азаматтығы
жоқ
адамды
Қазақстан
Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу қолданылуы
мүмкін.
Жазаның негізгі түрлеріне тек өзінше бөлек
тағайындалатын жазалар
жатады, олармен басқаларды толықтыруға болмайды, жазаның негізгі
мақсаттарын орындау осылармен байланыстырылған ҚК-тің 40-бабына сәйкес,
жазаның мұндай негізгі түрлеріне мыналар жатады: айыппұл; түзеу
жұмыстары; бас бостандығын шектеу; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы.
Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі
деп танылған адамға мынадай
негiзгi жазалар: айыппұл; түзеу жұмыстары; қоғамдық жұмыстарға тарту;
қамаққа алу.
Қылмыс жасаған адамға ҚК-тің
Ерекше бөліміндегі нормалар
санкциясында белгіленген негізгі жазалардың біреуі ғана қолданылады.
Мысалы, түзеу жұмыстары бас бостандығынан айырумен бірге бір санкцияда
қарастырылғанмен, оларды бір-біріне толықтыру ретінде тағайындауға
болмайды.