57
Қарапайым қайталану — бұл қауіпті қайталанудың белгілеріне сәйкес
келмейтін қайталану.
ҚК-тің 14-бабының екінші бөлігіне
сәйкес қылмыстың қайталануы
төмендегідей жағдайларда қауіпті қайталану деп танылады:
1) егер осы адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас
бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмысы үшін
сотталған
болса, ауыр қылмыс жасағаны;
2) егер ол бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан
айыруға сотталған болса, аса ауыр қылмыс жасағаны танылады.
Он сегiз жасқа дейінгі адамның жасаған қылмыстары үшін сотталғандық,
сондай-ақ Қылмыстық кодексте белгіленген тәртіппен
алып тасталған немесе
жойылған сотталғандық қылмыстардың қайталануын және қылмыстардың
қауіпті қайталануын тану кезінде есепке алынбайды.
Қылмыстардың қайталануы және қылмыстардың
қауіпті қайталануы
Қылмыстық кодексте көзделген негiздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға
әкеп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: