Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


 Тақырып: Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы



Pdf көрінісі
бет68/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
18 Тақырып: Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы 
 
Мақсаты: 
кәмелетке 
толмағандардың 
қылмыстық 
жауаптылығының жалпы сипаттамасын, кәмелетке толмағандарға 
тағайындалатын жаза түрлерін түсіндіру 
 
Жоспары: 
1.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы 
мәселелерi 
2.Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi 
3.Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және оларға тәрбиелiк әсерi 
бар мәжбүрлеу шараларын қолдану 
 
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы 
мәселелерi. 
Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша 
қылмыстық жауаптылыққа, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта 16 
жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға жатады. Ал кейбір жағдайларда қоғамға 
қауіптіліктің деңгейіне қарай, заңда көзделген қылмыстарды жасағандығы үшін 
кәмелетке толмағандар 14-жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа 
тартылады.
ҚК-тің 80-бабына сәйкес кәмелетке толмағандар деп қылмыстық құқық 
бұзушылық жасаған уақытқа қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге 
толмаған адамдар танылады.
 
 


90 
2. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi. ҚК-тің 81-
бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға мынадай жаза түрлері тағайындалады: 
1) белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру; 
2) айыппұл; 
3) түзеу жұмыстары; 
4) қоғамдық жұмыстарға тарту; 
5) бас бостандығын шектеу
6) бас бостандығынан айыру.
Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезiнде, Қылмыстық 
кодекстiң 52-бабында көзделген мән-жайлардан басқа, оның өмiрi мен 
тәрбиесiнiң жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де 
ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы жағынан үлкен адамдардың ықпалы 
ескерiледi. 
Кәмелетке толмаған жас жеңiлдететiн мән-жай ретiнде басқа да 
жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта ескерiледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет