84
6.Сотталғандықтан арылу және жою
1.Қылмыстық жазадан босатудың түсiнiгi. Қылмыстық құқықтағы
қылмыстық жазадан босату институты, белгілі бір санаттағы қылмыс жасаған
адамға тиімді бола отырып мемлекет атынан болатын әлеуметтік сипаттағы
қатынастарды реттеуге бағытталған. Қылмыстық жазадан, ракымшылық немесе
кешірім жасау актісі негізінде босатуды қоспағанда, қылмыстық жазадан заңда
көрсетілген негіздер мен тәртіптерге сай босату, сонымен қатар тағайындалған
жазаның жеңілірек болуы тек қана соттың құзыретімен жүзеге асады деп айтуға
болады.
2. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату.
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде
босату өзінің мазмұнына
қарай, жазаны өтеу сатысындағы жазадан босатудың түрі болып табылады.
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату деп сотталған адамды
үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға, адал көзқарасы негізінде үкім бойынша
тағайындалған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босата отырып, оған сынақ
мерзімі ішінде жаңадан қылмыс жасамау шартын қоюды айтамыз.
Егер сот адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет
етілмейді деп танитын болса, сот бас бостандығын шектеуді немесе бас
бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамды ҚК 72- бабының үшінші,
төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде
өтегеннен кейін шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуы мүмкiн.
Бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды өтеп
жатқан адам ҚК 72- бабының үшінші, төртінші
және бесінші бөліктерінде
көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін, қылмысымен келтірілген
залалды толық өтеген және ол жазаны өтеудің белгіленген тәртібін
қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылуға
жатады.
Адамдардың қаза табуына әкеп соқтырмаған
және аса ауыр қылмыстың
жасалуымен ұштаспаған террористік немесе экстремистік қылмысы үшін
тағайындалған бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам, ҚК 72- бабының
үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде
өтегеннен кейін, егер ол террористік немесе экстремистік қылмыстарды
болдырмауға, ашуға немесе тергеп-тексеруге, террористік немесе экстремистік
топтардың қатысушыларын әшкерелеуге белсенді түрде жәрдемдескен болса,
сот оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.
Бұл ретте адам жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара
босатылуы мүмкін.
Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуден шартты түрде
мерзiмiнен бұрын босатылған адамға жазасының қалған өтелмеген бөлiгi
iшiнде сот Қылмыстық кодекстің 44-бабы екінші бөлігінің қағидалары
бойынша пробациялық бақылауды белгілейді. Шартты түрде мерзімінен бұрын
85
босатуды қолдану кезінде адамға сондай-ақ
Қазақстан Республикасының
Қылмыстық-атқару кодексінде көзделген міндеттер жүктеледі.
Жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі
тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан
әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бірінші немесе
екінші топтағы мүгедектерге жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын
босату қолданылуы мүмкін қылмыстың ауырлығына қарай тиісті мерзімді
өтегеннен кейін (ҚК 72- бабының төртінші бөлігі).
Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату үшін, міндетті
түрде сотталған адамның бас бостандығынан айыруды іс жүзінде
өтеген
мерзiмi алты айдан кем болмауы керек.
Сот тағайындаған өмiр бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан
адам, егер сот оның бұл жазаны одан әрi өтеуін қажет етпейдi деп таныса және
ол бас бостандығынан айырудың кемiнде жиырма бес жылын іс жүзінде өтесе,
шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн. Егер сот тағайындаған өмір
бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам процестік келісімнің
барлық талаптарын орындаса, ол бас бостандығынан айырудың кемінде он бес
жылын іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы
мүмкін.
Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылған адам, егер жазаның
қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде:
1) екі және одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасап, олар үшiн
оған әкiмшiлiк жаза қолданылса немесе шартты түрде мерзiмiнен бұрын
босатуды қолдану кезiнде өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан дәлелсіз
себеппен екі реттен артық жалтарса не бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылғаннан кейін таңдалған тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін бес
жұмыс күні ішінде дәлелсіз себеппен келмесе,
сот уәкілетті мемлекеттік
органның ұсынуы бойынша шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн
жою және жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн орындау туралы қаулы шығара
алады;
2) қылмысты абайсызда жасаса, сол сияқты жүктi әйел, жас балалары бар
әйел, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркек, елу сегіз жастағы
және ол жастан асқан әйел, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркек,
бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедек
қылмыстық теріс қылық, қасақана онша
ауыр емес қылмыс жасаған жағдайларда, жаңа қылмыс үшін жаза тағайындау
кезiнде шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою не оны күшінде
қалдыру туралы мәселенi сот шешедi. Егер сот шартты түрде мерзімінен бұрын
босатудың күшін жойса, жаза үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау
қағидалары бойынша тағайындалады;
3)
қылмысты қасақана жасаса, осы бөліктің 2) тармағында көрсетілген
жағдайларды қоспағанда, сот оған үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау
қағидалары бойынша жаза тағайындайды.
Шартты түрде мерзімінен бұрын босату өлім жазасы түріндегі жаза
кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамға,
86
адамдардың қаза табуына әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан
террористік немесе экстремистік қылмыс үшін сотталған адамға, жас балаларға
жыныстық
тиіспеушілікке
қарсы
қылмыс
үшін
сотталған
адамға
қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: