Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және оларға тәрбиелiк



Pdf көрінісі
бет69/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
 
3. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және оларға тәрбиелiк 
әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану. Қылмыстық теріс қылық немесе 
онша ауыр емес қылмыс жасаған не ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет 
жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа 
тартпай-ақ түзеуге болады деп белгiленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан 
босатуы мүмкiн. Бұл ретте оған тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары 
қолданылуы мүмкiн. 
Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы 
орташа қылмыс жасағаны үшiн бiрiншi рет сотталған кәмелетке толмаған 
адамды, егер оны түзеуге тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану 
арқылы қол жеткiзуге болады деп танылса, сот жазадан босатуы мүмкiн. 
Қазаға ұшыратумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған 
кәмелетке толмаған адамды сот, Қылмыстық кодекстің 68-бабының екінші 
бөлігінде көзделген жағдайларда, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. 
Мына көрсетілгендер тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары болып 
табылады:
1) ескерту; 
2) ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың не 
мамандандырылған мемлекеттiк органның қадағалауына беру; 
3) келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетiн жүктеу; 
4) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мінез-құлқына 
ерекше талаптар белгiлеу; 
5) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру; 
6) жәбірленушіден кешірім сұрау міндеттемесін жүктеу; 
7) пробациялық бақылау белгілеу. 
2. Кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпалы бар бiрнеше мәжбүрлеу 
шарасы бiр мезгiлде тағайындалуы мүмкiн. 


91 
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе 
емдеу-тәрбие мекемелері болып табылады және кәмелетке толмағандарды 
тәрбиелеудің, оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше жағдайларын 
қамтамасыз ету мақсатында құрылады. 
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына тәрбиелеудің
оқытудың ерекше жағдайларын қажет ететін және арнаулы педагогикалық 
тәсілді талап ететін он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар 
мынадай жағдайларда, егер олар: 
1) өздеріне қатысты қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа 
толмағанына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы 
шығарылғаннан кейін қоғамға қауіпті іс-әрекетті қайтадан жасаса; 
2) орташа ауыр немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталса және сот 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 83-бабында
 
көзделген 
тәртіппен 
қылмыстық 
жауаптылықтан 
және 
жазадан 
босатса, 
орналастырылады. 
Қылмыстық жауаптылық
 
басталатын жасқа толмаған кәмелетке 
толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберудің 
орындылығы туралы шешімді ішкі істер органының ұсынысы бойынша сот 
қабылдайды. 
Кәмелетке толмаған адамды ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу 
туралы ұсынуды ішкі істер органдары көрсетілген кәмелетке толмаған адамға 
қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылған күннен бастап отыз 
тәулік ішінде сотқа жібереді. 
Ерекше жағдайларда бұл мерзім ішкі істер органы бастығының немесе 
прокурордың қаулысы негізінде отыз тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін. 
Кәмелетке толмаған бала ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына 
алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін. 
Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру 
ұйымында болуы адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ егер 
ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы әкімшілігінің ұсынысы негізінде 
сот кәмелетке толмаған бала өзінің түзелуі үшін осы шараны қолдануды бұдан 
былай қажет етпейді деген қорытындыға келген болса, мерзімінен бұрын 
тоқтатылуы мүмкін. 
Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру 
ұйымдарына жіберу туралы мәселені қарау кезінде прокурордың қатысуы 
міндетті. 
Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру 
ұйымдарына орналастыру үшін қажетті құжаттарды жинауды ішкі істер 
органдары қамтамасыз етеді. 
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының әкімшілігі: 
1) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағын күзетуді, 
тәрбиеленушілердің жеке қауіпсіздігін және олардың теріс әсерден барынша 
қорғалуын, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағына бөгде 
адамдардың еркін кіруін және одан тәрбиеленушілердің өз еркімен кетіп 


92 
қалуын шектеуді, кәмелетке толмағандарды тәулік бойы, оның ішінде ұйқыға 
бөлінген уақытта байқау мен бақылауды, кәмелетке толмағандардың өздерін, 
олардың заттары мен ұйықтайтын үй-жайларын тексеріп қарауды қамтитын 
кәмелетке толмағандарды ұстаудың арнаулы жағдайларын қамтамасыз етеді; 
2) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының орналасқан жері 
бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша ішкі 
істер органдарына олардың өз еркімен кетіп қалу фактілері туралы хабарлайды 
және оларды іздестіру мен қайтаруға тікелей қатысады; 
3) кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру 
ұйымынан онда болу мерзімі аяқталғанға дейін бір айдан кешіктірмей шығару 
туралы хабарламаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мінездемені және 
онымен жеке профилактикалық жұмысты одан әрі жүргізудің, оның жұмысқа 
орналасуына және тұрмыстық жағдайын жасауға көмек көрсетудің қажеттілігі 
туралы ұсынысты кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері бойынша 
кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі 
комиссияға жібереді. 
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына өздерін көрсетілген 
ұйымдарда ұстауға және оқытуға кедергі болатын аурулары бар кәмелетке 
толмағандарды орналастыруға болмайды. Мұндай аурулардың тізбесін 
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарын құру, олардың қызметін 
ұйымдастыру тәртібі және оларда кәмелетке толмағандарды ұстаудың 
шарттары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық 
атқарушы органы бекіткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады. 
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру 
және тарату туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет