22
назар аударылса, материалды анықтамасында
әрекеттің құқыққа
қайшылығымен қатар оның қоғамға қауіптілігіне көңіл бөлінеді.
Қылмыстың бірінші белгісі — оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға
қауіптілік — қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға нақты
қауіп төндіретін немесе зиян келтіретін қылмыстың объективті белгісі (әрекет
немесе әрекетсіздік).
Қылмыстың міндетті белгілерінің бірі құқыққа қайшылық — яғни
қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті (іс-әрекет немесе әрекетсіздік)
жасау болып табылады.
Іс-әрекет екі нысанда көрініс табуы мүмкін, олар: әрекет ( субъектінің
белсенді ісі) немесе әрекетсіздік (адамның жасауға міндетті және жасай алатын
әрекетті жасамаған енжарлығы).
Әрекеттің қандайын қылмысқа жатқызу, қандайын жатқызбау әр
мемлекеттің өз еркіндегі іс. Бір елде қылмыс ретінде жазаланатын әрекет өзге
мемлекетте қылмысқа жатпауы мүмкін. Мысалы,
ішімдік ішу не зинақорлық
жасау - ер мен әйелдің некесіз жақындасуы ислам мемлекеттерінде қылмыс
ретінде жазаланса, батыс елдерінде бұл әрекеттер қылмысқа жатпайды. Тек
әйел адамның еркінен тыс болған жыныстық қатынас қана қылмыс болып
есептеледі. Ал ислам елдерінде бұл әрекеттер ер мен әйелдің өз қалауымен іске
асса да қылмыс болып саналады.
Құқыққа қайшылықпен байланысты қылмыстың екі белгісі: кінәлілік
және жазалылық болып табылады. ҚК-тің 19-бабыны,үшінші бөлігіне
сәйкес,
қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған
адам ғана қылмыстық құқық
бұзушылық үшін кінәлі деп танылады.
Кінәлілік - құқыққа қайшылықтың міндетті шарттарының бірі
болғандықтан, субъектінің әрекетінде кінәнің жоқтығы оның әрекетін және
қылмыстық құқыққа қайшылық белгісін де жоққа шығарады.
Қылмыстың ендігі бір міндетті белгісі — қылмыстық жазаланушылық
болып табылады. Жазаланушылық – бұл атынан-ақ айтылып тұрғандай әрбір
заңға қайшы, қоғамға, қауіпті әрекет не әрекетсіздіктер заңмен міндетті түрде
жазалануы тиіс. Кейбір жағдайларда қоғамға қауіпті, заңмен тиым салынған іс-
әрекетті жасаушы кінәлі тұлға жазаға тартылмауы да мүмкін, яғни қылмыстық
жауапкершілікке тартуға ескіру мерзімі өтіп кетсе, кешірім, рақымшылық және
т.б. жағдайлармен.
Бұл белгілердің қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін де қатысы бар,
тек қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке
басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян
келтіру қатерін туғызған іс-
әрекетке (әрекет не әрекетсіздік) байланысты.
Жоғарыда айтылғандарға негізделе қылмыс дегеніміз қолданыстағы
Қылымыстық кодексте көрсетілген баптардағы қоғамға қауіпті әрекет не
әрекетсіздікті жасауға байланысты жаза қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: