23
2. Қылмыс санаттары. Кылмыстарды санаттаудың (11-бап)
негізіне
жатады- іс-әрекеттің сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесі.
ҚК-тің Ерекше бөлімінде көзделген барлық әрекеттер сипатына және
қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай:
— онша-ауыр емес;
— ауырлығы орташа;
— ауыр;
— аса ауыр қылмыстарға бөлінеді.
Онша ауыр емес қылмыстарға жасалғаны үшiн
қылмыстық заңда
көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру екi жылдан аспайтын
қасақана
жасалған іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалғаны үшiн қылмыстық заңда
көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан
айыру бес жылдан аспайтын
абайсызда жасалған іс-әрекеттер танылады.
Ауырлығы орташа қылмыстарға жасалғаны үшiн қылмыстық заңда
көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын
қасақана жасалған іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалғаны үшiн
бес жылдан астам
мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда
жасалған іс-әрекеттер танылады.
Ауыр қылмыстарға жасалғаны үшiн қылмыстық заңда көзделген ең ауыр
жаза бас бостандығынан айыру он екi жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-
әрекеттер танылады.
Аса ауыр қылмыстарға жасалғаны үшiн қылмыстық заңда он екi жылдан
астам мерзiмге
бас бостандығынан айыру, өмір бойына бас бостандығынан
айыру немесе өлiм жазасы түрiндегi жаза көзделген
қасақана жасалған іс-
әрекеттер танылады.
4 Тақырып: Қылмыстық жауаптылық және оның негiздерi. Қылмыс
құрамы
Мақсаты: қылмыстық жауаптылық ұғымын түсіндіру, қылмыстық
жауаптылықтың құқықтық жауаптылықтың басқа түрлерінен ажырату
білу. Қандай жағдайда қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Жоспар:
1.Қылмыстық жауаптылықтың түсiнiгi.
2.Қылмыстық жауаптылықтың негiздерi.
3.Қылмыс құрамының түсiнiгi және оның мәнi.
4.Қылмыс құрамының элементтерi мен белгiлерi.
5.Қылмыс құрамының түрлерi.
Достарыңызбен бөлісу: