26
Егер қылмыс құрамында осы тектес әрекеттің негізгі белгілерімен қатар
жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар да көрсетілсе, онда мұндай
қылмыс құрамы сараланған құрам деп аталады.
Негізгі белгілерінің болуымен
қатар жауаптылық пен жазаны
жеңілдететін мән-жайлары да бар қылмыс құрамы артықшылықты құрам деп
аталады.
Қылмыс құрамының белгілерін заңда сипаттау тәсіліне байланысты
қылмыс құрамдары бөлінеді:
- жай;
- күрделі;
-
балама (күрделі құрамға катысты) болып бөлінеді.
Қылмыстың жай құрамы дегеніміз құрамның
қандайда бір элементінің
күрделенуі болмайтын құрам, яғни оның бір ғана
обьектісі және бір ғана
обьективтік жағының болуы.
Қылмыстың күрделі кұрамы дегеніміз құрамның қандай да бір
элементінің (объектінің,
объективтік жағының, субъективтік жағының)
күрделенуі орын алатын құрам, яғни екі обьектіге бірдей қол сұғуы, кінәнің екі
түрлі нысанының болуы.
Балама құрам, мұнда қылмыстық әрекеттің (әрекетсіздіктің) бірнеше
нұсқасы (варианты) болады, олардың әрқайсысы
қылмыстық жауаптылықтың
негіздері бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: