51
мүмкiндiгiн ұғынған болса, қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркiмен бас
тарту деп танылады. Егер адам осы іс-әрекетті
ақырына дейiн жеткiзуден өз
еркiмен және біржолата бас тартса, ол осы қылмыстық құқық бұзушылық үшiн
қылмыстық жауаптылыққа жатпайды.
Қылмыстық құқық бұзушылықты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен
бас тартқан адам, егер оның іс жүзінде жасаған іс-әрекетiнде өзге қылмыстық
құқық бұзушылық құрамы болған жағдайда ғана, қылмыстық жауаптылыққа
жатады. Егер қылмыстық құқық бұзушылықты
ұйымдастырушы және оған
айдап салушы мемлекеттiк органдарға хабарлауымен немесе өзге де
қолданылған шараларымен орындаушының осы құқық бұзушылықты ақырына
дейiн жеткiзуiне жол бермесе, бұл адамдар қылмыстық жауаптылыққа
жатпайды.
Егер орындаушы қылмыстық құқық бұзушылықты аяқтағанға дейiн оған
күні бұрын уәде берген жәрдемінен бас тартса
немесе көрсетiлген көмектiң
салдарын жойса, көмектесушi қылмыстық жауаптылыққа жатпайды.Егер
ұйымдастырушының немесе айдап салушының осы баптың үшiншi бөлiгiнде
көрсетілген әрекеттері қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмауға әкеп
соқпаса, онда олардың қолданған шараларын сот жаза тағайындау кезiнде
жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: