Технология сабақтарын ұйымдастыруда оқыту құралдарының алатын орны. Жалпы білім беретін мектептерде, орта кәсіптік техникалық мекеме-лерде оқу тәрбие жұмысының табысты өтуі, оның материалдық техникалық базасына тығыз байланысты. Олардың қатарына оқу кабинеттерін, лабораторияларды, оқу шеберханаларын жатқызады. Сондықтан да олардың құрамындағы жабдықтарды оқу жабдықтары деп атайды.
Дегенмен, осы кезге дейін терминнің пайдаланылуы туралы әр түрлі көзқарастар бар. Кейбір кездерде оқу жабдықтарына мебельдерді, көрнекі оқу құралдарын, лаборатория жабдықтарын жатқызса, ал кейбір жағдайда «оқу жабдықтары» деген термин «оқу құралдары» терминінің синонимі ретінде қолданылады.
Көпшілік зертеушілер кейінгі кезде оқу жабдықтарына оқыту құралдары-нан бөлек техникалық оқыту құралдарын, мебельдерді және құрылғыларды жатқызып жүр. Сондықтан да оқу жабдықтары оқушылардың оқу үдерісінде-гі іс-әрекетіне көмектесетін, мұғалімнің кейбір жұмыстарын жеңілдететін материалдық құралдар десек те болады. Онсыз оқу үдерісі кіске аспайды.
Оқу жабдықтарына жататындар: оқыту құралдары, техникалық құралдар, құрылғылар, жиһаздар.
Бұлардың арасында белгілі қарым-қатынас пайда болады. Мысалы, оқыту құралдары техникалық құралдардың, жиһаздардың, керекті құрылғылардың тізбесін анықтайды. Егер кейбір пәнге тән көптеген кинофильмдер болса, онда техникалық құралдар қатарына кино қондырғыны, құрылғы экран мен қараңғылатқышты жатқызған болар еді. Осы кинофильмдерді жайғастыру, сақтау үшін арнайы жиһаз да қажет болған болар еді. Сондықтан оқу жабдықтары барлық уақытта өзгеріп, дамып отырады.
Оқыту құралдары. Кейінгі жылдары педагогикалық әдебиеттерде «көрнекі оқу құралдары» терминінің орнына «оқыту құралдары» термині қолданылып жүр. Себебі, «көрнекі оқу құралы» деген түсінік оқу үдерісіндегі құралдардың барлық тізбесін анықтай алмайды, ал көрнекілік болса олардың жалғыз ғана қасиеті емес. Олардың көрнекіліктен де бөлек эргономикалық, дидактикалық бағыттарын т.с.с. айтуға болады. Былайша айтқанда, олардың мүмкіндіктері өсіп, көрнекілік аясы өрістеп отыр. Сонымен, оқыту құралдарына мұғалімнің сабақ барысында ақпарат (информация) беруін, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың, сабақ барысында тексеру жұмыстарын жүргізе алатын оқу жабдықтары жатады.
Қолданып жүрген оқыту құралдарының ақпарат (информация) беру мүмкіндігі бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар. Оларды төмендегі-дей топтарға бөлуге болады (Өстеміров К., Шәметов Н., Васильев И.):
1. Баспасөз әдісімен жасалған оқулықтар, анықтамалар, есептер мен жаттығулар жинағы, нұсқаулар, нұсқау-технологиялық карталар, плакаттар, оқыту бағдарламалары.
2. Экранды құралдар – диапозитивтер, диафильмдер, транспоранттар, кинофильмдер, бейнежазбалар, телехабарлар.
3. Дыбысты құралдар – нақты объектілер, модельдер, макеттер, муляждар мен тренажерлар.
Кейбір жағдайда экранды оқыту құралдарын дыбыстылар жабдықтарына да жатқызуға болады.
Оқыту құралдарының негізгі мақсаты - оқушылардың сабақтағы іс-әреке-тін ұйымдастыру, себебі сабақ барысында ғана оның дұрыс ұйымдастырылу-ына байланысты керекті білімділікті, шеберлікті, дағдыны қалыптастыруға мұғалімнің әрбір оқыту құралдарының дидактикалық мүмкіндіктерін білуіне байланысты.
Бірақ оқыту құралдары тек берілген бір функцияны орындаушы ғана болып қалмайды, сондай-ақ бірнеше функцияны атқарады. Олар оқу-тәрбие үдерісін-де белгілі материалдық формада болады. С.Г.Шаповаленко оқу жабдықтарын жіктей келе, олардың мынадай негізгі формаларын атап көрсетеді:
1. Нақты объектілер: материалдық технологиялық мәдениет заттарын және оның жекелеген элементтерін, әртүрлі материалдардың үлгілерін және т.б. нақты тікелей зерделеу үшін; құралдарды, приборларды, бейімдеу құралдарын және т.б. зерделеу құралы немесе еңбек құралы ретінде пайдалану үшін.
2. Нақты объектілерді бейнелеу және көрсету: визуальды; көлемді (модельдер, макеттер, муляждар және т.б.); жазықтықты (сызбалар, схемалар, фотосуреттер, кесте, диапозитивтер, диафильмдер, дыбыссыз кинофильмдер, кинофрагменттер және кино-сақиналар және т.б.); дыбыс жазбалары; аудиовизуальды (сөйлетілген диапозитивтер, кинофильмдер, кинофрагменттер және кино-сақиналар).
3. Затты және құбылысты сипаттау (оқу құралдары, басшылыққа алатын құжаттар, анықтамалықтар, нұсқау карталар, ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттер және т.б.).
4. Техникалық оқыту құралдары: информациялық (қазіргі кезеңдегі қолданыстағылары: магнитофондар, видеомагнитофондар, теледидарлар және т.б.); бақылаушы (компьютер және т.б.); тренажерлар; әмбебап оқыту машинасы (кері байланысымен және икемді бағдарламасы бар).
5. Материалдық және техникалық құралдар: материалдар (өнімді еңбек үшін); құралдар (сызба, өлшеу, технологиялық, тексеру және т.б.); техникалық құрылғылар (станоктар, машиналар, қондырғылары); жабдықтарға күтім көрсету заттары.
Ұзақ жылдар бойына білім беру жүйесінде эпидиаскопты пайдалану жүзеге асырылды және оларды пайдаланудың тиімділігі төмендегідей болып келді:
1. Эпидиаскопды тиімді пайдалану сабақ сапасын артыруға мол мүмкіндіктер жасайды. Егер сурет пен схеманы, график пен диаграмманы, кестелерді т.б. бормен тақтаға сызатын болсақ, онда 45 минуттың 6-7 минуты босқа кетеді. Сабақ үстіндегі кідіріс, оқушылардың белсенділігін нашарлата-ды, олардың назарын басқа жаққа аударады. Сызбаларды экранда (тақтада) тез және оңай ауысуы (эпидиаскоп арқылы) оқушылардың бағдарламалық материалдарды толық әрі сенімді, берік қабылдауын қамтамасыз етеді.
2. Алдын-ала пластинкаға түсіріліп даярланған сұрақтар, сызба кескіндер мұғалімнің сабақ үстінде тақтаға бормен сызғанынан сапалы болады.
3. Экрандық кескіндердің жаңа материалдарды қабылдатудағы әсері ерекше болады.
Қазіргі таңда оқытудың техникалық мұндай құралы уақыты өткендердің қатарына қосылады. Олардың орнына дербес компьютерлермен проекциялау жабдықтары білім беру жүйесіне кеңінен ене бастады. Соңғы уақытта оқытудағы дидактикалық материалдар, оқытудың техникалық құралдары ретінде пайдаланылатын интерактивтік электрондық тақталардың модельдері (ACTIVboard 50, ACTIVboard 64, ACTIVboard 78, т.б.) жөнінде айтылып, оқу-тәрбие үдерісіне кеңінен ену жүзеге асырылуда. Бірақ бір мезгілде, әрі жақын уақытта барлық мектепті интерактивті тақталармен қамтамасыз ету мүмкін еместігіне байланысты, қолданыста бар оқытудың техникалық құралдары қатар қолдануда.
Оқу-материалдық базаның ОТҚ және оргтехника құралдары және олармен базаны жабдықтау екі мәселенің түйіндесуінде жатыр. Біріншіден оқытудың техникалық құралдары педагогикалық жүйенің құраушы элементі болып табылады. Оны жетілдіру оқытуды жетілдірудің экстенсивті жолы арқылы жүзеге асырылады (педагогикалық). Екіншіден ОТҚ (оның ішінде интерактивті электрондық тақталар, компьютер, т.б.) үлкен, қомақты қаржыны талап етеді (экономикалық). Осы себепті де оқу-материалдық базаның дұрыс жабдықталуы (оның ішінде, оқытудың техникалық құралдарымен) үшін республика көлемінде дидактикалық материалдарды, модельдерді, ОТҚ, т.с.с. әзірлейтін және оны тарататын өндіріс орындары мен дүкендердің жұмыс жасауы қолға алынуда.
Достарыңызбен бөлісу: |