Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары



бет18/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
stud.kz-72859

Сандық есептер оқушылардың есептеулерді орындауын талап етеді. Оған алдымен тәртіп бойынша сапалық талдау керек. Технологиялық есептер (тапсырмалар) орындалатын жұмыс реттілігін жоспарлаумен, материалды, дайындаманы, құрал-саймандарды, өңдеу тәсілдері мен режимдерін таңдаумен; материалдарды үнемді пішумен, қырқумен және т.б. байланысты. Олар еңбекке баулу бойынша техникалық есептердің ішінен басым үлесті құрайды. Конструкторлық тапсырмалар (есептер) техникалық қондырғыларды түзуде және өзгертуде қосымшаларды ендірумен байланысты.
Техникалық тапсырмалар технология пән сабақтарында оқушылардың теориялық білімдерді меңгеруінде ғана емес, сондай-ақ ғылым негіздерін зерделеу кезінде қолданылады.
Оқушылардың технологиялық білімдерін қалыптастыруда және оларды бағалауда педагогикалық тапсырмалардың немесе дидактикалық құралдардың өзіндік орны бар. Тапсырма түрлері меңгерудің нәтижелі деңгейінде мектеп оқушыларында білім мен іскерлікті қалыптастыруға бағытталады. Дегенмен оқыту мазмұнының үзіндісін (фрагментін) бекіту кезінде оқушылардың ойлау іс-әрекетінің тек шығармашылық құраушыларын ғана талап етуші емес, сондай-ақ ойын (зейінін) жұмылдырушы, ілгеріде зерделенгендерді көкейкесті етуші және оның мәнін айқындауды демонстрация жасайтын, техникалық ұғымдарды, құбылыстарды, объектілерді, техника мен технологияның қасиеттерін талдап қорыту, салыстыру, нақтылау, жалпы ережелерден жеке ереже шығару және т.б. үшін тапсырмалар пайдаланылады. Бәрінен бұрын ондай тапсырмалар қалыптастырылатын білімді меңгеру деңгейінде құрастырылуы керек.
Педагогикалық тапсырмаларды, дидактикалық құралдарды төмендегідей мазмұндық ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.
Конструкторлық-технологиялық тапсырмалар бәрінен бұрын ұжымдық сипатқа ие немесе нақты өндірістік материалдарға негізделген практикалық есептер типіне қатысты. Оған технологиялық үдерістерді және технологиялық жабдықтардың конструкцияларын жетілдіру бойынша құрастырылған тапсырмалар жатқызылады. Көбіне мектеп оқушыларына нақты жұмыс орнында еңбек өнімділігін көтеру, қондырғылардың конструктивтік ерекшеліктерін жетілдіру, кейде еңбек объектісінің салмағын, еңбек сыйымдылығын азайту, бекітілу сенімділігін арттыру және т.б. мақсаты жөнінде шешімді ойластыру және негіздеу ұсынылады. Барлық ұсынылатын идеялар алдын ала мамандармен талқыланады.
Ұйымдастырушылық-технологиялық практикалық тапсырмалар (есептер) технологиялық үдерістерді ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі мәселесі бойынша мектеп оқушыларында қалыптастырылған білім мен іскерлікті тексеруші тапсырмалардан тұрады.
Кеңістікті үлгілерді пайдалануға негізделген тапсырмалар мектеп оқушыларының жинақтаудағы (құрастырудағы) технологиялық үдерістерді тұрғызу үшін пайдаланылады.
Нақты өндірістік ситуацияларды талдау есептері мен іскерлік ойындар тапсырмаларының түрлері таза кәсіби сипатқа ие және кәсіби технологиялық дайындық деңгейінде оқушылардың білімі, іскерлігі және дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, олар болашақ еңбеккерлердің қалыптасуында да үлкен рөл атқарады. Мектеп оқушылары практикалық шартты жағдайда болып, нақты өндірістік ситуацияда басқа да «мамандармен» әрекеттестікте болады және олардың әртүрлі факторларды талдаумен өндірістік үдерістің қыры мен сырына қызығушылығы арта түседі.
Сұрақтардың педагогикалық тапсырмалар ретіндегі психологиялық-педагогикалық сипаттары
Мұғалім оқытқан пәні бойынша білімді тексеруде көбіне сұрақтар қолданады және оқушының берген жауабына сәйкес баға қояды. Педагогикалық еңбектерде сұрақтардың өзіндік орны мен атқаратын функциялары сипатталады.
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ барысында оқушыға қойылатын сұрақтың қандай мақсатты көздейтіні, оның ойлау үдерісінің барысына, эмоциялық жігер өрісіне әсер етуі қалай екені туралы мәселелер педагогтарды ойландыратыны даусыз. Сондықтан бұл мәселелер педагогтардың назарында тұрақты болғаны жөн.
Сұрақ қоюдағы негізгі мақсат: тексеру міндеті, яғни оқушының дайындығын тексеру және біліміндегі кемістікті анықтау. Дегенмен, оқытудағы сұрақтың міндеті едәуір кең. Мысалы, оқушыға сұрақты әңгімелесу, пікір алысуға қажет тірек білімінің маңыздылығын арттыру мақсатында қоюға болады. Ал кейде оқушыларға сұрақ кейбір мәселені талқылау кезінде альтернативті пікірін білдіру үшін қойылады. Қойылған сұрақ бұл жағдайда күмәнді эмоция тууына себеп болады. Мұндай сұрақтар туындаған мәселені шешуге мүдделі оқушылардың бәрінің ойлау үдерісінің белсенділігін арттырады. Сұрақтар диагностикалық міндет те атқаруы мүмкін. Түсінбеу, көбінесе білімдегі кемістіктерден немесе меңгерудің логикалық жүйесінің үзілуінен болатынын ескере отырып, диагностикалық сұрақтар түсінбеудің нақты себептерін ашуға жетелейді.
Сұрақтың оқытудағы психологиялық-дидактикалық міндеттерінің бірнешеуі ғана аталғанымен, сұрақ-жауап диалогының оқытудағы үлкен мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді. Сондықтан сұрақтың сипаты оның қойылу мақсатына байланысты болады. Оқытушының оқушыларға сұрақ қоюы ең алдымен қойылған сұрақтың психологиялық және дидактикалық салдарларын болжау шеберлігін көрсетеді. Оқу сұрақтарының міндеттерін және оларды оқушыларға қоюдың кейбір әдістемелік ерекшеліктерін қарастыруға болады.
Оқытудағы сұрақ міндетінің кең тараған түрі - тексеру.
Тексеру тек сұрақпен ғана емес әртүрлі интелектуалдық және практикалық тапсырмалармен бақылаудың техникалық құралдарымен де іске асырылады.
Диагностикалық сұрақтардың мақсаты - мазмұнының кейбір элементтерін түсінбеу немесе интеллектуалдық және практикалық жұмыстарды орындауда қате жіберу себептерін анықтау, ашу. Мұндай диагностиканың қажеттілігі күмән туғызбайды. Дегенмен осындай қажетті адами әрекеттер кейде қолданыс таппайды. Бұл кейде уақыттың жетіспеуіне, ал кейде оқушылардың жетістігіне немқұрайлы қарауға байланысты.
Бірақ педагог көбінесе түсінбеушіліктің, олақтықтың себебінің диагностикасын тез және дұрыс әдіспен қалай анықтауды білмейді. Мұнда оқушының да өз қиындықтарының, қателіктерінің, шорқақтығының себебін анықтай алмауын ескеру қажет. Өкінішке орай ғылыми зерттеулерде мұндай жағдайлар аз кездеспейтіндігі белгілі. Адам әрқашан өз әрекетіндегі қателікті оңай таба алмайды, ал оның себебін ашу кейбіреулер үшін шешілмейтін мәселе. Мұндай мәселені шешу әсіресе ақыл-есі нығаймаған жасөспірімдерге қиындық тудырады. Сондықтан оқушының өз әрекетіндегі қатесін анықтауда олардың диагностикалық қабілетін қалыптастыру мұғалімнің кәсіби міндеті болып табылады.
Жақсы диагностикаға қол жеткізу үшін жаңа материалмен бұрынғы оқылғандардың арасындағы логика-дидактикалық байланыстар, жақсы көрінетін оқу материалының структуралық схемасы болуы керек. Мұғалімге оқушының танымдық қызығушылығын тудыратын, бір нәрсені шешуге ұмтылатын, білуге, оқуға ынтасын арттыратын сұрақтар қоя білуі педагогикалық шеберлікті қажет етеді.
Ынталандыру міндетіне қарай ынталандыру сұрақтарын келесі түрлерге бөлуге болады: күмәнді-сұрақ, есіне түсіру-сұрақ, құптау-сұрақ, таңдану-сұрақ. Күмәнді сезім ойлау белсенділігінің күшті факторы болып табылады да адамның танымдық үдерісін арттырады, интелектуалдық немесе практикалық мәселелерді дұрыс шешу жолдарын іздестіре бастайды.
Мұндай сұрақтар келесі сөз тіркестерімен тұжырымдалуы мүмкін.
«Бұл жағдайдың себептері мынада … болуы мүмкін бе?», «Мүмкін бұл сұрақтың жауабы мынадай болар …». Оқытушының аузынан шыққан мұндай сұрақтар оқушының санасында күмән туғызады және оның шешуін іздеуді белсенді етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет