Бақылау сұрақтары:
1. «Құрал» ұғымына түсінік беріңіздер.
2. Оқу және еңбек іс-әрекетінің мәні мен мазмұнын ашатын және оны теория мен практикада жүзеге асыратын құралдарға сипаттама жасаңыздар.
3. Оқытудың техникалық құралы мен оқу құралдарының ерекшеліктерін негізді түсіндіріңіздер.
4. Оқу жабдықтарының негізгі формаларын атаңыздар және оларға сипаттама жасаңыздар.
Педагогикалық тапсырмалар және олардың түрлері
Оқу-тәрбие үдерісінің нәтижелі болуы негізінен педагогикалық жүйе құраушыларға, қатысушыларға және ондағы үдерістің толық мәнді жүзеге асырылуына байланысты. Атап айтқанда, оқушының оқуға деген белсенділігіне, оқыту мазмұнының оқушының таным деңгейіне сәйкестілігіне, қызығушылығына, мұғалімнің педагогикалық үдерісті толық мәнді ұйымдастыруға дайындығына.
Педагогикалық тапсырма оқу үдерісінде студентті, оқушыны дамыту және олардың өзінің оқу іс-әрекетін (оқу) белсендіру үшін пайдаланатын, сұрақ, есептер және басқа да құралдар сияқты ұғымдар жіктемесін қамтиды. Жоғары оқу орындарында студенттерді белсенді етудің және бір факторы – студенттердің өзіндік жұмыстары және оқытушының басшылығымен орындайтын өзіндік жұмысы. Өзіндік жұмыста басшылыққа алу үшін (оның ішінде саралау мақсатында) тапсырмалар жүйесі құрылады.
Тапсырма – бұл танымдық технологиялық есептерді жүзеге асыру формасы, сондай-ақ ұғымдар жүйесін қалыптастыру кезіндегі оқытушы мен студенттің іс-әрекетіндегі байланыстырушы буын. Жоғарыда айтып өткендей, сұрақтар мен жаттығулар тапсырмалардың, оның ішінде педагогикалық тапсырманың бір түрі.
Сұрақ – ол білмеуден білуге өтуді қоздыратын тапсырма түрі; ол туындаған, аяқталмаған білім формасы; ол берілген сұрақты шешудегі бастапқы әрекет. Педагогтың (оқытушының, мұғалімнің) сұрақтары – ол студенттердің, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және белсенді ету құралы. Студенттердің, оқушылардың сұрақтары – олардың ойлауының және сөйлеу мәдениетінің даму құралы. Олар студенттің, оқушының ойының қалыптасуын көрсетеді, олардың білімдегі қажеттілігін, оқуға қатынасын білдіреді. Сұрақтар ақыл-ой дамуының көрсеткіші және студенттің оқу іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады.
Тапсырмалар жүйесіне жаттығу да енеді. Жаттығу – меңгеру мақсатында іс-әрекет пен қимылды қайталап орындау. Оқытып-үйретудің әртүрлі жағдайларында жаттығу үйрену үдерісінің барлық құраушылары – қимылдың мазмұнын анықтау, оны пысықтау, қорытындылау және автоматтандыру – соның шеңберінде жүзеге асырылатын бірден-бір амал болып табылады. Енді бір жағдайда ол түсіндірумен және үйренумен қатарлас амалдардың бірі ретінде қарастырылады. Жаттығу алдын ала үйренусіз-ақ, түсіндіргеннен кейін бірден жүзеге асырылуы мүмкін; бұл орайда пысықтау түгелдей жаттығу үдерісінде болады.
Жаттығу – бұл білімді меңгеруге, алғашқы іскерлік пен дағдыны өндіруге, репродуктивті және жекелей-продуктивті іс-әрекет барысында оларды бекіту мен жетілдіруге бағытталған құрамы мен сипаты бойынша қарапайым тапсырманы орындау. Ұғымды қалыптастыруға әртүрлі мәнді жаттығулар кіреді, олар: мазмұндық-логикалық, ақпараттық-коммуникативтік, эксперименттік-практикалық, есептік, аралас.
Жаттығу мәселен мынадай болуы мүмкін.
Сүргілеу үдерісі мен қашау үдерісін салыстырыңыздар. Олардың орындалуындағы қандай ортақ және айырмашылық бар? Олардың орындалуындағы технологиялық үдерістерді жазыңыздар, т.с.с.
Педагогикалық тапсырмалардың кейбір түрлерін пән саласына сәйкес дидактикалық құралдарға жатқызады. Оған негізінен техникалық тапсырмалар (графикалық, конструкторлық, технологиялық есептер, т.б.) қатысты болып табылады.
Графикалық есептер (тапсырмалар) техникалық суреттерді, сызбаларды, эскиздерді орындауды талап етеді. Сапалық есептер (тапсырмалар) зерделене-тін құбылыстардың ерекшеліктерін, материалдардың жекелеген қасиеттерін, әр түрлі факторлар әрекетімен жүретін өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Оларды техника бойынша білімдерді бекіту мен дамыту үшін қолданады және есептеулерді, сызбалар мен схемаларды орындаусыз жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |