Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары



бет29/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
stud.kz-72859

Машиналардың өндірісті механикаландырудағы рөлімен таныстыру
Машиналар мен механизмдер, қол еңбегі құралдарын ауыстыра отырып адамды ауыр, шаршатып жіберетін операцияларды орындаудан босатады, еңбек өнімділігін арттырады, өнімнің сапасын жақсартады. Қолмен істелетін жұмыстарды машиналармен, механизмдермен ауыстыру механикаландыру деп аталадаы.
Жекелеген технологиялық операциялар ғана механикаландырылып, қолмен атқарылатын еңбектің үлесі әлі де көп болса, ішінара механикаландыру болады. Мысалы, токарь станогында (машинада) бөлшек дайын болғаннан кейін, сол өнімді қоймаға тапсыратын жұмысшы еңбегі ішінара механикаландырылады.
Өндірісті жетілдірудің тиімді жолы кешенді механикаландыру болып табылады. Мұндай жағдайда бүкіл өндірістік үдерісте қол еңбегі машинамен ауыстырылады.
Технологиялық үдерістерді (мысалы, балғамен және пресспен механикалық жолмен соққылау т.с.с.) комплексті механикаландырылған кезде машиналар мен механизмдердің жұмысы материалдарды, дайындамаларды, бұйымдарды көтеру-тасымалдау машиналары мен механизмдердің (конвейерлер, автокарлар, көтеру крандары т.б.) көмегімен тасымалдау арқылы үйлестіріле жүргізіледі. Жұмысшы механикаландыру кұралдарын басқарып, бақылайды.
Өндірісті механикаландыру үшін технологиялық және тасымалдау машиналары мен механизмдері кеңінен қолданылады.
Технологиялық машиналар өздері қолданылатын нақты технологиялық операциялардың түріне қарай бірнешеге бөлінеді. Мысалы, машина жасауда (басқа да кейбір салаларда) металл дайындамалар мен бөлшектерді өңдеу үшін металл кесетін станок сияқты кең таралған технологиялық машиналар қолданылады. Ал мұндай машиналарға токарьлық, бұрғылау, жону, фрезерлеу, ажарлауыш, т.б. станоктар жатады. Станоктардың әрбір тобынан түрлі бұйымдарды өңдеуге арналған әмбебап және бір түрлі, бір мөлшердегі бұйымдар өңдеуге арналған станоктарды бөліп алуға болады.
Соңғы кезде бір өзінде түрлі технологиялық операцияларды орындауға болатын металл кесетін станоктар кеңінен қолданыла бастады. Бұл станоктардың ауыстырылып отыратын: токарьлық, бұрғылау, фрезерлік, ажарлауыш сияқты бірнеше агрегаттары бар. Агрегаттарды ауыстыру станокты жылдам қайта жабдықтауға мүмкіндік береді, жаңа бөлшек жасау үшін дайындауға кететін уақытты қысқартады, мұның өзі экономикалық тұрғыдан өте тиімді.
Жоғарыда аталған және басқа да көптеген машиналар машина жасау өндірісін механикаландыру үшін қолданылады.
Кен қазу өнеркәсібінде бұрғылауға, үңгуге, қопаруға және басқа тау жынысын қазып алуға арналған технологиялық машиналар пайдаланылады. Бұл салада жұмыстың барлық түрі дерлік механикаландырылған.
Тоқыма өндірісі мата тоқу үдерісін механикаландыруға мүмкіндік беретін тоқыма, шөлнекті, иіру және басқа да станоктармен жабдықталған.
Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру үшін машиналар кеңінен қолданылады. Мысалы, астық жинау үшін, құрамында жатка, жинауыш, астық жинайтын комбайн, дәнді сорттап, кептіретін т.с.с. бар технологиялық машиналар кешені қолданылады. Мал шаруашылығы мен мал азығын дайындауда барлық технологиялық үдерістерді: азықты дайындау және үлестіру, малды күтіп, бағуды механикаландыруға мүмкіндік беретін машиналар кешені енгізіледі.
Технологиялық машиналарға қарағанда көтеру-тасымалдау құралдары бірегей міндеттерді өндірістің түрлі салаларында атқара береді. Олардың тек конструкцияларында ғана өзгешеліктер болуы мүмкін.
Жұмыс режиміне қарай барлық көтеру-тасымалдау машиналарын ауық-ауық және толассыз жұмыс істейтін құралдар деп бөлуге болады.
Толассыз жұмыс істейтін машиналарға шапшаңдығы өндірістік үдерістің ырғағымен анықталатын конвейерлер жатады. Ең көп таралған ленталы конвейерлер: роликпен жылжитын резеңке немесе болат лента, оның көмегімен жүк едәуір қашықтыққа тасымалданады.
Ауық-ауық жұмыс істейтін машиналар мен механизмдер өндірістік үдерістердің барысында жүкті көтеру және тасу жөніндегі жұмыстарды атқарады.
Мектеп оқушылары орта сыныптардың өзінде төмендегідей сұрақтар бойынша білімдерді меңгереді:
- өндірісті механикаландырудың мәнін;
- ішінара механикаландырудың кешенді механикаландырудан айырмашы-лығын;
- мектепке жақын орналасқан базалық кәсіпорындардағы технологиялық машина түрлерін, т.б.
Жалпы білім беретін мектептерде оқушылар машинатану негізінде типтік бөлшектердің, механизмдердің атқаратын рөлін «Технология» пән сабақтарын зерделеуде және сыныптан тыс жұмыстар барысында оқып білетін болады.
Оқушыларды бұрғылау және токарьлық станоктардың құрылыстарымен таныстыру
Бұрғылау станогының құрылысын түсіндіруді мынадай жоспармен жүргізу ұсынылады (Д.А.Тхоржевский):
а) бұрғылау станогының атқаратын қызметі мен қосылуы (бірігуі) туралы әңгіме;
б) станоктың негізгі бөліктерін: тұғырын, столын, хоботын, электр қозғалтқышын іске қосу құрылғысын көрсетіп түсіндіру;
в) беріліс механизмнің және олардың бөлшектерінің құрылысы мен жұмысын көрсету және түсіндіру, олар: электр қозғалтқышының жетекші білігі; қайысты берілістегі жетекші шкив; қайыс; жетек қайысты берілістегі жетектегі шкив; айналдырық (жетектегі білік); қысқы; бұрғы;
г) бұрғының беріліс механизмдерінің құрылысын көрсету және түсіндіру, олар: тұтқа; білік; рейкалы механизм шестернясы; рейка, сүйеутөлке; тербелту мойынтіректері, айналдырық, қысқы; бұрғы.
д) бұрғылау станогының құрылысы және жұмысы туралы мәліметтерді жинақтап қорыту; бөлшектерді бекіту; бұрғыны бекіту; кесу қозғалысын іске қосу, беріліс қозғалысын іске қосу; бұрғылау; станокта бұрғылау үдерісін қол бұрғының көмегімен бұрғылаумен салыстыру.
Сабақтарды сабақтастықта өту әдістемесі
Негізгі мектептегі технология пән сабағында 5-7-сынып оқушыларының технологиялық дайындығын арттыру мақсатымен оқушыларда политехникалық білім мен ептілікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін дидактикалық құралдардың, тәсілдердің, әдістердің жиынтығының тиімділігі көп жылғы тәжірибе барысында қалыптастырылатыны белгілі.
Технология пән сабақтарының тақырыбын жоспарлауда оқу материалын қайталамауға, зерделенетін фактілер мен құбылыстардың мәнін түсіндірудегі тәсілдерді анықтау мен жекелеген ұғымдарды қалыптастырудағы дәйексіздікті түзетуге ұмтылу қажет. Политехникалық принципті жүзеге асыру мақсатында оқыту әдістерінің, тәсілдерінің және дидактикалық құралдардың ең тиімдісін қолдану мектеп оқушыларын практикалық оқытуға дайындаудағы мұғалімнің іс-әрекетінің қажетті буыны болып табылады.
Жоғары сыныптарда жалпытехникалық дайындықты материалдар өңдеу тақырыптары бойынша металл өңдеу бойынша да жүзеге асыруға болады.
Жалпытехникалық дайындық негіздерін оқыту үшін жоғары сыныптарда, арнаулы оқу орындарында төмендегідей оқу жұмыс түрлері басымдыққа ие болып табылады.
- өндірістік есептерді шешу;
- лабораториялық жұмыстарды орындау;
- практикалық жұмыстарды орындау.
Бұл бағыттағы оқу политехникалық сипатта жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет