Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары



бет25/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
stud.kz-72859

Мектеп оқу шеберханасына қойылатын талаптар
Оқу шеберханасында оқушыларда кәсіптік шеберлік пен дағдының негізі қалыптастырылады. Демек ол жер, барлық оқу бағдарламасына толығымен сәйкес жабдықталып, оқу-тәрбие жұмыстарының ұтымды ұйымдастырылу жолдарын қарастыратын қолайлы, жұмыстардың түрін үнемді және өндірістік әдістерді оқытудың негізгі орны болып табылады.
Болашақ және жас мамандарды дайындаудағы оқу шеберханаларының жабдықталу мазмұны әр мамандыққа сәйкес болады.
Мамандықтардың жұмысының көпшілігі қолмен және машина үдерісіне қатысты түрлерін (станокшы, слесарь, электромонтер, радио-монтажшы, ағаш шебері, тігінші, құрылысшы, т.с.с.) оқу шеберханаларында оқыту шешуші рөл атқарады, демек осы жерде оқушыларда өндіріс техникасының негізін құраушы білім мен оларда жұмыс жасау дағдылары қалыптастырылады.
Әр түрлі бұйымдарды дайындау және өндірістік тапсырыстарды оқу шеберханасында орындау дегеніміз осы шеберханадағы оқу-тәрбие үдерісінің жақсы дәрежеде екенін және өндірістік мұқтажды орындай алатындынын көрсетеді.
Оқу шеберханасындағы жабдықтарды негізінен құрал-саймандар, қосалқы-көмекші бөлшектер, сабақ өтуге қажетті және оқу бағдарламасына сәйкес көрнекіліктер құрайды. Оқу шеберханасы педагогикалық және өндірістік-техникалық талаптарды қанағаттандыратын болуы тиіс. Ол жер оқытылатын мамандықтың айнасындай, сол мамандықтың мазмұнын, бағыт-бағдарын көрсетіп тұруы керек.
Оқу шеберханасын ұйымдастыруда қойылатын жалпы талаптар.
Оқу шеберханасы оқушыларды оқыту үшін жұмыс орнымен, негізгі және көмекші құрал-саймандармен, приборлар, қондырғылар, механизмдер мен станоктардың түрлерімен жабдықталып, олардың оқу бағдарламасына сай кәсіптік білімін, ептілігі мен дағдысының қалыптасуына негіз қалайтын болуы тиіс.
Құрал-жабдықтар әмбебап, үнемді, икемді, көлемі шағын және жеңіл, педагогикалық, эстетикалық, техникалық және санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы қажет. Сонымен қатар, оқу шеберханасындағы техникалық жабдықтар болашақ мамандардың мамандығына және сол мамандықтардың іс-әрекетіне сай болғаны маңызды.
Кейбір талаптар барлық оқу шеберханаларына бірдей болып келеді.
Функциональдық-педагогикалық талаптар. Жабдықтар оқу бағдарламасы-на сай сабақты өткізуге, оқытудың жаңаша формасы мен әдістерін қамтуға мүмкіндік беруі керек. Көрнекі және техникалық құралдар оқу-тәрбие үдерісінің сапасын және тиімділігін арттырып, техникалық ойлау қабілетін дамытып, шыдамдылығы мен мамандыққа қызығушылығын арттыруы тиіс.
Жабдықтар техниканың жаңа үлгілеріне сәйкес болып келеді. Бұл кәсіптік білім беруде жоғары техникалық дәрежеде болып, оқушыларды жаңа өндірістік технологиялармен таныстыруға мүмкіндік береді.
Психофизиологиялық және эргономикалық талаптар. Жабдықтар мен құралдар еңбек ептілігін қалыптастыруға ыңғайлы бейімделіп, оқушылардың танымдық және рационализа-торлық іс-әрекетіне, психологиялық және физиологиялық заңдылыққа сай болуы керек; қолданғанда жайлы және ыңғайлы болуы тиіс; пайдалану кезінде қанағаттану сезімін тудыруы, оқушылардың функциональдық мүмкіндігіне есептелінуі керек және барынша оқу шеберінің қызметі мен оқу шеберханасындағы оқушылардың сабақ оқуына жайлы болуы тиіс.
Техникалық-гигиеналық талаптар. Жабдықтар мен құралдар еңбек гигиенасы, өрт қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы талаптарына жауап беруі керек. Құралдар құрамына қазіргі жаңа технологиядағы заттарды пайдаланып (қорытпа, пластмасса, органикалық шыны, бояғыш заттар, т.т.) мықтылығы, гигиенасы, жарамдылығы талаптарға сай және стандарттан ауытқымай, оңай дайындалуы, оларды оқушылардың жөндеуіне, ауыстыруына, қолдануына сәйкес қарапайым болуы керек.
Оқу шеберханасындағы эргономикалық талаптар. Бөлме ішіндегі жарық көзі көптеген жағдайларда оқушылардың көру және психологиялық функциясына және еңбек мәдениетінің қалыптасуына әсер етеді. Жарық, күн көзі түсіп тұрған бөлмеде адам күші мен қуатының жоғарылап, көңіл күйі көтеріліп, жұмыстары алға басатыны ілгеріден белгілі.
Жарық көзі жұмыстың орындалу барысына, сапасына әсерін тигізеді. Гигиеналық зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда жеткіліксіз жарық психологиялық функцияларға кері әсерін тигізіп, адамның тез шаршап, оның еңбек қабілетін төмендетеді.
Артық жарық көзі, жарқырап немесе жанып-өшіп тұрса да жасөспірімнің көз жанарына, психикасына және жүрек-тамыр жүйесіне кері әсерін тигізеді.
Басты көңіл оқу шеберханасы ішіне түсетін жарық пен жұмыс орнындағы жеке жарық көзіне бөлінуі керек. Шеберханада жарық біркелкі, жеткілікті болуы тиіс, жарықтың тіке, әрі жарқырап түспеуін қадағалау керек.
Жасанды жарық көздері ретінде қолданылатын шамдар қыздыратын және люминесценттік болып бөлінеді, әрі барынша табиғи жарық көзіне жақын жарық береді. Әсіресе пайдалануға люминесценттік шамдардың, шырағданның, дыбыссыз қосып-ажырату реттегіші бар шамдар ұсынылады. Бір шеберхананың ішіне қыздыру және люминесценттік шамдарды аралас пайдалануға рұқсат етілмейді.
Шеберхана ішіндегі бояу, ауа тазалығы және жылу жүйесі.
Оқу шеберханасының бояуы қазіргі эстетика мен гигиена талаптарына жауап беруі қажет және шеберхана климаты, жарықтану сипаты, шеберхананың технологиялық талаптары мен түрі, қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптары, оқушыларды мамандыққа баулудағы өндірістік іс-әрекет жағдайы ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіледі. Шеберхананың жабдықтары мен инвентарын бояғанда, бояудың түрі бөлме ішіндегі жарыққа қолайлы әсерін тигізетінін, адамның қабілеттілігін арттыратынын, дайындалатын бұйымды анық көруді жақсартатынын, механизмдердің қозғалатын және қозғалмайтын бөліктерінің түс айырмашылықтарын күшейтетінін ескеріп, қауіпті жерлерді айырықша түсті бояумен ажырату керек. Басқа түстерге қарағанда сары, жасыл ақ түстер адамды қажытпайтыны белгілі. Қою қызыл, қызыл, қызғылт және сары түстер оқушылардың тыныстары мен пульстарын күшейтеді. Аспан көк, көк және көкшіл түстер сабырландырады. Жасыл түстер, тәжірибе көрсеткендей, қол бұлшық еттерін дамытып, есту қабілетін жоғарылатады.
Оқу шеберхана жабдықтарына қойылатын талаптар
Жалпы орта білім беретін мектептердің оқу шеберханаларына арналған типтік ереже жиынтығына байланысты 20 және одан да көп сынып кешені бар мектептерде екі шеберхана жабдықталады. Құрал-саймандарды, қосымша жабдықтар мен дайындамаларды сақтау құрал-саймандар бөлмесі қарастырылады. Шеберханалар бірінші қабатта орналасады. Қалыпты жарық пен қамтамасыз етілгені және едені ағаш болып келгені дұрыс. Мүмкіндігінше құрал-саймандар сақтау бөлмесі металл және ағаш өңдеу шеберханасының аралығында орналасқаны жөн. Оқу шеберханасына жарық түсуінің жеткілікті болып безендірілуі мен бояу түстерінің эстетикалық талғамға сәйкес дұрыс таңдап алынуы адам организміне жақсы әсер етеді. Сондықтан шеберханаларды ғылыми негізге сүйене отырып, табиғи және жасанды жарық көздерімен бөлме ауласына сай жабдықтайды. Мектептердің оқу және оқу-өндірістік шеберханалары үшін өндірістік санитария және қауіпсіздік ережелері, шеберхана бөлмесін желдету, жарықтандыру, жылыту т.б. санитарлық-гигиеналық нормалар орындалуы тиіс.
Орта мектепте қол құрал-саймандармен жұмыс кезінде жиі қолданылады, сол себепті оқушының жұмыс орны жабдықталады. Артық құрал-саймандар арнайы сақтау бөлмесіне немесе шкафқа қойылады. Құрал-саймандардың салмағы, өлшемі оқушылардың жас ерекшелігіне және гигиеналық талапқа сәйкес болады. Әрбір шеберханада оқушылардың жалпы санынан алғанда құрал-саймандар 10-15 пайыз мөлшерінде сақталады.
Шеберханадағы қосымша жабдықтар құрамына зембіл, аптечка, қол жуғыш, қол кептіргіш, қоқыс төгетін жәшік, жинап-тазалауға арналған заттар енеді.
Оқу кабинеттерін жабдықтауға қойылатын негізгі талаптар:
1. Кабинеттегі жабдықтар оқу бағдарламасына, мұғалім мен оқушының еңбек іс-әрекетінің ерекшелігіне сәйкес келуі керек.
2. Шеберхана кешенді жабдықталған, яғни ол жерде жалпы және арнайы жабдықтардың болуы тиіс.
3. Шеберханадағы жабдықтар игеруге қарапайым, жұмысты мүлтіксіз, орындайтын, мектеп үшін экономикалық тиімді, эстетикалық жағынан әсерлі болуы керек.
4. Оқу шеберханасында оқытудың озық және барлық құралдарын пайдаланудың оңтайлы жағдайлары жасалуы қажет.
5. Шеберхана арнайы мектеп жағдайындағы жиһаздармен жабдықталуы тиіс.
6. Техникалық аппаратура, станоктар электр жабдықтары т.б. қауіпсіздік техника ережелеріне сәйкес сенімді орналастырылып, жермен тұйықталып, оларды одан әрі жетілдіру мүмкіндіктері де есепке алынуы керек.
7. Шеберханадағы барлық жабдықтар жұмысқа даяр болуы тиіс.
8. Шеберхананың жабдықталуы мектеп гигиенасы мен техникалық қауіпсіздік ережесінің талабына сай болуы керек.
Шеберхананың станоктарымен жабдықталуы жөнінде. Үлгі тізім бойынша тігін шеберханада мынадай оқу жабдықтары қарастырылады. Қолмен жетектелетін тігін машинасы 3-дана, аяқпен жетектелетін тігін машинасы 3-дана, өндірістік тігін машинасы 3-дана, оверлог машинасы 1-дана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет