Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары



бет23/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
stud.kz-72859

Бақылау сұрақтары:
1. Мектеп пән мұғалімдерінде кездесетін кемшіліктерді атап беріңіздер.
2. «Технология» пән бағдарламасы тақырыбына сәйкес оқытушының тапсыруымен бір тақырыпты алып, оны оқытуда күнтізбелік-тақырыптық жоспар әзірлеңізддер.
3. Бір сабақтың үлгі жоспарын әзірлеңіздер.
4. Оқушылардың сабақта дайындайтын еңбек объектісін тақырыпқа сәйкес негіздеңіздер.
5. Оқушылар дайындауы тиіс бұйымның технологиялық картасын әзірлеңіздер.
6. Оқушыларда теориялық мағлұматтарда қарастырылған ұғымдарды қалыптастыру бойынша оқытудың әдіс-тәсілдерін негізді сипаттаңыздар.
7. Сынақ сабақ өтуге дайындық көріңіздер және оны оқу тобының алдында өткізіңіздер.
8. Сабақ өтуге сәйкес керекті құрал-жабдықтарды таңдауды түсіндіріңіздер.
11-лекция. Тақырыбы: Оқушылар білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын бақылау, бағалау және есепке алу
Жоспары:
1. Оқушылардың үлгерімін есепке алудың, білімдерін тексерудің міндеттері.
2. Бағалаудағы талаптар.
3. Үлгерімді есепке алудың түрлері.
4. Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын бағалау критерийлері.
5. Білімді, іскерлікті тексеру түрлері
Лекция мақсаты: Оқытудың мақсатына сәйкес нәтижені тексеруді жүзеге асыру жөнінде теориялық мағлұматтар беру.
Лекция мәтіні:
Оқу-тәрбие үдерісіне баға қою - педагогикалық жүйенің құрамды бөлігі болып табылады. Бағалаусыз, оқыту үдерісінің нәтижесінсіз алға қойған мақсат, міндетке жетудегі тиімді оқытудың әдістері мен формаларын анықтау мүмкін емес. Сондықтан да бағалау қажетті педагогикалық іс-әрекет болып табылады, әрі баға және бағалау педагогикалық құрал ретінде де көрініс табады.
Бағалаудағы оқушының басынан өткеретін психофизиологиялық жағдайды анықтауда, саралауда психологиялық зерттеулерге сүйену қажет.
Бағалаудың негізгі функциясы оқушылардың білім дәрежесін және іскерлік пен дағды деңгейін белгілеу болып табылады. Баға көбіне ата-аналардың балаларына ықпалын күшейту мақсатында және оқушыларды қабілеттеріне қарай ажырату үшін қолданылады.
Психологтар бағаның психо-физиологиялық мәніне ерекше тоқталады. Олар:
1. Бағалаудың формасы емтиханды тапсырар алдындағы кез-келген студент немесе оқушының іштей қатты қобалжуы, қан қысымының көтерілуі, қалыпты қатты қозу жағдайында болуы.
2. Осы жағдайлардың адам организмінде қорқыныш туғызуы. Одан дистресс пайда болуы (яғни, қайғыру, бақытсыздық, қорқу, ақыл-ойының азаюы).
3. Дистресс фрустрацияға жалғасуы (яғни қобалжу, қорқу, ақыл-ойының азаюы). Фрустрация салдарынан адамның ерік-жігерге басшылық жасау қабілетінен айырылуы (яғни мінез құлқының ерікке көнбеуі), шыдам, үміттің жоғалуы, ол жағдай күрделене түсіп, тоқырауға, яғни қатты қайғырудан ауыру, әлеуметтік жағдайының тез өзгеруі, т. б.
Осы жағдайлар адамнан үлкен тәрбиелік жұмыстарды күтеді.
Баға – оқу әрекетінің маңызды бөлімі, әрі таным белсенділігі ретінде қарастырылады. Бағалау - әрекеттің нәтижесін саралап бөліп алу, аяқталған әрекетті қарап, қорытып, жаңа әрекетке бағыт беру.
Баға және баға қоюдың қажеттілігі төмендегідей болып табылады.
1) Педагогикалық тұрғыдан бағаның қажеттілігі аса зор. Баға - мектепте, институт, университет, академия, т.б. білім орындарында білім өлшемі болып табылады. Баға – тәртіпті нығайтуға көмектеседі. Жақсы баға көңіл күйді жақсартады, жақсы оқуға итермелейді. Жақсы оқитын оқушыларға еліктеп, топта белсенділік артады, оқу үлгірімі жақсарады, яғни педагогикалық тұрғыдан алғанда баға қажет-ақ.
2) Психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, жақсы баға адамда қуаныш сезімін тудыратын болса, керісінше, нашар баға көңілсіздік, қайғы туғызады. Осыдан жалпы баланың оқуға ынтасы болмайды, өзін достары арасында беделсіз санайтын болады. Нашар баға жалпы тәртіпсіздік туғызады, бала көбіне стресс жағдайында болады, психологиялық үдерістерінің бәрі тежелу күйінде өтеді.
3) Бағаның физиологиялық негізіне келетін болсақ, кез-келген адам білімін таразыға салу үшін қиналады, абыржып қобалжиды – оның нерв жүйесі шаршайды, орталық жүйке жүйесі қатты қызу жағдайында болады.
Нашар баға нерв жүйесін қажытады, тіпті ауруға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұл тұрғыдан бағаның қажеті жоқ.
Оқушылардың білімін, ептілігін және дағдыларын тексеру бағдарлама материалдарын зерделеу, дағдылар мен іскерліктерді қолдану, бекіту және қалыптастыру нәтижелерін бағалау мен бақылау мақсаты үшін орындалады. Тексеру мектеп оқушыларының білім, іскерлік және дағдыларындағы ақауды, олардың білмегендерін түзетуге бағытталады. Бұл тек қана оқушылардың оқу материалдарын білмеулерін анықтап және түзету ғана емес, қандай қателерді оқушылардың жібергенін, сондай-ақ олардың себептерін мұқият талдауға, оларды түзету шараларының негізгісі болып табылады.
Бағалау, бағалаудағы негізгі талаптар
Қазіргі уақытта оқушылардың білімін бағалауды педагогикалық, психологиялық, физиологиялық тұрғыдан қарастырғанда баға қоюдың қажеттілігі мен қажетті еместігін аңғару қиын емес. Оқушылардың білімін бағалауды педагогикалық тұрғыдан қарағанда, ол - қажеттілік. Ол туралы жоғарыда айтып өттік.
Педагогикалық қызметте, бағалауда формализмді жою үшін бірқатар педагогикалық талаптарды сақтау қажет:

  1. Оқушылардың білімін есепке алу, бақылау, бағалау және тексеру үнемі, жүйелі, басқа оқу және еңбектік іс-әрекеттермен үйлесімді жүргізілуді.

  2. Есепке алу, бақылау, бағалау және тексеру, оқу бағдарламаларының барлық тарауларын лабораториялық және өндірістік жұмыстарды жүргізуде техникалық және технологиялық білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды, жеке тұлғаның саналылық қасиеттерін жан-жақты қамтуды.

  3. Мектеп оқушыларын жеткілікті зерделемеуіне немесе олардың кейбіреулеріне басқаша көзқарастың болуына негізделген мұғалімнің қате және субъективті қорытынды шығаруын болдырмауды, объективтілікті.

  4. Оқушылардың жұмысқа және оның нәтижесіне қызығушылығын арттырудағы әр түрлі формада жүргізілетін білім, іскерлік және дағдыларды есепке алу, бағалау, бақылау, тексерудегі олардың оқыту, тәрбиелеу функциясын орындауын қамтамасыз етуді.

  5. Әрбір оқушыны, оның жеке еңбек іс-әрекетін бақылауды жүзеге асыруды талап етуші, жеке-дара бақылау сипатын, жеке оқушының жұмыс нәтижесін ұжымның жұмысымен алмастыруға немесе керісінше етуге жол бермеуді.

«5» - өте жақсы баға, ол жоғарыдағылардың барлығы дұрыс көрініс тапқанда қойылады, яғни жоғарыда аталған көрсеткіш құраушыларын орындаудағы іс-әрекеттер және берілген жауаптардағы білімдер технологиялық үдерістің типтік және стандартты емес ситуацияларында тұрақты көрініс табады.
«4» - жақсы, практикалық (технологиялық үдерістер) іс-әрекеттер тапсырманы орындауға бағытталған көріністе белгілі типтік ситуацияларда жиі орындалады және жауап берудегі білімдер толықтығы жиі расталады.
«3» - қанағаттанарлық (орта), практикалық іс-әрекеттерді орындаудағы іскерліктер технологиялық үдерістерді орындаудағы және орындауға бағытталған іс-әрекеттердің және берілген жауаптар толықтылығын шамамен жартысын (50%-ын) дұрыс орындайды, жауап береді.
«2» - қанағаттанарлықсыз, практикалық іс-әрекеттерді ара кідік және кейде (өзіне таныс жағдайда) ғана дұрыс орындайды және сұраққа берген жауаптарының басым көпшілігі дұрыс болмайды.
Білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру, ауызша, жазбаша және практика жүзінде болуы мүмкін.
Жалпы орта білім беретін мектептерде негізгі дәстүрлі тапсырмалардың формалары – сұрақтар, есептер, жаттығулар, мысалдар екендігі белгілі. Соңғы кездерде тесттік тапсырмаларда кеңінен қолданыс табуда. Жоғарыда келтірілгендердің ішінен тесттік тапсырмаға жақыны сұрақтар мен есептер болып саналады.
Педагогикалық тапсырма – оқу үдерісін тиімді және сапасын арттыруға, белсенділендіруге қабілетті ететін, дайындықтың деңгейін бақылау және оқыту құралы.
Барлық тапсырмаларды екі шартты топқа: оқыту (немесе оқу) үшін тапсырмалар және бақылау үшін тапсырмалар деп бөлуге болады. Басым көпшілік тапсырмаларды оқушыларды оқыту үшін және олардың білімдерін бақылау үшін қолдануға болады. Объективті бақылау үшін бәрінен бұрын тесттік тапсырмалар ыңғайлы келеді, оларды пайдалану мұғалімнің көмегінсіз баға қоюға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет