Лекция тезистерінің жинағын дайындаған: аға оқытушы Қ. А. Тұрлыбеков



бет19/21
Дата15.11.2022
өлшемі221.57 Kb.
#464855
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
4.лекция тезистері

Бақылау сұрақтары:
1.Интелектуалдық меншіктің түсінігі.
2. Интелектуалдық меншіктің мазмұны.
3. Өнеркәсіптік меншіктің түсінігі.
4. Өнеркәсіптік меншіктің объектілері.
5. .Конвенциялық басымдылық туралы Ереже.
10-лекция. Тақырыбы: Халықаралық жеке құқықтағы отбасы құқығы.

Жоспары:
1. Шетел элементімен күрделенген неке-отбасы қатынастарының түсінігі, құқықтық реттеудің ерекшеліктері.


2. Некеге отыру.
3. Консулдық некенің түсінігі.


Лекция мақсаты: Шетел элементімен күрделенген неке-отбасы қатынастарының түсінігін және құқықтық реттелу ерекшеліктерін, Неке-отбасы саласындағы қатынастардың коллизиялық мәселелерін, Некеге отыру жағдайларын, Консулдық некенің түсінігін түсіндіру және оқыту болып табылады.


Лекция мәтіні.
1. Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормалар қатарына Балалар құқықтарын қорғау және халықаралық бала асырап алу туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы халықаралық Конвенция, Адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларация, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды қорғау туралы Халықаралык пакт, Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар және құқықтық көмек туралы 1993 жылғы 1 қаңтардағы Минск конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған Шетелден алимент өндіріп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркүйектегі Конвенция, Балаларды қорғау және шетелдегі бала асырап алу қатынастары жөніндегі қызметтестік туралы 1993 жылғы Конвенция, Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы 1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы азаматтық және саяси құкықтар туралы фактінің факультативті протоколы, Бала қүқығы туралы 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1959 жылғы балалар құқығы туралы Конвенциясы, балаларды халықаралық ұрлау және азаматтық туралы Конвенциялар жатады. Қазақстан осындай көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық үйымдарға мүше болып табылады.
О тбасы — қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және қорғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабыддайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуіне және қоғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін занда көзделген шарттарды сақтау кажет. Отбасы құқығы бойынша неке бүл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен, занда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалатын еркек пен әйел арасындағы тең құқыкты одақ болып табылады.
Осы күнге дейін отбасындағы әйел мен ер адамның теңсіз кұқықтық жағдайлары орын алып келе жатыр. Бұл мемлекеттердің отбасылық заңдарында неке шарты деген түсінік бар, бұл жерде некеге тұрғанша неке шарты бекітіліп, ер адамның әйел адамның мүлкіне деген құқықтарын анықтайды.
Көптеген мемлекеттердің, заңнамасы бір ғана некенің (моногамия) болуын бекітеді. Бірақ, қазіргі күнге дейін Азия мен Африканың көптеген мемлекеттерінде көп әйел алушылык (полигамия) танылады, некеге түру кезінде қалындыққа ақы төлеу және басқа да архаикалык әдет-ғүрыптар күні бүгінге дейін сақталуда. Бұның барлығы отбасы құқығындағы әйелге қатысты дискриминацияның болуын білдіреді. Бірқатар елдердің заңнамасы мен тәжірибесі нәсілдік кемсітушілікке жол береді. Түрлі нәсіл мен дінге көзқарастары бөлек адамдарға некеге отыруға тыйым салынады.
Осы жекелеген отбасы заңнамасындағы әр түрлі жағдайда екі мемлекеттің азаматы некеге отырған уақытта коллизиялық сүрақтарды шешу үлкен маңызға ие болып табылады. Батыс мемлекеттерінде отбасы құқығы қатынастарындағы коллизиялық нормалар алуандылыққа ие болып табылады. Некелік құкық қабілеттілік, яғни некеге түру жасы, некеге тұруға кедергілердің болмауы — мүның барлығы түрлі мемлекеттерде ерлі-зайыптылардың өздерінін жеке заңдарымен анықталады. Некені тоқтатқан кезде түрлі азаматтыққа ие ерлі-зайыптылар арасында бірқатар мемлекеттерде ер адамның азаматтық заңы қолданылады.
Бір мемлекетте сол елдің заңының талаптарын сақтай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, басқа мемлекеттерде танылмауы да мүмкін, мұны халықаралық жеке құқықта «ақсандаған неке» («хромающие браки») деп те атайды.
Некедегі ерлі-зайыптылардың мүліктік катынастары біркатар мемлекеттерде ер адамның жеке заңымен анықталады.
2. Бірқатар мемлекеттерде түрлі коллизиялық мәселелер шешіледі. Венгрияның халықаралық жеке құқық туралы Заңының 30-параграфына сәйкес некенің жарамдылығының материалдық-құқықтық шарттары некеге түрушылардың «ортақ жеке зандарымен» анықталады. Қазақстан Республикасында Қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы. Қазіргі заман жағдайында, халықаралық катынас пен әріптестіктің дамуы кезінде Қазақстандық азаматтардың шетел азаматтары мен некелесуі көптеп орын алып отыр. Мұндай некені бекіту, өз кезегінде балалар мен олардың ата-аналарының түрлі азаматтыкта болу жағдайларын көбейтеді.
Қазақстан Республикасында Қазакстандық азамат пен шетел азаматының некесі, сонымен қатар шетелдіктердің де некесі бекітіле береді. Біздің заңнама, өз азаматтарымыздың басқа шетел мемлекетінің азаматымен некелесуге тыйым салып, ол үшін рұксат сұрауды талап етпейді.
Біздің азаматтардың шетел азаматтарымен некелесуі, сонымен қатар шетел азаматтарының өздерінің арасында некелерін бекітуі Қазақстан Республикасының заңнамасына бағынады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл салада «некеге отыру жер заңы» деп аталатын коллизиялық қағида қолданылады. Неке біздің заңнамада көзделген нысан бойынша жасалады, яғни азаматтық хал актілерін жазу органдарында, осы некені тіркеудің бекітілген ережелерін сақтай отырып тіркеледі. Қазақстан Республикасында некені діни жолмен бекіту қандай да бір құқықтық салдарға жетелемейді, бірақ мұны адамдар өз арасында тануы да мүмкін.
Қазақстан Республикасында некеге тұру туралы келісім некеге тұрушылардың өздерімен жасалуы тиіс болып табылады. Бірқатар елдерде (Испания, Перу т.б.) некеге тұрушылар сенімхат беріп, өкіл арқылы некеге тұруларына жол беріледі. Біздің заң мұндай өкілдік етуге жол бермейді.
Шетелдіктердің де некеге тұруларының материалдық шарттары олардың ұлттық заңнамасымен емес, біздің заңнама бойынша анықталады. Мәселен, Қазақстандық неке және отбасы заңнамасына сәйкес некеге отыру үшін екі жақты келісім, белгілі бір жасқа толу және тағы басқа талаптар қойылады.
3. «Неке және отбасы туралы» Заңның 11-бабында «Егер түлғалардың бірі баска некеде тіркелген болса, онда ол жаңа некеге отыра алмайды» делінген, яғни егер шетелдіктің өз заңы көп әйел алушылыкқа жол берсе, онда ол біздің республикамызда некеге отыра алмайды.Осыған карамастан некені тіркеуге міндетті болып табылады. Мүндай неке біздің заңнама бойынша танылғанымен, тиісті шетелдіктің мемлекетінде бұл неке танылмайды. Бұл өз кезегінде біздің мемлекеттің азаматының өзінің некелескен адамының мемлекетіне барған уақытында құқығының шектелуіне алып келуі мүмкін. Мүндай жағдайда түсіндірудің рәсімі үлкен манызға ие болып есептеледі, өйткені біздің азамат шетелдікпен некеге отырған кезінде бүл некенің басқа мемлекетте, оның ішінде неке-лескен адамының мемлекетінде танылмай, оның белгілі бір шекте мүліктік құқықтары шектелетіндігін білуі шарт болып табылады.
80-жылдары Болгариямен, Вьетнаммен, Венгриямен, Финляндиямен бекітілген құқықтық көмек көрсету туралы шарттарда некені бекіту нысаны неке бекітілген мемлекеттің заңымен анықталатындығы айтылады. Материалдык шарттар жағдайын да құқықтық көмек көрсету шарттары камтылып кеткен. Мысалы, Вьетнаммен КСРО-ның арасында жасалған құқықтық көмек көрсету шарттарында ерлі-зайыптылардың мүліктік жағдайы сол елдің азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасымен шешіледі деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңында Қазақстан Республикасы азаматының шетел азаматымен некеге тұруы немесе онымен некені токтатуы азаматтықтың өзгеруіне алып келмейді деп көрсеткен.
Бір некелесушінің өз азаматтығын өзгертуі екінші азаматтың азаматтығының өзгеруіне алып келмейді.
Консулдық некелер. Біздің заңнамада Казақстан Республикасының аумағында консулдык некелерді, яғни шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде жасалатын некені таниды. Шетел азаматтарының арасында Қазакстан Республикасының аумағындағы елшіліктер мен өкілдіктерде жасалатын некелер екі жақты танудың негізінде ғана жарамды болып танылады. Ол үшін елшілік жіберіп жатқан елдің Қазақстан Республикасымен тиісті келісімі болуы қажет. Бүған қоса мұндай некелердің жарамдылығына тағы бірқатар талаптар койылады:
а) екі жақты келісімнің болуы, яғни шетел мемлекетінде осындай консулдықтардағы некенің танылуы;
ә) некеге түрушы екі түлға да сол елшілік пен консулдықты жіберген мемлекеттердің азаматы болуы. Адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларация, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды қорғау туралы Халықаралык пакт, Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар және құқықтық көмек туралы 1993 жылғы 1 қаңтардағы Минск конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған Шетелден алимент өндіріп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркүйектегі Конвенция, Балаларды қорғау және шетелдегі бала асырап алу қатынастары жөніндегі қызметтестік туралы 1993 жылғы Конвенция, Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы 1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы азаматтық және саяси құкықтар туралы фактінің факультативті протоколы, Бала қүқығы туралы 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1959 жылғы балалар құқығы туралы Конвенциясы, балаларды халықаралық ұрлау және азаматтық туралы Конвенциялар жатады. Қазақстан осындай көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық үйымдарға мүше болып табылады.
О тбасы — қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және қорғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабыддайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуіне және қоғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін занда көзделген шарттарды сақтау кажет. Отбасы құқығы бойынша неке бүл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен, занда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалатын еркек пен әйел арасындағы тең құқыкты одақ болып табылады.
Осы күнге дейін отбасындағы әйел мен ер адамның теңсіз кұқықтық жағдайлары орын алып келе жатыр. Бұл мемлекеттердің отбасылық заңдарында неке шарты деген түсінік бар, бұл жерде некеге тұрғанша неке шарты бекітіліп, ер адамның әйел адамның мүлкіне деген құқықтарын анықтайды.
Көптеген мемлекеттердің, заңнамасы бір ғана некенің (моногамия) болуын бекітеді. Бірақ, қазіргі күнге дейін Азия мен Африканың көптеген мемлекеттерінде көп әйел алушылык (полигамия) танылады, некеге түру кезінде қалындыққа ақы төлеу және басқа да архаикалык әдет-ғүрыптар күні бүгінге дейін сақталуда. Бұның барлығы отбасы құқығындағы әйелге қатысты дискриминацияның болуын білдіреді. Бірқатар елдердің заңнамасы мен тәжірибесі нәсілдік кемсітушілікке жол береді. Түрлі нәсіл мен дінге көзқарастары бөлек адамдарға некеге отыруға тыйым салынады.
Осы жекелеген отбасы заңнамасындағы әр түрлі жағдайда екі мемлекеттің азаматы некеге отырған уақытта коллизиялық сүрақтарды шешу үлкен маңызға ие болып табылады. Батыс мемлекеттерінде отбасы құқығы қатынастарындағы коллизиялық нормалар алуандылыққа ие болып табылады. Некелік құкық қабілеттілік, яғни некеге түру жасы, некеге тұруға кедергілердің болмауы — мүның барлығы түрлі мемлекеттерде ерлі-зайыптылардың өздерінін жеке заңдарымен анықталады. Некені тоқтатқан кезде түрлі азаматтыққа ие ерлі-зайыптылар арасында бірқатар мемлекеттерде ер адамның азаматтық заңы қолданылады.
Бір мемлекетте сол елдің заңының талаптарын сақтай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, басқа мемлекеттерде танылмауы да мүмкін, мұны халықаралық жеке құқықта «ақсандаған неке» («хромающие браки») деп те атайды.
Некедегі ерлі-зайыптылардың мүліктік катынастары біркатар мемлекеттерде ер адамның жеке заңымен анықталады.
Бірқатар мемлекеттерде түрлі коллизиялық мәселелер шешіледі. Венгрияның халықаралық жеке құқық туралы Заңының 30-параграфына сәйкес некенің жарамдылығының материалдық-құқықтық шарттары некеге түрушылардың «ортақ жеке зандарымен» анықталады. Қазақстан Республикасында Қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы. Қазіргі заман жағдайында, халықаралық катынас пен әріптестіктің дамуы кезінде Қазақстандық азаматтардың шетел азаматтары мен некелесуі көптеп орын алып отыр. Мұндай некені бекіту, өз кезегінде балалар мен олардың ата-аналарының түрлі азаматтыкта болу жағдайларын көбейтеді.
Қазақстан Республикасында Қазакстандық азамат пен шетел азаматының некесі, сонымен қатар шетелдіктердің де некесі бекітіле береді. Біздің заңнама, өз азаматтарымыздың басқа шетел мемлекетінің азаматымен некелесуге тыйым салып, ол үшін рұксат сұрауды талап етпейді.
Біздің азаматтардың шетел азаматтарымен некелесуі, сонымен қатар шетел азаматтарының өздерінің арасында некелерін бекітуі Қазақстан Республикасының заңнамасына бағынады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл салада «некеге отыру жер заңы» деп аталатын коллизиялық қағида қолданылады. Неке біздің заңнамада көзделген нысан бойынша жасалады, яғни азаматтық хал актілерін жазу органдарында, осы некені тіркеудің бекітілген ережелерін сақтай отырып тіркеледі. Қазақстан Республикасында некені діни жолмен бекіту қандай да бір құқықтық салдарға жетелемейді, бірақ мұны адамдар өз арасында тануы да мүмкін.
Қазақстан Республикасында некеге тұру туралы келісім некеге тұрушылардың өздерімен жасалуы тиіс болып табылады. Бірқатар елдерде (Испания, Перу т.б.) некеге тұрушылар сенімхат беріп, өкіл арқылы некеге тұруларына жол беріледі. Біздің заң мұндай өкілдік етуге жол бермейді.
Шетелдіктердің де некеге тұруларының материалдық шарттары олардың ұлттық заңнамасымен емес, біздің заңнама бойынша анықталады. Мәселен, Қазақстандық неке және отбасы заңнамасына сәйкес некеге отыру үшін екі жақты келісім, белгілі бір жасқа толу және тағы басқа талаптар қойылады.
3. «Неке және отбасы туралы» Заңның 11-бабында «Егер түлғалардың бірі баска некеде тіркелген болса, онда ол жаңа некеге отыра алмайды» делінген, яғни егер шетелдіктің өз заңы көп әйел алушылыкқа жол берсе, онда ол біздің республикамызда некеге отыра алмайды.Осыған карамастан некені тіркеуге міндетті болып табылады. Мүндай неке біздің заңнама бойынша танылғанымен, тиісті шетелдіктің мемлекетінде бұл неке танылмайды. Бұл өз кезегінде біздің мемлекеттің азаматының өзінің некелескен адамының мемлекетіне барған уақытында құқығының шектелуіне алып келуі мүмкін. Мүндай жағдайда түсіндірудің рәсімі үлкен манызға ие болып есептеледі, өйткені біздің азамат шетелдікпен некеге отырған кезінде бүл некенің басқа мемлекетте, оның ішінде неке-лескен адамының мемлекетінде танылмай, оның белгілі бір шекте мүліктік құқықтары шектелетіндігін білуі шарт болып табылады.
80-жылдары Болгариямен, Вьетнаммен, Венгриямен, Финляндиямен бекітілген құқықтық көмек көрсету туралы шарттарда некені бекіту нысаны неке бекітілген мемлекеттің заңымен анықталатындығы айтылады. Материалдык шарттар жағдайын да құқықтық көмек көрсету шарттары камтылып кеткен. Мысалы, Вьетнаммен КСРО-ның арасында жасалған құқықтық көмек көрсету шарттарында ерлі-зайыптылардың мүліктік жағдайы сол елдің азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасымен шешіледі деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңында Қазақстан Республикасы азаматының шетел азаматымен некеге тұруы немесе онымен некені токтатуы азаматтықтың өзгеруіне алып келмейді деп көрсеткен.
Бір некелесушінің өз азаматтығын өзгертуі екінші азаматтың азаматтығының өзгеруіне алып келмейді.
Консулдық некелер. Біздің заңнамада Казақстан Республикасының аумағында консулдык некелерді, яғни шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде жасалатын некені таниды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет