Лекция тезистерінің жинағын дайындаған: аға оқытушы Қ. А. Тұрлыбеков


Мемлекет халықаралық қүқықтың субъектісі ретінде үш



бет7/21
Дата15.11.2022
өлшемі221.57 Kb.
#464855
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
4.лекция тезистері

Мемлекет халықаралық қүқықтың субъектісі ретінде үш түрге бөлінеді:

  1. Біртүтас мемлекет

  2. Конфедерация

  3. Федерация

1. Біртүтас мемлекетте, біртүтас жоғары билік жүйесі болады. Біртұтас мемлекетте барлық аумаққа бір Конституция тарайды жөне бір азаматтың бір құқық жүйесі болады. Біртұтас мемлекеттің аумағы әкімшілік-аумақгық бөлшектерге бөлінеді. Оның өзіндік саясаты болмайды, бірақ кейде әкімшілік автономияға ие болады. Біртұтас мемлекет өзі халықаралық құқыққа субъект ретінде шығады. Біртұтас мемлекетке Ұлыбритания, Франция, Италия, Швеция, Норвегия, Финляндия елінің көпшілігі, Қазақстан және т.б. жатады.
Конфедерация мен федерация күрделі мемлекеттерге жатады.
2. Конфедерация — бүл мемлекеттердің бірлігі. Бүл мемлекеттер бәріне ортақ мөселелерді шешу үшін жалпы заң қабылдайды және орган құрады. Конфедерацияның мүшелеріне — өз мемлекет басшылары кіреді. Конфедерация органдары соған кіретін мемлекеттердің өкілдерінен тұрады. Конфедерация мүшелері өздері халыкаралық құқық субъектісі болып саналады. Егер де конфедерация мүшелері конфедерацияның өзіне халықаралық істерді, шарт жасасуды жүзеге асыруға құқық берсе, онда конфедерацияның өзі халықаралық кұқық субъектілікке ие болады. Қазіргі жағдайда классикалық конфедеративтік мемлекет жоқ деп айтуға болады. Мысалы, Швейцария конфедеративтік мемлекет болып саналғанымен, іс жүзінде олай емес, өйткені Швейцария әкімшілік-аумақгық бөліністерге бөлінеді.
3. Федерация — бұл күрделі және тығыз мемлекеттік кұрылым. Федерация бүл мемлекеттердің жай бірлігі емес, бұл бірлескен мемлекет (одақтық мемлекет). Бұл біртұтас мемлекет сияқты мемлекеттік құрылым нысаны болып табылады. Бүның конфедерациядан айырмашылығы, мұнда федерациядағы билік барлық азаматтарға таралады. Орталық федералда биліктердің актілері федерацияның барлық шекарасында күшінде болады. Әрі мұнда федералды билікпен қатар әр елдің өзінің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болады. Әр елдің өз азаматтығы мен конституциясы болады. Бірақ бұл елдер халықаралық құқықтың субъектісі бола алмайды, яғни олар өздерінің сыртқы саясатьн жүзеге асыра алмайды. Федеративтік мемлекеттерге Ресей Федерациясы, АКШ, т.б мемлекеттер жатады.
Бейтарап мемлекеттер үғымы. Бейтарап мемлекет — бұл осы мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігіне ешқашан, ешкімнің қол сұқпайтындығына ірі мемлекеттердің (державалардың) халықаралық келісімімен кепілдік беруі, яғни осындай кепілдік берілген мемлекетті айтамыз. Егер осы мемлекет, өзіне қарсы шабуыл жасалғанда өзін-өзі
қорғауды қоспағанда, ешқашан басқа мемлекетке қарсы қару көтермеуге және қашан да жанама түрде болсын соғыстың болуына ықпал ететін қандай да бір әрекеттер жасамауға міңдеттенсе ғана мұндай кепілдік беріледі. Мемлекеттердің мұндай міндеттемелерді мойнына алуы, яғни бейтарап болуларына негізгі себеп — бұл мемлекеттер әлсіз, әлі жас болуы және халықаралық саясатқа белсенді қатыспай, өзінің бейбіт жолмен дамуын қалайтындығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет