Лекция.«Инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық негіздері курсы»



бет1/2
Дата03.01.2022
өлшемі19.94 Kb.
#451544
түріЛекция
  1   2
Лекция


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.Уәлиханов атындағы универстеті

Лекция.«Инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық негіздері курсы»


Дайындаған:ППК-71тобы

Көкшетау-2020ж



Лекция Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі.

XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Скандинавия елдерінде) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру болды. Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балаларға оқуды жеңілдететін қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады. Әрбір елде интеграциялаудың өзіндік үлгісі іске асырылуда, бұл білім беруде интеграциялаудың жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде.Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде айқындалған басым бағыт жалпы мектептік білім беру саласында қарастырып отырған категориядағы балаларды жалпы білім беру үрдісіне міндетті түрде енгізуді көздейді.Ресейдегі инклюзивті білім беру.1991 жылдың күзінен бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды.Мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогтардың жұмыс істеу мақсатында Ресей Федерациясының білім министрлігі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1996ж 1 қыркүйегінен бастап «Арнайы(коррекциялық) педагогиканың негіздері», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясының негіздері» деген курстарды енгізді. Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлінің айтуы бойынша 2008-2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі экспериментальды түрде көптеген білім беру мекемелеріне енгізілген. Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер;«Интернат-үйлер»; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту.Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту. АҚШ-тың мүмкіндігі балаларды оқытудағы қазіргі саясаты жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады. Бұл біріктірулерде 3 негізгі жолдар бар: «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Бұл арнайы білім беру алаңында үлкен дау-дамай тудыруда.«Негізгі бағыт» мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Бұл балалар қоғамға араласуы керек болғандықтан , оларды әлеуметтік және білім беру қызметтеріне қосу керек деп есептейді.«Жалпы білім беру инициативасы»-бұл АҚШ-тың білім департаментінің арнайы білім беру бөлімінің ұсынысы. Жалпы білім беру инициативасы -дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, «негізгі бағыттан» ары қарай дами түскен. Кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді.«Енгізу» моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша оқушының жетістігі бағаланады.

.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында, орта білім жүйесінің ағымдағы жай-күйіне жасалған талдау бойынша «соңғы жылдары мүмкіндіктері шектеулі балалар санының өскен, 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылғандығын көрсетті. Аталған категория балаларын оқыту 35 арнайы балабақшада, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 228 арнайы топтарында, республика бойынша 101 корркециялық мектепте және жалпы білім беретін мектептердің 1096 арнайы сыныптарында жүзеге асады». Бұл дегеніміз өз білім беру жүйемізде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастырудың өз жолын құруымыз керек деген сөз.Бірақ бізде жұмыс істеп тұрған арнайы мектептердің жүйесі сақталады. Өйткені бәрін бір партаға әкеп отырғыза алмаймыз. Қанша айтсақ та, жарымжан балалар жалпыға білім беретін мектеп жағдайында қажетті білім ала алмайды. Сондықтан бұл жүйе кеңейе береді. Жақында ғана республикалық зағип балаларға арналған жаңа мектеп салу жөніндегі Үкіметтің шешімі шықты. Арнайы мектептер жалпыға білім беретін оқу орындарына ресурс секілді болады, өйткені мұнда арнайы ұжым қалыптасқан.Қазақстанда мүмкіншілігі шектелген балалардың туғанынан бастап әлеуметтік және медициналық-педагогикалық корекциялық амалдары амалдары, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерілуді және білім алуды ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында «Білім туралы», «Мүмкіншілігі шектелген балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» заңдарда бекітілген.



Жоғарыда айтылған міндеттерден басқа өзге де бірқатар мәселелерді шешу қажет. Осы аталған міндеттер шешімін табу үшін, сөз жоқ білікті маман қажет,сол себепті осы бағытта болашақ мамандарға тиісті білім, іскерлік, дағды қалыптастыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет