Лекциялар 15 с Лабораториялық сабақтар 15 с СӨЖ 30 с обсөЖ 30 с



бет11/13
Дата13.06.2016
өлшемі1.18 Mb.
#133545
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


9

8

«Жаратылыстану» факультеті


«Биология» кафедрасы.

«Адам анатомиясы »пәні бойынша 050113


«Биология»
мамандықтарының студенттері үшін.


Стденттің өзіндік жұмысының жоспары.

(СӨЖ)

СӨЖ тақырыптары. (15сағат 2-кредитке).




СӨЖ тақырыптары, мазмұны

Әдебиеттер

Жұмыстың түрі

1

Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелері: Бүйрек.


1,2,3

Әдебиетпен,атласпен жұмыс

2

Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелері: Зәрағар түтік,қуық, үрпі жолы. Бүйректің эндокриндік құрылымдары.

1,2,5

Әдебиетпен,атласпен жұмыс

3

Жыныс жүйесі. Аталық жыныс жүйесі

1,2,3

Әдебиетпен,атласпен жұмыс

4

Жыныс жүйесі. Аналық жыныс жүйесі

1,2,4

Реферат

5

Тамырлар жүйесі:Жүректің құрылысы


1,2,3

Әдебиетпен,атласпен жұмыс

6

Тамырлар жүйесі:қан айналым шеңберлері


1,2,3

Әдебиетпен,атласпен жұмыс

7

Тамырлар жүйесі:сарысу жүйесі.

1,4,5

Әдебиетпен,атласпен жұмыс

8

Қан жасайтын және иммуногенез мүшелері.

1,4,5

Реферат

9

Эндокринді жүйе.

1,4,5

Әдебиетпен,атласпен жұмыс

10

Жүйке жүйесі

Жұлынның құрылысы.



1,4,5

Әдебиетпен,атласпен жұмыс

11

Жүйке жүйесі.Бас миы .Сопақша ми .Артқы ми. Ортаңғы ми

1,2,3

Әдебиетпен,атласпен жұмыс

12

Жүйке жүйесі.Бас миы.Аралық және соңғы ми


1,2,3

Реферат

13

Жүйке жүйесі.Шеткі жүйке жүйесі

1,2,4

Әдебиетпен,атласпен жұмыс

14

Сезім мүшелері


1,2,4

Әдебиетпен,атласпен жұмыс

15

Тері жабынының құрылысы

1,2,4

Әдебиетпен,атласпен жұмыс

Әдебиеттер тізімі.

Негізгі


1. Жандар Керімбектің Ермаханы.Тәнтану. А. 2004

2. А.Р.Рахышев .Адам анатомиясы А.2005.1-2 тт

М. Юсупова . Адам анатомиясының практикумы . А. Мектеп . 1984.

3. Воробьев В .П. Атлас анатомии человека , тт 1-3 ; М-Л ., Мегдиз , 1938-1942.

4. Гримяцкий М. А. Анатомия человека . М.1950.

5. Иваницкий М. Ф. Анатомия человека. М 1965.

6. Курепина М. М., Воккен Г. Г. Анатомия человека. М. 1971.

7. Привес Г. М. Анатомия человека. Л. 1974.

Қосымша :

1. Анохин П.К. биология и нейрофизиология условного рефлекса . М. Медицина . 1968.

2. Асратян Э. А. Фи9зилогия центральной нервной системы . М. Медгиз. 1953.

3. Беленов Н. Ю. Условный рефлекс и подкорковые оброзования мозга . М. 1965.

4. Бенритов И. С. Структура и функции коры большого мозга . М. Наука . 1969.

5. Бруновт е.П. Малахова Г. Я. Основы анатомии, физиологии и гигиены .А .1970.

6.Гарибьян Р. Б. Марков Н . Г. Анатомия и физиология человека . А. 1973.

7. Гримяцкий М.А. Анатомия человека .М. 1970.

8.Кабанов А. Н. Чарбовская А.П. Анатомия , физиология и гигиена детей дошкольного возраста. М. Просвещение. 1969.

9.Леонтьева Н.Н. Маринова К.В. Анатомия и физиология детского организма. М. Просвещение .1986.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
«Сырдария» университеті


«Жаратылыстану» факультеті


«Биология» кафедрасы.

«Адам анатомиясы пәні бойынша 050113 «Биология»


мамандықтарының студенттері үшін.
Оқытушының басшылығы мен студенттердің өзіндік

жұмыс жоспары (ОБСӨЖ)


10. ОБСӨЖ жоспары (15 сағат 2- кредитке).






Тақырыбы

Бақылау түрі

1

Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелері: Бүйрек.


Сұрақ-жауап

2


Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелері: Зәрағар түтік,қуық, үрпі жолы. Бүйректің эндокриндік құрылымдары.

Сұрақ-жауап

3

Жыныс жүйесі. Аталық жыныс жүйесі

Сұрақ-жауап

4

Жыныс жүйесі. Аналық жыныс жүйесі

Сұрақ-жауап

5


Тамырлар жүйесі:Жүректің құрылысы


Тестілік сауалнама

6

Тамырлар жүйесі:қан айналым шеңберлері


Сұрақ-жауап

7

Тамырлар жүйесі:сарысу жүйесі.

Сұрақ-жауап

8

Қан жасайтын және иммуногенез мүшелері.

Коллоквиум

9

Эндокринді жүйе.

Сұрақ-жауап

10


Жүйке жүйесі

Жұлынның құрылысы.



Сұрақ-жауап

11

Жүйке жүйесі.Бас миы .Сопақша ми .Артқы ми. Ортаңғы ми

Сұрақ-жауап

12

Жүйке жүйесі.Бас миы.Аралық және соңғы ми


Тестілік сауалнама

13

Жүйке жүйесі.Шеткі жүйке жүйесі

Сұрақ-жауап

14

Сезім мүшелері


Сұрақ-жауап

15

Тері жабынының құрылысы

Коллоквиум


ОБСӨЖ № 16

Тақырыбы: Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелері: Бүйрек.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді зәр шығару жүйесінің мүшелерімен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, мүшелердің топографиясымен, құрылысын меңгерту.

Сабақтың мазмұны: Зәр шығару жүйесі. Зәр түзетін және зәр бөлетін құрылымдар. Бүйректер: топография, пішіні, жоғарғы және төменгі полюстері, медиальды және латералды шеттері, вентралды және дорсалды беттері, қақпасы, майлы және фиброзды капсулалар, мүшенің стромасы және паренхимасы. Қыртыс заты, бүйрек денешіктері мен ми затының сәулелері. Милық заты бүйрек пирамидаларымен бүйрек бағаналары. Пирамида: негізгі, бүйрек емізікшелері бар ұшы. Бүйрек бөліктері туралы түсінік. Бүйрек сегменттері. Жоғарғы, соңғы-жоғарғы, төменгі, соңғы-төменгі, артқы. Құрылымдық –функционалдық бірлік – нефрон. Бүйрек денешігі және каналшалары. Бүйрек денешігі: гемокаппилярлар тұзақтары және екі қабырғалы капсула. Нефрон каналшалары: проксималды, дисталды аралық бөлім. Нефрон типтері қыртыстың юкстамедулярлы, аралық, олардың айырмашылықтары. Бүйректің зәр бөлетін құрылымдары жинағыш түтіктер, емізікше өзектерімен тесіктері, үлкен, кіші астаушалар, бүйрек қойнауы.

Нефрон тұзағы- проксималды түзу және дисталды түзу бөлімдері, дисталды ирек каналша. Бүйректің қанмен жабдықталуының негізгі ерекшеліктері.



Оқу материалы: муляждар, бүтін мүшелердің фиксацияланған препараттары, планшеттер, таблицалар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “Зәр шығару жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді пайдалана отырып зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысымен таныс болу. Ең алдымен, жүйенің мүшелерін зәр түзуші және зәр бөліп шығарушы ретінде бөлшектеп алу керек, бүйректің құрылымының бір бөлігі, атап айтқанда жинағыш түтіктер. Үлкен, кіші бастаулар зәрді бөліп шығару жұмысын атқаратындығына көңіл бөлу қажет. Бүйрек құрылысын зерттегенде қыртыс қабаты мен милық қабатының тығыз байланыстылығына, біріне –бірі сәуле, бағана түрінде еніп жататындығына назар аудару керек. Мүшенің қанмен жабдықталуына аса көңіл бөлген абзал.



Бақылау сұрақтары:

Зәр шығару жүйесіне жалпы сипаттама.

Бүйректің құрылысы.

Бүйректің қыртыс заты.

Бүйректің милы заты.

Нефронның құрылымы.

Бүйректің зәр бөлетін құрылымдары.

Үлкен, кіші астаушалар.

Бүйректің қойнауы.
Негізгі және қосымша түсініктер: Зәр шығару жүйесі, зәрдің түзілуі, зәрдің бөліп шығарылуы, бүйрек, полюс, қыртыс заты, милық заты, майлы және фиброзды капсула, қақпа, строма, паренхима, нефрон, нефрон капсуласы, проксималды ирек түтік, тұзақ дисталды имен түтік, аралық бөлім,қыртыстық, аралық юкстамедулярлық нефрондар, қыртыс зат бағанасы, пирамида, емізікше тесіктері, торлы аймақ, форникалды аппарат, бүйрек бөлігі, сегмент, бүйрек денешігі, гемокаппилярлар тұзақтары, реабсорбция, алғашқы несеп, соңғы несеп.
ОБСӨЖ № 17

Тақырыбы: Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелері: Зәрағар түтік,қуық, үрпі жолы. Бүйректің эндокриндік құрылымдары.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді зәр шығару жүйесінің мүшелерімен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, мүшелердің топографиясымен, құрылысын меңгерту.
Сабақтың мазмұны: Бүйректің эндокриндік құрылымдары. Юстагломерулалы аппарат, простиглануындық аппарат. Оларды құрайтын жасушалар. Зәр бөлетін мүшелер: Зәрағар түтік,қуық, үрпі жолы. Зәрағар түтік топографиясы, пішіні, денесі, төбесі, түбі, мойны. Қуықтың құрылысы, қабаттары, қуықтың үш бұрышты құрылымы. Зәр шығаратын үрпі жолы, топографиясы, сілемейлі қабаттың эпителий қабығының ерекшеліктері – проксималды шетінен дисталды шетіне қарай эпителий типінің өзгеруі.

Оқу материалы: муляждар, бүтін мүшелердің фиксацияланған препараттары, планшеттер, таблицалар.



СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “Зәр шығару жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді пайдалана отырып зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысымен таныс болу.

Қазіргі уақытта бүйректің эндокриндік мүше ретіндегі қызметі анықталып отыр. Сондықтан ондағы юкстагломеруларлық және проста гландиндік аппараттарды түзетін құрылымдар жөнінде терінің болуы керек.

Зәр бөлетін құрылымдардың құрылысын құрастырғанда бүйрек астаушалары, қойнауы, зәрағар түтіктің қабырғаларының құрылысының ұқсастығына көңіл аударған абзал. Қуықтың, зәр шығаратын үрпі жолының эпителий қабатының ерекшеліктеріне де көңіл аудару керек.



Бақылау сұрақтары:

Бүйректің эндокриндік құрылымдары.

Юкстагломерулалық аппарат.

Простагландиндік аппарат.

Зәр бөлетін мүшелер.

Зәрағар түтіктің құрылымы.

Қуықтың құрылымы.

Зәр шығаратын үрпі жолының құрылымы.

Сілемейлі қабат.
Негізгі және қосымша түсініктер: Бүйректің эндокриндік құрылымдары, юкстагломеруларлы аппарат, простагландиндік аппарат, зәр бөлетін мүшелер, зәрағар түтік, қуық, зәр шығаратын үрпі жолы, сілемейлі қабат.

ОБСӨЖ № 18

Тақырыбы: Жыныс жүйесі. Аталық жыныс жүйесі

Сабақтың мақсаты: Студенттерді аталық жыныс жүйесінің мүшелерімен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, мүшелердің топографиясы мен, құрылысын меңгерту.

Сабақтың мазмұны: Жыныс жүйесі. Аталық жыныс мүшелері сыртқы, ішкі жыныс мүшелері.Аталық жыныс жүйесі:ен,ен қосымшасы,ұрық шығаратын шашатын жолдар,шәует қуықшасы, қуық алды безі,бадана безі, ұма және еркектің жыныс мүшесі. Еннің құрылысы:топографиясы,жоғарғы және төменгі полюстері,шеттері,беттері,капсула,ортаңғы қабырғасы,мүшенің стромасы мен паренхимасы. Ен қосымшасының құрылысы:топографиясы,басы,денесі,құйрығы,бөліктері. Ұрық шығаратын шашатын жолдар,шәует қуықшасы. Ұма немесе ен қалтасы қабырғасының қабаттары.Еркектің жыныс мүшесі:негізі,денесі,басы, үңгірлі және кеуекті денелер.Үрпі тесігі.
Оқу материалы: муляждар, бүтін мүшелердің фиксацияланған препараттары, планшеттер, таблицалар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “Жыныс жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді пайдалана отырып жыныс жүйесі мүшелерінің құрылысымен таныс болу. Ең алдымен, жүйенің мүшелерінің ең маңыздылары гонадалар болып табылатынын еске түсіру керек.Еннің құрылысын зерттегенде жыныс жасушалары иірілген ,ұрық шығаратын шашатын жолдардың қабырғаларында түзілетіндігіне және бұл процесстің толқын түрінде өтетіндігіне көңіл аудару керек. Ұрық шығаратын шашатын жолдардың қабырғаларының күшті бұлшық ет қабатынан түзілгендігін, қуық алды безінің құрылысын зерттегендебезді ұлпалар негізінен мүшенің дорсалды,латералды бөліктерінде шоғырланғандығына көңіл бөлу керек.



Бақылау сұрақтары:

Аталық жыныс мүшелеріне жалпы сипаттама

Аналық жыныс мүшелеріне жалпы сипаттама

Еннің құрылысы

Ен қосымшасы,ұрық шығаратын шашатын жолдардың құрылысы

Шәует қуықшасы, қуық алды безі,бадана безінің құрылысы

Еркектің жыныс мүшелерінің құрылысы

Негізгі және қосымша түсініктер: Жыныс жүйесі, аталық жыныс мүшелері, сыртқы, ішкі жыныс мүшелері,ен,ен қосымшасы,ұрық шығаратын шашатын жолдар,спематогенді эпителий,1-ші ретті сперматоцит, 2-ші ретті сперматоцит,сперматида,сперматозоид,сустентоцит,гландулоцит,шәует қуықшасы, қуық алды безі,бадана безі, ұма, еркектің жыныс мүшесі, үңгірлі және кеуекті денелер,үрпі тесігі;

ОБСӨЖ № 19

Тақырыбы: Жыныс жүйесі. Аналық жыныс жүйесі

Сабақтың мақсаты: Студенттерді аналық жыныс жүйесінің мүшелерімен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, мүшелердің топографиясы мен, құрылысын меңгерту.

Сабақтың мазмұны: Жыныс жүйесі. Аналық жыныс мүшелері, сыртқы, ішкі жыныс мүшелері. Аналық жыныс жүйесі: аналық жыныс безі,бездің сағағы, жатыр түтіктері, жатыр ,қынап , әйелдің бәтек аймағы, клитор немесе шошақай және қызперде.Аналық жыныс безі,топографиясы,шеттері,беттері,қақпасы,қабаттары,мүшенің стромасы мен паренхимасы. Аналық жыныс жасушасы :жасуша типтері.Жатыр түтігі салпыншақтары , жатыр түтігі,жатыр қуысы.

Жатыр:топографиясы,түбі,денесі,мойны,шеттері,беттері,мойнағы,жатыр қуысы.

Қынап топографиясы,қабырғасының құрылысының ерекшеліктері, қынап тесігі .

Әйел бәтегінің аймағы, бәтектің үлкен жыныс ернеулері және кіші жыныс ернеулері ,қынаптың кіре берісі.


Оқу материалы: муляждар, бүтін мүшелердің фиксацияланған препараттары, планшеттер, таблицалар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “Жыныс жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді пайдалана отырып жыныс жүйесі мүшелерінің құрылысымен таныс болу. Ең алдымен, жүйенің мүшелерінің ең маңыздылары гонадалар болып табылатынын еске түсіру керек. Аналық жыныс безінің құрылысын зерттегендеөсіп жатқан фолликулдардың құрамында 1-ші ретті овоциттер болатындығына,жұмыртқаа жасушасына ол тек жатыр түтігінің ішіне енгеннен кейін ғана айналатындығына ,жатырды қарастырғанда эндометрийлің ерекшеліктерін байқау керек.



Бақылау сұрақтары:

Аналық жыныс безінің құрылысы

Әртүрлі ретті овоциттер,жұмыртқа жасушасы

Жатыр түтіктерінің құрылысы

Жатырдың құрылысы

Бездің сағағының құрылысы

Қынаптың құрылысы

Әйелдің бәтек аймағының құрылысы



Негізгі және қосымша түсініктер: Жыныс жүйесі, аналық жыныс мүшелері, сыртқы, ішкі жыныс мүшелері, аналық жыныс безі,бездің сағағы, жатыр түтіктері, жатыр ,қынап , әйелдің бәтек аймағы, клитор немесе шошақай қызперде,жатыр салпыншақтары , жатыр қуысы, қынап тесігі, бәтектің үлкен жыныс ернеулері және кіші жыныс ернеулері ,қынаптың кіре берісі,фолликул,Грааф көпіршігі, фолликулды жасуша,овоциттер ,фолликул қуысы,миометрий,эндометрий,периметрий,параметрий,бартолиний безі.

ОБСӨЖ № 20

Тақырыбы: Тамырлар жүйесі:Жүректің құрылысы

Сабақтың мақсаты: Студенттерді тамырлар жүйесінің компоненттерімен, мүшелерімен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, мүшелердің топографиясымен, құрылысын меңгерту,жүректі атап көрсете білуге ,оның бөлімдері мен деталдарын анықтауға үйрету

Сабақтың мазмұны:Тамырлар жүйесі:қан айналым жүйесіжәне сарысу жүйесі. Қан айналым жүйесі:жүрек ,артериялар мен веналар.Жүрек:оның топографиясы, қалыптасуы,сыртқы пішіні,беттері,шеттері,ұшы,негізі,веналық сайы,қапшығы(перикард) оның жапырақшалары,жүрек қабықтары:эпикард,миокард,эндокард

Миокард:жұмысшы бұлшық еттері,оның қабаттары, жүрек бұлшық еттерінің ерекшеліктері. Жүректің өткізгіш жүйесі:байламдар,шоқтар.Жүрекшелер , қарыншалар.Жүрек камералары:жүректің негізгі әкелуші және әкетуші тамырлары.Жүрекше-қарынша аралық тесіктер,олардың клапандары,қарынша-шығатын тамыр аралық клапандар,сіңірлі хордалар мен емізікше еттер.Жүректің жұмсақ қаңқасы туралы түсінік.



Оқу материалы: муляждар, жүректің және кейбір тамырлардың фиксацияланған препараттары, планшеттер, таблицалар, жүректің ашылып жабылатын моделі.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “Тамырлар жүйесі,жүректің құрылысы” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді пайдалана отырып тамырлар жүйесі мүшелерінің құрылысымен таныс болу. Жүректің құрылысын зерттегенде оның оң және сол бөліктері бір бірімен байланыспайтынын есте ұстап,қандай тамырлармен веналық қан жүрекке түсетінін атап, көрсете білу керек.Жүрек камераларының бір біріне қатысты орын ауыстыруларына жүрекшелер арасындағы қабырғаның сопақша шұңқырына көңіл бөлу керек.Эпикардты перикардпен шатастырмау керек .Миокардтың қабаттарына ,жүрек ұшының орналасуына көңіл бөлу керек . Мүшенің қанмен жабдықталуына аса көңіл бөлген абзал.



Бақылау сұрақтары:

Тамырлар жүйесіне жалпы сипаттама.

Жүрек мүше ретінде ,оның қанмен жабдықталуы және жүйкеленуі.

Жүректің құрылысы.

Жүре қабырғасының қабығы мен қабаттары.

Жүрек камералары

Жүректің негізгі тамырлары

Негізгі және қосымша түсініктер: Тамырлар жүйесі,қан айналым жүйесі,сарысу жүйесі,жүрек ,артериялар,веналар,жүректің ұшы,негізі,веналық сайы,перикард,жүрек қабықтары,эпикард,миокард,эндокард,

жұмысшы бұлшық еттері,өткізгіш еттер,,жүректің өткізгіш жүйесі,байламдар,шоқтар,жүрекшелер , қарыншалар,жүрек камералары,қарынша-шығатын тамыр аралық клапандар,сіңірлі хордалар мен емізікше еттер,жүректің жұмсақ қаңқасы .


ОБСӨЖ № 21

Тақырыбы: Тамырлар жүйесі:қан айналым шеңберлері

Сабақтың мақсаты: Студенттерді тамырлар жүйесінің компоненттерімен, мүшелерімен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, мүшелердің топографиясымен, құрылысын меңгерту, қан айналым шеңберлерін атап көрсете білуге ,оның бөлімдері мен негізгі тамырларын анықтауға үйрету

Сабақтың мазмұны: Қан айналымының кіші шеңбері –қан айналу жолы ,қан айналымының үлкен шеңбері –қан айналу жолы.Артериялар мен веналар микроциркулярлық ағыс,қабырғасының құрылысының жалпы принциптері,үш қабатты болуы және организмде орналасуы-сегментарлық,билатералды симметрия.Артериялар:бұтақтану тәсілдері,артериялардың жату тереңдігі,соматикалық және висцералдық артериялар,коллатералдар түзуі.Қабырғасының құрылысыбойынша артериялардың жіктелуі :эластикалық,етті және аралас типті артериялар.Үлкен шеңбердің негізгі артериялары:қолқа ,оның бұтақтануы,.Бас миының қанмен жабдықталуының ерекшеліктері артерияларды сақина.

Веналар саны жату тереңдігі,вена типтері,етті етсізтиптер, олардағы клапандардың болуы.”Шеткі жүректер туралы түсінік.Ерекшеліктері: қанды деполауға мүмкіндігі.Микроциркулярлық ағыс,артериолдар,прекапилляр ,капилляр,посткапилляр,венулалар,артериолды –венулалы анастомоздар.Нағыз гемокапилляр



Оқу материалы: муляждар, кейбір тамырлардың фиксацияланған препараттары, планшеттер, қан айналым шеңберлері көрсетілген таблицалар, жүректің және оған кіретін және шығатын тамырларымен көрсетілген ашылып жабылатын моделі.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “Тамырлар жүйесі, қан айналым шеңберлері” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді пайдалана отырып қан айналым шеңберлері тамырларының құрылысымен таныс болу. Қан айналым шеңберлерін зерттегенде әрбір шеңбердің жүректің екі қарыншасының бірінде басталып,қарама қарсы жүрекшеде аяқталатындығын еске сақтау қажет.Артериялар мен веналарды салыстырмалы түрде оқып үйренген тиімдірек. Артериялар мен веналарды шатастырмау керек. “Артериялар “мен “вена”түсініктері ондағы қанның құрамына байланысты еместігін ескерген абзал.Негізгі қан тамырларын атап,көрсетіп,қай шеңберге жататындығын анықтай білу керек.Үлкен шеңберлердің артерияларын оқығанда олардың бұтақталу,таралу схемасын құрастыру қажет.



Бақылау сұрақтары:

Қан айналым шеңберлері

Артериялар мен веналар ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Қан тамырлар жүйесінің артериялық компоненті

Қан тамырлар жүйесінің веналық компоненті
Үлкен шеңбердің негізгі тамырлары

Қолқа доғасының бұтақтары,қанмен жабдықтау облыстары.

Қолқаның көкірек бөлімінің тамырлары

Қолқаның құрсақ бөлімінің тамырлары

Бастың қанмен жабдықталуы.

Микроциркулярлық ағыс ,оның компоненттері



Негізгі және қосымша түсініктер: Жоғарғы ,төменгі қуысты веналар,өкпе бағанасы,артериялар,вена,қолқа,өрлеуші,төмендеуші қолқа ,қолқа доғасы, микроциркулярлық ағыс,кіші және үлкен қан айналым шеңберлері,эластикалық,етті және аралас типті артериялар,эластикалық мембрана, вена типтері,етті етсіз типтер,артериолдар,прекапилляр ,капилляр,посткапилляр,венулалар,артериолды –венулалы анастомоздар,коллатераль,перицит,синусоид,фенестр.
ОБСӨЖ № 22

Тақырыбы: Тамырлар жүйесі:сарысу жүйесі.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді сарысу жүйесінің компоненттерімен, мүшелерімен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, мүшелердің топографиясымен, құрылысын меңгерту,сарысу тамырларын негізгі өзектерді атап көрсете білуге ,оның бөлімдері мен негізгі тамырларын анықтауға үйрету

Сабақтың мазмұны: Сарысу жүйесі :даму ерекшеліктері,орталық мүшесінің болмауы,тұйықталмағандығы,асимметриялылығы,сыртқы ағыспен байланысы.Компоненттері:жасушааралық кеңістік,капиллярлар,тамырлар,бағаналар,ағындар,өзектер.Капилляр қабырғасының құрылыс ерекшеліктері,жүйенің тамырлы компоненттерінің организм бойынша таралуы.Негізгі бағандар:мойындырық,бұғанаасты,ішек ,бел,шажырақай бағандары.Өзектері:көкірек және оң жақ өзектер,сарысу жиналу облыстары.

Оқу материалы: муляждар, кейбір сарысу тамырларының фиксацияланған препараттары, планшеттер, сарысу тамырлары көрсетілген таблицалар, СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “Тамырлар жүйесі,сарысу жүйесі ” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді пайдалана отырып сарысу тамырларының, капиллярларының,өзектерінің құрылысымен таныс болу. Сарысу жүйесін зерттегенде бұл жүйенің байламдық бөлігі иммуногенез жүйесінің құрам компоненті болып табылатындығын еске сақтау қажет,сондықтан қан жасайтын және иммундық қорғаныс мүшелерімен бірге қарастырған жөн.Сарысудың бір бағытта ағатындығына көңіл бөліп, сарысу тамы8рларының вена тамырларымен ұқсастығына ,өкірек және оң жақ өзектің асимметриялы орналасқандығына көңіл бөлу керек.Микроциркулярлы ағыстың компоненттерін қарастырғанда,оның артериялық және веноздық компоненттерді ғана емес ,сонымен бірге сраысу жүйесін қан тамырлар жүйесімен байланыстыратынын еске ұстаған жөн.



Бақылау сұрақтары:

Сарысу жүйесіне жалпы сипаттама

Сарысу жүйесінің компоненттері

Сарысу капиллырының құрылысы

Сарысу тамырларының құрылысы

Сарысу бағандары,ағындаыны

Оң жақ және көкірек сарысу өзектері


Негізгі және қосымша түсініктер: Сарысу жүйесі, сарысу капиллярлары,сарысу тамыры,бағана,без,ағын,өзектер, мойындырық,бұғанаасты,ішек ,бел,шажырақай бағандары,оң жақ сарысу өзегі,көкірек өзегі.
ОБСӨЖ № 23

Тақырыбы: Қан жасайтын және иммуногенез мүшелері.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді қан жасайтын және иммундық қорғаныс мүшелерінің топографиясымен,пішінімен,құрылысымен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, оның бөлімдері мен негізгі ерекшеліктерін анықтай білуге үйрету

Сабақтың мазмұны: Лимфоидты ұлпа және иммундық жауапты жасушалар туралы түсінік.Қан түзетін және иммундық жүйе мүшелері:орталық және шеткі.Орталық мүшелер:қызыл сүйек кемігі мен айырша без.Қызыл сүйек кемігі:орналасу ерекшеліктері,ретикулярлы ұлпа мен әр түрлі даму кезеңдеріндегі гемоцитопоэтикалық жасушалар.Бағаналы жасушалар туралы түсінік.

Айырша без:орналасуы,беттері,оң және сол бөліктері,олардың пішіні,сыртқы капсула,трабекулалар.Строма мен паренхимасы,ерекшеліктері.Қыртыс және милы заттары,олардың көлемінің қарым қатынасының жасқа байланысты өзгеруі. Қыртыс заты:лимфобластар. Милы заты:кіші лимфоциттар және тақталы денелер.

Шеткі мүшелері:лимфа түйіндері көкбауыр,миндалиналар,лимфатикалық фолликулдар.Лимфа түйіндері: пішіні,орналасуы,сыртқы капсула,трабекулалар.Строма мен паренхимасы,ерекшеліктері әкелуші,әкетуші тамырлар,қақпасы.Қыртыс заты: лимфатикалық фолликулдар.Т-тәуелді паракортикалды аймақ.Милық заты:жұмсақ баулар,лимфатикалық синустар. Көкбауыр: орналасуы,беттері,шеттері,пішіні, капсула,трабекулалар.Строма мен паренхимасы,ерекшеліктері.Ақ пульпа: лимфатикалық фолликулдар

Қызыл пульпа,қанның жасушалық элементтері.Миндалиналар:таңдай,түтікті,тілдік,жұтқыншақтық: топография,көлемі.Криптылар,лимфатикалық фолликулдар.Жұтқыншақтың,өңештің,қарынның аш және тоқ ішектердің өт қабы,көмейдің ,ірі бронхылардың ,қуықтың.зәрағар түтіктің қабырғаларындағы лимфатикалық фолликулдар



Оқу материалы: муляждар, кейбір мүшелердің фиксацияланған препараттары, планшеттер, синтетикалық субстанцияларға салынған мүшелер,гистологиялық препараттар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “қан жасайтын және иммундық қорғаныс мүшелері” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді және гистологиялық таблицаларды пайдалана отырып осы жүйелердің мүшелерімен ,олардың құрылысымен таныс болу.Қызыл сүйек кемігінің мүше ретіндегі морфологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек.Бағаналы жасушалар туралы түсінік болу керек,және де қанның формендік элементтерінің барлық жетілген түрлерінің аттарын білу керек.Сондай-ақ иммулды жауапты жасушалар лимфоциттердің де қанның құрам бөлігі болып табылатындығын да білген абзал.Айырша бездің құрылысын қарастырғанда,оның стромасының құрамында ретикулярлы ұлпадан бөлек эпителиалды элементтер-эпителиоретикулоциттер болатындығын олардың гормон бөлетіндігін білген жөн.Айырша бездің негізгі қызметі-Т-лимфоциттерді жасау және оларды іске кірістіру екендігін білу керек.Лимфа бездерін қарастырғанда олардың лимфа тамырларының жолында орналасқандығына көңіл бөлу керек ,себебі олардың қызметі лимфаны В-лимфоциттерімен байыту .Көкбауырдың қанның құрамын әсіресе.эритроциттерді қадағалайтын мүше екендігін ұмытпау керек.

Студенттер қан жасайтын және иммунды жүйенің негізгі заңдылықтарын білуге тиіс: олардың жұмысшы паренхимасы лимфоидты ұлпадапн құралған,органеллалары эмбриогенезде ерте қалыптасады,орталық мүшелері қорғалған жерлерде орналасады,шеткі мүшелерінің құрамында лимфатикалық фолликулдар болады және олар сырттан бөгде заттар енуі мүмкін жерлерде орналасады.

Бақылау сұрақтары:

Қан айналым және иммуногенез мүшелеріне жалпы сипаттама

Қызыл сүйек кемігінің құрылысы

Айырша бездің құрылысы

Лимфа түйінің құрылысы

Көкбауырдың құрылысы.Миндалиналардың құрылысы

Лимфатикалық фолликулдың құрылысы

Қан айналым және иммуногенез мүшелерінің ерекшеліктері


Негізгі және қосымша түсініктер: Қан жасау,иммуногенез,қызыл сүйек кемігі,сары сүйек кемігі,бағаналы жасуша,строма,паренхима,лимфоидты ұлпа,ретикулярлы ұлпа,миелоидты ұлпа,темоцитопоез,эритроцит, гранулоцит,базофилды лейкоцит,нейтрофилды лейкоцит,эозинофилды лейкоцит,агранулоцит,моноцит,қан тақташасы,лимфоцит,В- лимфоцит,Т- лимфоцит,жасушалық иммунитет,гуморалды иммунитет,тимоцит,эпителиоретмкулоцит,тимопоэтин,пдазмоцит,макрофаг,қыртыс заты,милы заты,капсула,трабекула,гематотимустық барьер,тақташалы дене,қақпа,лмифатикалық фолликул,мантия аймағы,герментативті орталық,Т-тәуелді аймақ,шеткі,қақпалық,аралық синустар;ақ пульпа,қызыл пульпа,деполау,реутилдеу,миндалина ,криптілер,сілемейлі қабат,көп қабатты жазық мүйізденбейтін эпителий,көп қабатты эпитедий,таңдай,түтікті,тіл,жұтқыншақ миндалиналары,солитарлы лимфатикалық фолликул.

ОБСӨЖ № 24

Тақырыбы: Эндокринді жүйе.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді эндокринді жүйе мүшелерінің топографиясымен,пішінімен,құрылысымен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, оның бөлімдері мен негізгі ерекшеліктерін анықтай білуге үйрету және оларға APUD-жүйе туралы түсінік беру.

Сабақтың мазмұны:Эндокринді жүйе, ерекшеліктері,топографиялық шашыраңқылық,мүшелердің әржақты түзілуі,әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда жеке эндокринді жасушалар мен олардың жиынтықтарының болуы,шығару өзектерінің болмауы,жүйке және тамырлар жүйелерәмен тығыз байланысы.Бездердің шығу тегіне байланысты жіктелуі.Орталықмүшелері:гипоталамус,гипофиз,эпифиз.Гипоталамус:нейросекреторлы ядролық орталықтар.Гипоталамо-гипофизарлы жүйе гипоталамо-нейрогипофизарлы, гипоталамо-аденогипофизарлы жүйешелер.Гипофиз:топографиясы,шығу тегі,капсула,бөліктері.Аденогипофиз бөліктері,строма мен паренхима,жасушалық құрамы. Гипофизтәуелді бездер.Нейрогипофиз құрылыс ерекшеліктері:астроглиоциттердің және жүйке талшықтарының мол болуы,Херринг денешіктері,гормон аккумуляциялау қызметі.Эпифиз: топографиясы,шығу тегі,капсула,бөліктері, строма мен паренхима,жасушалық құрамы.Эпифиздің конкременттері.Негізгі гормондары,оларды бөлудегі циркадалық режим.Шеткі мүшелері.Қалқанша без топографиясы,шығу тегі,беттері,мойны,капсула,трабекула,бөліктері, строма мен паренхима.Структуралық-функционалдық бірлігі.Фолликулдың құрылысы.Жасушалық құрамы:тироциттер,парафолликулярлы жасушалар.

Қалқанша маңы безі топографиясы,шығу тегі,пішіні,капсула,трабекула, строма мен паренхима,жасушалық құрамы: басты және оксифилді жасушалар.Бүйрек үсті бездері: топографиясы,шығу тегі,пішіні,беттері,шеттері,капсула,трабекула, строма мен паренхима,қақпасы.Қыртыс заты мен милы заты: олардың аймақтары мен гормон сыныптары.Параганглиялар: топографиясы,шығу тегі,пішіні,капсула,секретінің табиғаты.Ұйқы безі:экзокринді бөлігі, топографиясы,шығу тегі,пішіні,капсула,трабекула, строма мен эдокринді бөліктің паренхимасы аралшық эндокриноциттері,беттері,шеттері.Ен эндокринді бөлігі: топографиясы,шығу тегі,пішіні,капсула,трабекула, беттері,шеттері.Аналық без: топографиясы,шығу тегі,пішіні,капсула,трабекула, беттері,шеттері строма мен паренхима.Диффузды нейроэндокринді жүйе – APUD,оны құрайтын жасушалар.



Оқу материалы: муляждар, кейбір мүшелердің фиксацияланған препараттары, планшеттер, синтетикалық субстанцияларға салынған мүшелер,гистологиялық препараттар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “ Эндокринді жүйе” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді және гистологиялық таблицаларды пайдалана отырып осы жүйелердің мүшелерімен ,олардың құрылысымен таныс болу.Ең бірінші кезекте бұл жүйенің ерекшелігі –шығару өзектерінің жоқтығына көңіл аудару керек.Бездердің шығу тегіне байланысты жіктелуін білу керек ,сондай-ақ орталық және шеткі мүшелер болып бөлінетіндігін де есте ұстау қажет.Типифизді қарастырғанда оның бөліктерінің шығу тегінің әртүрлігін,эпифизді оқығанда ,оның нақты тәуліктік гормон бөлуіне,қалқанша безді оқығанда,оның құрылымдық-қызметтік бірлігіне фолликулға назар аударып,қалқанша маңы безінің гормондары қалқанша безінің гормондарына антогонистік әсер ететіндігін есте сақтау керек.Студенттер параганглиялар мен бүйрек үсті безінің милы затының туыс екенлігін білу керек.Ұйқы безі мен жыныс бездерінің тек жартылай эндокринді мүше екендігін есте ұстау қажет. Диффузды нейроэндокринді жүйе – APUD,оны құрайтын жасушалар туралы түсініктің болуы өте маңызды,студенттер бұл жасушаларды атап беруі керек.


Бақылау сұрақтары:

Эндокринді жүйе мүшелеріне жалпы сипаттама

Эндокринді жүйе мүшелерінің жіктелуі

Нейросекреторлы гипоталамустың құрылысы

Аденогипофиздың құрылысы гипоталамо-аденогипофизарлы жүйеше

Нейрогипофиздың құрылысы гипоталамо-нейрогипофизарлы жүйеше

Эпифиздың құрылысы

Қалқанша бездің құр9ылысы

Қалқанша маңы безінің құрылысы

Бүйрек үсті бездерінің құрылысы

Ұйқы безінің құрылысы

Еннің және аналық бездердің құрылысы

APUD жүйе және параганглиялар туралы түсінік

Негізгі және қосымша түсініктер: Эндокринді жүйе, гормон,гипоталамус,гипофиз,эпифиз,нейросекреторлы жасуша,супраоптикалық,паравентрикулярлы,аркуатты ядролар,Херринг денешіктері, аденогипофиз,”тропты гормондар”,нейрогипофиз,окситоцин,вазопрессин, питуицит,гипоталамо-гипофизарлы жүйе гормон аккумуляциялау қызметі,эпифиз,пинеалоцит,қалқанша без,фолликул,коллоид,тиреоцит,парафолликулярлы жасушалар,

қалқанша маңы безі,паратиреоцит,бүйрек үсті бездері,қыртыс заты ,милы заты,параганглиялар,ұйқы безі,панкреоцит,ен, сустентоцит,гландулоцит,аналық без,сары дене, лютеоцит, APUD жүйе.



ОБСӨЖ №25

Сабақтың тақырыбы:

Жүйке жүйесі

Жұлынның құрылысы.

Сабақтың мақсаты:Студенттерді жұлын мен оның құрылымдарын,оның ақ заты мен сұр затын, ми қабықтарын атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету, сонымен бірге жұлын жүйкелерінің қалыптасуы ,олардың бұтақтануы,жүйке тарамдары мен жүйкелену облыстары туралы айта білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Жүйке жүйесі оның бөлімдерге бөлінуі.Жұлын –орталық жүйке жүйесінің бөлімі ретінде.Морфологиялық сипаттамасы: орналасуы,ұзындығы,диаметрі. Жұлынның бөлімдері: нағыз жұлын,ми конусы,терминалды жіпше,қуыс және сайлар. Ми қабықтары:қатты,өрмек,тамырлы; олардың арасындағы кеңістік,тіс тәрізді байламдар.

Жұлынның көлденең кесіндісіндегі құрылысы .Сұр заты,орналасуы, бөлімдері.Ретикулярлы формация және ядролық орталықтар,ядролардың мысалдары. Ақ зат орналасуы, бөлімдері . Жұлынның әртүрлі деңгейлеріндегі ақ заты мен сұр затының пішіндері және қатынасы. Жұлынның сегменті туралы түсінік; сегменттердің саны, олардың бөлімдерге бөлінуі. Жұлынның бөлімдері бойынша қатынасы. Жұлынның мүйіздері туралы түсінік. Нейрондардың функционалдық үш типі.Үшмүшелі соматикалық рефлекторлы доға туралы түсінік. Жұлынның жүйкелері олардың қалыптасуы,табиғаты.Өрімдер: мойын,иық,бел,сегізкөз.



Оқу материалы: Жұлынның жасанды муляжы, планшет тер, таблицалар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Неврология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, муляж дар мен планшет тердегі жұлынның бөлімдері мен құрылымдарын қарап шығу керек. Студенттер жұлынның құрылысын көз алдарына нақты елестете білу керек. Жұлынның жуандауларын қарастырғанда олардың жүйкелендіруге байланыстылығын ұмытпау керек. Нағыз жұлын төменгі шекарасы майдан өтетіндігіне көңіл бөлу керек. Жұлынның сегменттерінің омыртқа жотасының бөлімдері мен қарым қатынасына көңіл бөліну қажет. Жұлынның қабықтары:қатты,өрмек,тамырлы қабықтарын қарастыру керек.Бес түрлі сайды көрсете біліп,вентралды тес ікті көрсету керек. Жұлынның дорсалды,вентралды,латералды мүйіздерін көрсетіп, олардың тек жұлынның белгілі бір сегменттерде ғана болатындығына көңіл бөлінуі керек



Бақылау сұрақтары:

Жүйке жүйесі оның бөлімдерге бөлінуі

Жүйке ұлпасы оның компоненттері.

Нейроглия ,оның түрлері ,қызметі.

Нейрондардың құрылысы.

Нейрондардың типтері.

Сұр зат, ретикулярлы формация ,ақ зат туралы түсінік

Жүйке талшықтары туралы түсінік

Жұлынның жалпы сипаттамасы.

Жұлынның қабықтары,байламдары, қарыншалары.

Соматикалық рефлекторлы доға туралы түсінік

Жұлынның сегменті туралы түсінік

Жұлынның жүйкелері.
Негізгі және қосымша түсініктер: орталық жүйке жүйесі ,ми конусы ,терминалды жіпше, қатты,өрмек,тамырлы қабықтар,бағана, жүйке жүйесі,жүйке ұлпасы ,нейроглия,нейрон ,аксон,талшық,эндоневрий,периневрий,эпиневрий,сұр зат, ақ зат, ретикулярлы формация ,ядролық орталық,мүйіз,тамырша,орталық өзек,ақ байлам,өткізгіш жолдар,сегмент,рефлекторлы доға,жұлын ганглийі,жұлын жүйкесі,өрім.

ОБСӨЖ №26

Сабақтың тақырыбы:

Жүйке жүйесі

Бас миы .Сопақша ми .Артқы ми. Ортаңғы ми

Сабақтың мақсаты:Студенттерді бас миы оның бөлімдерінің атын атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға оның негізгі құрылымдарының анатомиялық құрылысының деталдарын біліп,және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету, сонымен бірге ми бөлімдерінің қалыптасуы туралы айта білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Орталық жүйке жүйесі: бас миы ның жалпы сипаттамасы. Оның бөлімдерге бөлінуі.Ми бағанасы туралы түсінік.Үлкен ми туралы түсінік.

Сопақша ми орналасуы,қуысы ,сайлары, негізгі құрылымдары, нәзік және сына тәрізді шоқтар жіп тәрізді денешіктер, заты. Ретикулярлы формация ,кейбір бассүйек ми жүйкелерінің орталықтары . . Ақ зат өзіндік өткізгіш шоқтар.4-ші қарыншаның қуысы,оның құрылысы.

Артқы ми:мишық және көпір.Мишықтың құрылысы. Құрт, жарты шарлар, саңылаулар,сайлар.; бөліктер,жапырақшалар. Ми иірімдері туралы түсінік.Сұр заты ядролық орталық .қыртысы.Қыртыстың құрылысы. . Ақ зат Мишықтың аяқтары: төменгі ортаңғы және жоғарғы Ромб тәрізді шұңқыр.

.Ортаңғы ми : шатырының тақташасы,,ми аяқтары.Төрт төмпешіктің төмпешіктері: жолғарғы және төменгі Ортаңғы мидың сұр заты төмпешіктері нің ядролары.Орталық сұр зат, қызыл ядролар, қара субстанция,3,4-ші ми жүйкелерінің орталықтары. . Ақ зат ы. Қуысы- ми суағары.

Оқу материалы: Бас миының жасанды муляжы,бас миының фиксацияланған препараты, бас миының фиксацияланған кесіндісі,планшет тер, таблицалар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Неврология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, муляж дар мен планшеттердегі бас миының бөлімдері мен құрылымдарын қарап шығу керек. Студенттер бас миының құрылысын көз алдарына нақты елестете білу керек. Бас миының бөлімдерін қарастырғанда олардың шекараларын бас миының сагитталды кесіндісінде таба білу керек.Ромб тәрізді шұңқыр мен оның түбі 4-ші қарыншаға, олардың 5-12 жұп ми жүйкелерінің орталықтары екендігіне ерекше көңіл аудару керек.Мишықтың аяқтарына,жарты шарларының ішіндегі ақ затқа көңіл бөлу керек.

Ортаңғы ми кесіндісінде қызыл ядролар мен төмпешіктерге көңіл бөлінуі керек
Бақылау сұрақтары:

Бас миының жалпы сипаттамасы.

Ми бағанасы туралы түсінік.

Үлкен ми туралы түсінік.

Сопақша мидың құрылысы

Артқы мидың құрылысы

Мишық және көпір

Мишықтың құрылысы.

Ромб тәрізді шұңқыр.

Ортаңғы мидың құрылысы


Негізгі және қосымша түсініктер: бас миы ,сопақша ми ,артқы ми ортаңғы ми,ми бағанасы, үлкен ми, нәзік және сына тәрізді шоқтар, жіп тәрізді денешіктер ,пирамида,4-ші қарынша,Ромб тәрізді шұңқыр,құрт,жарты шарлар, саңылаулар,сайлар,ми иірімдері, ядролық орталық, .қыртыс, мишықтың аяқтары шатырының тақташасы,төмпешіктер,орталық сұр зат, қызыл ядролар, қара субстанция,ми суағары.
ОБСӨЖ №27

Сабақтың тақырыбы:

Жүйке жүйесі

Бас миы.Аралық және соңғы ми

Сабақтың мақсаты:Студенттерді бас миы және оның аралық және соңғы ми бөлімдерінің атын атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға оның негізгі құрылымдарының анатомиялық құрылысының деталдарын біліп,және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету, сонымен бірге аралық және соңғы ми бөлімдерінің қалыптасуы туралы айта білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Орталық жүйке жүйесі: аралық және соңғы ми. Аралық ми негізгі құрылымдары.Көру миы: таламус,эпиталамус,метаталамус. Эпиталамус:эпифиз жетектер,үшбұрыштар. Метаталамус :медиалды және латералды тізелі денелер.Гипоталамус :емізікті денешіктер,сұр төмпек,воронка гипофиз.Негізгі нейросекреторлы ядролық орталықтар. Гипоталамогипофизарлық жүйе 3-ші қарынша. Көру жүйкесінің ядросы.

Соңғы ми:ми жабындысы ,жолақты дене.Жарты шарлары: саңылаулары,полюстері,негізгі сайлары,бөліктері.Қыртыс:қабаттары,ауданы.,нейрон саны. Лимбиялық жүйе туралы түсінік.Соңғы мидың ақ заты:капсулалар және өткізгіш шоқтар.Бүйір қарыншалары,олардың мүйіздері.1-ші ми жүйкесінің орталығы.

Оқу материалы: Бас миының жасанды муляжы,бас миының фиксацияланған препараты, бас миының фиксацияланған кесіндісі,планшет тер, таблицалар.
СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Неврология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, муляж дар мен планшеттердегі бас миының аралық және соңғы ми бөлімдері мен құрылымдарын қарап шығу керек. Студенттер көру миы деген түсінікті нақты елестете білу керек. Аралық және соңғы ми бөлімдерін қарастырғанда олардың шекараларын бас миының сагитталды кесіндісінде таба білу керек.Гипоталамустың нейросекреторлы ядролық орталықтарына ерекше көңіл аудару керек. Гипоталамогипофизарлық жүйені қарастырғанда оның жүйке және эндокринді жүйені байланыстырушы звено екендігіне көңіл бөлу керек.

Соңғы ми құрылымдарын қарастырғанда жарты шарларға ғана емес,ми жабындысына да ,жолақты денеге де көңіл бөлінуі керек

Бақылау сұрақтары:

Аралық мидың құрылысы

Көру миының құрылысы

Гипоталамустың құрылысы

Соңғы мидың жалпы сипаттамасы

Соңғы ми жарты шарларының құрылысы

Соңғы мидың базалды ядролары

Соңғы мидың ақ заты

Мидың қарыншалары олардың қабықтарының ерекшеліктері

Негізгі және қосымша түсініктер: Көру миы таламус,эпиталамус,метаталамус,гипоталамус ,емізікті денешіктер,сұр төмпек,воронка ,гипофиз,гипоталамогипофизарлық жүйе,ми жабындысы ,жолақты дене, лимбиялық жүйе,бүйір қарыншалары,гипокамп,палеокортекс, археокортекс,цитоархитектоника.

ОБСӨЖ №28

Сабақтың тақырыбы:

Жүйке жүйесі

Шеткі жүйке жүйесі

Сабақтың мақсаты:Студенттерді шеткі жүйке жүйесінің компоненттерініңжәне вегетативті жүйке жүйесінің атын атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға оның негізгі құрылымдарының анатомиялық құрылысының деталдарын біліп,және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету, сонымен шеткі жүйке жүйесі бөлімдерінің қалыптасуы туралы айта білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Шеткі жүйке жүйесі ,оның ерекшеліктері.Рецепторлар жұлын өрімдері, ми жүйкелері, вегетативті ганглийлер. Вегетативті жүйке жүйесі: жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері Симпатикалық бөлігі:орталық бөлімі, жұлынның летералды мүйіздеріндегі нейрондар,шеткі бөлімі преганглионарлық және постганглионарлық талшықтар.Парасимпатикалық бөлігі:орталығы ,көпір,ортаңғыми,сопақша ми және жұлынның сегізкөз бөлімі алдыңғы мүйіздеріндегі орталықтар.Шеткі бөлімі преганглионарлық және постганглионарлық талшықтар ;интрамуралды және экстрамуралды ганглийлер.Әрбір бөлігінің өзіне тән ерекшеліктері.

Вегетативті рефлекторлы доға туралы түсінік

Оқу материалы:Планшет тер, таблицалар.жұлынның жүйкелері кескінделген муляждар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Неврология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, муляж дар мен планшеттердегі шеткі жүйке жүйесі және вегетативті жүйке жүйесі құрылымдарын қарап шығу керек. Студенттер еткі жүйке жүйесі көз алдарына нақты елестете білу керек, және әрбір жүйкенің аттарын жатқа білу керек .Вегетативті жүйке жүйесін қарастырғанда олардағы импульстің өту бағыттарын білу қажет.Парасимпатикалық ганглийлердің тізбектеле орналасқандығына және өрімдердің барлығына ерекше көңіл аудару керек. Парасимпатикалық бөлігінің орталық нейрондарының ми және жұлын бөлімдерінде орналасқандығына көңіл бөлу керек.



Бақылау сұрақтары:

Шеткі жүйке жүйесі бөлімдері

Вегетативті жүйке жүйесі

Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық бөлігі:

Вегетативті жүйке жүйесі парасимпатикалық бөлігі

Преганглионарлық және постганглионарлық талшықтар

Интрамуралды және экстрамуралды ганглийлер
Негізгі және қосымша түсініктер:Шеткі жүйке жүйесі , ми жүйкелері,вгетативті ганглийлер,вегетативті жүйке жүйесі,импатикалық бөлігіпреганглионарлық және постганглионарлық талшықтар.Парасимпатикалық бөлігіинтрамуралды және экстрамуралды ганглийлер.Вегетативті рефлекторлы доға
ОБСӨЖ № 29

Тақырыбы: Сезім мүшелері

Сабақтың мақсаты: Студенттерді сезім мүшелерінің:көру,есту,тепе-теңдік,иіс,дәм сезу мүшелерінің топографиясымен,пішінімен,құрылысымен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, оның бөлімдері мен негізгі ерекшеліктерін анықтай білуге үйрету,тері сенсорлық жүйенің жүйенің рецепторларын жіктей білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны:Сезім мүшелері туралы түсінік, олардың компоненттері.Анализаторлар туралы түсінік, олардың компоненттері. Сезім мүшелерінің жіктелуі.

Көру органдары,негізгі және қосымша мүшелері.Көз алмасы:диаметрі,полюстері,осі, қабаттары, және ядросы.Қабықтары: Сыртқы тығыз талшықты ( фиброзды),оның бөліктері- склера және ақ қабық (мүйізді қабық);ортаңғы тамырлы қабық оның бөліктері алдыңғы - нұрлы, ортаңғы – кірпікті дене, артқы – меншікті тамырлы қабықтар. Нұрлы қабық: қарашық тесігі,кірпікті дене

Кірпікті дене біріңғай салалы ет ұлпасы , көз бұршағының пішінін өзгертіп, көздің көруін икемдеуіТорлы қабық, көру жүйкесі.Көз алмасының ішкі ортасы: көз бұршағы қоймалжың келген шыны тәрізді дене, “ аккомодация ”Көру органының қосымша аппараттары: қабақ, кірпік және көз жас безі. Қабақ :жоғарғы жоғарғы және төменгі қабақтар,кірпіктер. Көз жасының аппараты. Көздің бұлшық еттері : тік, қиғаш еттер .

Есту мүшесі:сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ.Сыртқы құлақ: құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы .Ортаңғы құлақ: дабыл қуысы, есту сүйекшелері және есту түтігі

Ішкі құлақ немесе сүйекті лабиринт бөліктері:Орталық – кіреберіс, ұлу, иірім каналдар.Ұлу :“кіреберіс сатысы”, дабыл сатысы.Корти мүшесі.

Тепе-теңдік сақтау мүшесі:жартылай дөңгелек каналдардың жарғақтары жасушалық құрамы,сезгіш жасушалармен әрекеттесетін құрылымдар, кіреберіс- ұлу жүйкесі,

Дәм анализаторы. Дәмді қабылдайтын рецепторлар -дәм емізікшелері, құрылысы,орналасуы,жүйкеленуі.

Иіс анализаторы. Мұрын қуысының кілегей қабықшасының жоғарғы бөлігінде орналасуы,иіс жасушаларының пішіні, иіс жүйкелері

Тері анализаторы. Тері рецепторлары:бос және бос емес ұштары.Жанасып сезуді қамтамасыз ететін құрылымдар.
Оқу материалы: муляждар, планшеттер, көздің, құлақтың ашылып –жабылмалы пластмасса модельдері,мүшелер бейнеленген таблицалар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “Сезім мүшелері” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді пайдалана отырып муляждар мен планшеттерлегі сезім мүшелерінің бөлімдері мен детальдарын табу керек .Анализаторлар жөнінде нақты түсінік болып, оның басты компоненті үлкен мидың белгілі бір бөлігі екендігі,және анализатордың басты бөлігі рецептор екендігі есте болу керек .Көру мүшесін оқып үйренгенде кірпікті дененің құрылысына ерекше назар аудару керек,себебі,оның бұлшық еттері цинн тарамыстарымен бірге көздің аккомодациясын жүзеге асырады.Торлы қабықты қарастырғанда фоторецепторлақ жасушалар таяқшалар мен колбаларға ғана емес көру жүцкесін түзетін биполярлы және ганглиозды жасушаларға да көңіл аудару керек .Студенттер сары дақтың неліктен ең жақсы көру аймағы болып табылатындығын білуі керек .Есту мүшесін оқып үйренгенде, ұлу каналында орналасқан негізгі мембрана құрылымдарына ,дыбыс толқынының қалайша жүйке импульсіне айналатындығына,отолит аппаратының ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек.Дәм сезу мүшелерін қарастырғанда олардың тіл емізікшелерімен байланысыты ерекшеліктеріне тілдің ,таңдайдың ,жұтқыншақ пен жұтқыншақ қақпағында орналасуларын ескерген абзал.Иіс сезу мүшелерін қарастырғанда иіс жасушаларына және олардың лимбиялық жүйемен байланысына көңіл аудару керек .



Бақылау сұрақтары:

Анализаторлар және олардың компоненттері

Сезім мүшелері , олардың компоненттері.

Сезім мүшелерінің жіктелуі

Көру мүшесінің құрылысы

Тор қабықтың үшнейронды торы

Көз алмасының жарық сындыру орталары

Есту мүшесінің құрылысы

Тепе-теңдік мүшесінің құрылысы

Дәм сезу мүшесінің құрылысы

Иіс сезу мүшесінің құрылысы

Негізгі және қосымша түсініктер: Сезім мүшелері ,анализаторлар ,көру органдары,көз алмасы,қабықтары: склера,ақ қабық (мүйізді қабық); тамырлы қабық, кірпікті дене, меншікті тамырлы қабық,нұрлы қабы,: қарашық тесігі,сары дақ,орталық шұқырша,соқыр дақ,

көз бұршағы , шыны тәрізді дене, сулы дене,камералар, “ аккомодация ” қабақ, кірпік, көз жас безі,жоғарғы және төменгі қабақтар,кірпіктер. Көз жасының аппараты. Көздің бұлшық еттері : тік, қиғаш еттер ,коньюктива,сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы ,ортаңғы құлақ: дабыл қуысы, есту сүйекшелері,балғаша ,төсше,үзеңгіше, есту түтігі,ішкі құлақ сүйекті лабиринт,жарғақты лабиринт,кіреберіс, ұлу, иірім каналдар,ампула,негізгі,жабынды,вестибулярлы мембраналар,дақ, перилимфа,эндолимфа,отолит аппараты,дәм емізікшелері, дәм шұңқыры,иіс сезу аймағы.


ОБСӨЖ № 30

Тақырыбы:Тері жабынының құрылысы

Сабақтың мақсаты: Студенттердітері жабыны мен оның туындыларыныңқұрылысымен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, оның бөлімдері мен негізгі ерекшеліктерін анықтай білуге үйрету

Сабақтың мазмұны:Тері- құрылысы микроморфологиялық деңгейде зерттелетін ерекше мүше.Тері:эпидермис және дерма.Эпидермис: бес қабатты жасушалардан тұратын көп қабатты жазық эпителий;дерма:емізікті және торлы қабаттары.Тері асты майлы клетчатка.Терінің туындылары:түктер,тырнақтар,бездер.Түк:түбірі және өзегі;түбірі :сыртқы және ішкі қынаптардан түзілген түк фолликулы;емізікшесі және матриксы бар түк баданасыТүк өзегі:милы және қыртысты заттары,кутикула.Түк тің типтері:ұзын ,түбітті,қабыршақты.Тырнақ:түбірі,денесі,еркін шеті.Терінің бездері:тер,май,сүт бездері.Тер безі:құрылысының түтікті болуы,секреторлы бөлімі және шығару өзегі; апокринді және мерокринді бездер ,олардың бір бірінен айырмашылықтары.Май безі :құрылысының альвеолярлы типті болуы,секреторлы бөлімі және түкпен байланысты шығару өзегі.Сүт безі:топография,еркектерде және әйелдерде даму дәрежесі; емшек маңы шеңбері және сүт өзектері бар емшек.бөліктер,аралақтар.өзектер жүйесі:бөлік ішілік,бөлікаралық,синустары бар радиалды.

Оқу материалы: муляждар, планшеттер, гистологиялық препараттар,терінің және оның туындыларының суреттері көрсетілген таблицалар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “Терінің құрылысы мен қызметі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді және гистологиялық таблицаларды пайдалана отырып терінің және оның туыдыларының құрылысымен таныс болу.Терінің мүше ретіндегі микроанатомиялық құрылысымен гистология пәніне арналған әдебиеттерден танысып шығуға болады.Түктің құрылысын қарастырғанда оның өзегігің көлбей орналасқандығына ,түкті көтеретін бұлшық еттің барлығына,май безінің барлығына көңіл бөлу керек.Тер безінің құрылысын қарастырғанда экзокриоциттермен көрші орналасқан миоэпителиалды жасушаларға мән беріу керек.Сүт безінің құрылысын қарастырғанда ,оның түр өзгерткен тер безі бола тұра,оның құрылысының функционалдық жағдайға байланысты өзгеріп тұратынын, ал ол жағдай гормондармен бақыланып,әйелдің жыңыс жүйесіндегі өзгерістермен корреляциялық байланыста болатындығын естен шығармау керек.



Бақылау сұрақтары:

Тері жабынына жалпы сипаттама

Терінің құрылысы

Түктің құрылысы

Тер және май бездерінің құрылысы

Сүт безінің құрылысы


Негізгі және қосымша түсініктер: Жлпы тері жабыны,тері эпидермис,көп қабатты мүйізденетін эпителий,базалды мембрана,меланоцит,тікенекті қабат,дәнді қабат,кератогиалин,жалтыр қабат,элеидин,мүйізді қабат,дерма,емізікті қабат,айдаршыа,папиллярлы өрнек,торлы қабат,тері асты клетчаткасы,май ұлпасы,түк,түбірі,фолликул,қынады,көтеретін ет,бадана,өзек,милы және қыртыс заттар,тырнақ,түбірі,денесі,еркін шеті,тер безі,эндокниноцит,миоэпителиоцит,мерокринді без,апокринді без;май безі,себоцит,сүт безі,емшек,емшек маңы шеңбері,сүт тесіктері,сүт синусы,альвеола,лактоцит.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

“Сырдария” университеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет